Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

Елімізде араб тілін үйренуге қандай мүмкіндік жасалған

Елімізде араб тілін үйренуге қандай мүмкіндік жасалған

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Сұлтан ибн Абдулазиз Әл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасы аясында «Араб тілі апталығы. Орталық Азия / Қазақстан» халықаралық апталығы «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі араб тілін үйретудің ерекшеліктері» атты іс-шараның ашылу салтанаты өтті. 

Халықаралық апталықтың ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, профессор Жансейіт Түймебаев, Қазақстандағы Сауд Арабиясы Корольдігі Елшілігінің үшінші хатшысы, Түрки әл-Мәлики, Сұлтан бен Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қорының бас директорының орынбасары, доктор Абдулазиз әл-Мақуши мен қордың кейінгі операциялар бөлімінің бастығы, доктор Сүлейман әл-Омари, ИСЕСКО ұйымының өкілі, доктор Анас Хусам ан-Нуайми, дінтанушы, исламтанушы және шығыстанушы ғалымдар, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Жиынды Философия және саясаттану факультетің деканы философия ғылымдарының кандидаты, профессор Бекжан Мейірбаев  ашып, семинардың өзектілігіне тоқталды.

«Бұл жоба Қазақстан мен Ислам әлемі арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты тереңдетіп, араб тілін рухани және ғылыми интеграцияның маңызды құралы ретінде дамытуға бағытталған. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы – ИСЕСКО ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ИСЕСКО ұйымымен бірнеше жылдан бері қарым-қатынас орнатып келеді. Бүгінгі Орталық Азия, соның ішінде Қазақстандағы «Араб тілі апталығы» қазіргі кезде мамандар үшін өзекті тақырыпқа, яғни «Исламтанулық және дінтанулық зерттеулерді жүргізудегі  араб тілін үйретудің ерекшеліктеріне» арналып отыр. Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан Орталық Азия, Қазақстандағы Араб тілі апталығы біздің мамандардың тілдік машығын жетілдіре отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ИСЕСКО арысындағы байланысты тағы да тереңдете түседі деген ойдамыз», - деді декан. 

Жиын барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Бас хатшысының орынбасары Бақберген Қойшыбаев «Араб тілін меңгеру ғылым мен өркениетті байланыстыратын алтын көпір. ИСЕСКО аясында 2023 жылдың 11-12 қазанында Марокконың Рабат қаласында Әл-Фарабидің мұрасын ұлықтауға арналған «Адамзат тарихына әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты I халықаралық конференциясында ҚазҰУ арасында  ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Шара барысында ҚазҰУ-дың әл-Фараби орталығы ұйымдастырған Шығыс ойшыл жайлы жазылған еңбектер мен фотокөрме өткеніне куә болдық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ИСЕСКО арасындағы байланыстың белсенді жалғасып, ортақ шаралардың жемісті болуына тілектеспіз» дей отырып, басталған семинардың жемісті болуына тілектестігін білдірді. 

Сұлтан бин Абдулазиз Әл Сауд қайырымдылық қоры бас директорының орынбасары Доктор Абдулазиз әл-Мақуши мырза осы маңызды шараның ашылуымен құттықтады.

«Сауд Арабиясы мемлекетінің гуманитарлық ғылымдарға бағытталған көптеген жобаны үйлестіруде өзінің орны бар. Бұл жоба көптеген мемлекеттік және жекеменшік тарап көмегімен жүзеге асырылды. Сауд Арабиясы мемлекекетінің бұл қоры көп жылдан бері араб емес ортаға арналған оқытушыларға және шәкірттерге көптеген бағдарлама ұсынды. Мұндай іске көңіл бөлудің негізгі себебі араб тілі өркениетті мемлекеттер арасындағы байланыс деп білеміз. Осы ана тілі араб емес тұлғаларға арналған курстарды бекіту туралы алғашқы шешім Париж қаласында қабылданған. Біздің қор бағдарламаларды даярлауда араб тілін үйренушілерге курс ұсынуда белгілі бір әдістемеге сүйенуді мақсат етті. Сондай-ақ, ЮНЕСКО ұйымы аясындағы талаптарға сәйкес білім беруді жетілдіре түсеміз. Орта Азия елдеріне арналған білім беру бағдарлмамаларын жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз» деп атап өтті. 

ИСЕСКО ұйымының өкілі, осы шарамыздың басты координаторы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының серіктесі Доктор Анас Хусам ан-Нуайми жобаның ерекшелігі туралы айтты. 

«Ислам əлемінің білім, ғылым жəне мəдениет ұйымы – ИСЕСКО бас директоры, мəртебелі доктор Салем бин Мұхаммед əл-Мəлік мырзаның атынан сөйлей отырып, Қазақстан Республикасына, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне, ИСЕСКО жəне Сұлтан бин Абдулазиз Əл Сауд қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, осы ерекше бағдарламаны — «Сұлтан бин Абдулазиз Əл Саудтың халықаралық тілдік дайындық бағдарламасын» ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Міне, бүгін біз бұл бағдарламаның үшінші кезеңінің Қазақстанда басталуына куə болып отырмыз. Осы игі, пайдалы, мағыналы бағдарламаның табысты өтуіне еңбегі сіңген баршаға жүрек жарды алғысымызды білдіреміз. Бұл бағдарлама араб тілін оқыту мен қолдауда болашақтағы жаңа ынтымақтастықтарға қайырлы бастау болсын деп үміттенеміз. Себебі білім беру үдерісі ұстаз, шəкірт жəне ғылыми-əдістемелік негізделген оқу мазмұнынсыз толық болмайды. Бағдарлама араб тілін интерактивті тəсілмен оқытуды негізге алады жəне тілдің төрт дағдысын толық қамтиды: тыңдау, сөйлеу, оқу жəне жазу. Бұл əдістеме Сауд Арабиясында жəне өзге елдерде, соның ішінде Орталық Азияда өтетін алдыңғы екі кезеңде жоғары бағаға ие болды. Біз бұл игі бастаманың Қазақстанда да жалғасарына үміттенеміз. Ислам əлемінің білім, ғылым жəне мəдениет ұйымы – ИСЕСКО, өз құрамындағы 54 мүше мемлекетпен бірлесе отырып, араб тіліне əрқашан айрықша мəн беріп келеді. Ұйым араб тілін сақтау, дамыту жəне оны əлемдік деңгейде таныту үшін жекелеген де, халықаралық серіктестік негізінде де көптеген бағдарлама мен ғылыми-ағартушылық жобаларды жүзеге асырды. Бұл жобалардың қатарында мыналар бар: 

Біріншіден, араб тілін өзге тілділерге оқытатын мамандарға арналған семинарлар мен оқу курстары жобасы. ИСЕСКО соңғы қырық жыл ішінде жеке немесе осы салаға мүдделі мекемелермен бірлесе отырып, араб тілін өзге тілділерге үйрететін мұғалімдерге арналған 270-тен астам семинар мен практикалық курс ұйымдастырды. Бұл бағдарламалардан сегіз мыңнан астам ұстаз бен маман пайда көрді.

Екіншіден, араб тілін оқыту бағдарламаларын қолдау жəне араб тілі оқытушыларын жіберу жобасы. ИСЕСКО өткен онжылдықтар ішінде ислам əлеміндегі жəне одан тыс аймақтардағы араб жəне ислам білім беру ұйымдарына техникалық жəне материалдық қолдау көрсетіп, араб тілін оқытатын 900-ге жуық маманды, 29 мемлекеттен оқу орындары мен орталықтарға қызметке жіберді. 

Үшіншіден, араб тілі бойынша халықаралық конференциялар, симпозиумдар жəне ғылыми форумдар жобасы. ИСЕСКО өзі немесе серіктес ұйымдармен бірлесе отырып, араб тіліне қатысты алпысқа жуық халықаралық конференция мен ғылыми жиын өткізді. Солардың соңғысы — 2024 жылғы мамыр айында Катардағы Доһа тарихи сөздігі орталығымен бірлесе өткізілген «Сөздіктер жəне олардың ана тілі мен өзге тілділерге араб тілін оқытудағы қолданысы: бағалау жəне дамыту» атты халықаралық форум. 

Төртіншіден, араб тілін өзге тілділерге оқыту əдістемесі бойынша ИСЕСКО-ның ғылыми басылымдары. ИСЕСКО өз бетінше немесе араб жəне ислам ұйымдарымен бірлесе отырып, араб тілін өзге тілділерге оқыту саласындағы жетекші ғалымдар жазған құнды еңбектер мен арнайы зерттеулер серияларын жарыққа шығарды.

Оқу бағдарламаларын əзірлеу, бағалау жəне əдістемелік жетекшілік ету мəселелерін қамтитын осы басылымдардың жалпы саны 85 еңбекке жетті.

Бесіншіден, ұлттық педагогикалық орталықтар мен оқу-хабтар құру жобасы: ИСЕСКО араб тілін өзге тілділерге үйрету саласындағы педагогикалық тəжірибені жергілікті деңгейде дамыту мақсатында бірқатар ислам елдерінде арнайы ұлттық оқу жəне оқыту орталықтарын құруды қолға алды. 

Қазіргі таңда Чад жəне Малайзияда екі орталық, Өзбекстан, Бенин жəне Нигерияда үш өңірлік оқу хабы, Гвинея мен Ресей Федерациясында екі университеттік кафедра, сондай-ақ Комор аралдарында ИСЕСКО педагогикалық орталығы ашылды.

Алтыншыдан, тілдік жəне мəдени байқаулар жобасы. ИСЕСКО араб тілін үйренуге ынталандыру мақсатында бірқатар халықаралық байқау ұйымдастырды.

Атап айтқанда, «Баян» шешендік сайысы, араб əдеби тілі бойынша цифрлық контент əзірлеу байқауы жəне араб тілін ана тілі ретінде білмейтіндерге арналған «ИСЕСКО-ның жас дикторы» байқауы. Жоғарыда айтылғандар араб тілін дамыту жолында ИСЕСКО жүзеге асырып отырған жұмыстың аз ғана бөлігі. Бұл бастамалар жедел өзгеріп отырған əлемде араб тілінің қолданысын кеңейтуге жəне туындайтын қиындықтарды еңсеруге бағытталған берік қадамдар болып саналады. 

Халықаралық апталық ары қарай үш күндік жұмысын жалғастыратын болады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қараша 2025 01:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see118

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see109

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see109

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see107

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see104

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see103

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see102

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see102

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see102

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see101

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see101

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see100

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see100

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see100

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see99

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see98

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

Қазақстандықтарды жұмыстан шығару ережелерінің бірі әділетсіз деп танылды

29 Маусым 2026 12:08see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары