Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Steppe Games: мобильді ойын арқылы қазақ тілін заманауи әрі қызықты форматта үйренуге болады

Steppe Games: мобильді ойын арқылы қазақ тілін заманауи әрі қызықты форматта үйренуге болады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мақпал Жұмабай ойынның мазмұнын таныстырды. 

Фото: Kazinform

— Бүгінде әлемде 2,1 млрд адам смартфон арқылы ойын ойнайды, олардың әрбір төртіншісі — бала. Егер біз балалармен тіл табысқыңыз келсе, дәл осы цифрлық ортада дамуымыз қажет. Steppe Games — қазақ тілін үйретуді ойын арқылы жүзеге асыратын алғашқы оқыту форматындағы жоба. Мұнда ұлттық тағамдар, ойындар, тарихи ескерткіштер мен салт-дәстүр элементтері қамтылған. Бүгінде Қазақстан қазақ тілінде ойлана алатын, мәтін құрастыра алатын және түрлі бағдарламаларды орындай алатын білім моделін әзірлеген әлемдегі алғашқы 15 елдің ішіне енді. Бұл біз үшін айтулы жетістік, — деді ол.

Мақпал Жұмабайдың айтуынша, жобаны әзірлеуге шамамен екі жылға жуық уақыт кеткен.

Фото: Kazinform

— Біздің ерекшелігіміз — ойынды тек IT мамандар емес, лингвистермен бірлесіп жасадық. Steppe Games — тек тіл үйрету құралы емес, дүниетанымды, ұлттық құндылықты танытатын жоба. Балалар ойнап отырып, қазақ тіліндегі A1–A2 деңгейіндегі сөздік қорын толықтырады, — дейді.

Балалар мен жасөспірімдерге қазақ тілін заманауи әрі қызықты форматта үйретуді мақсат ететін жоба кейіпкерлері — Арман мен Айша, ал олардың серігі — қазақы тазы. Ойын картасы Қазақстанның нақты географиялық бейнесіне негізделген. Әзірге Астана мен Алматы қалалары алынған. Алдағы уақытта басқа да аймақтар қосылмақ.

Фото: Kazinform

Ойын Астанадағы тарихи Бозоқ қаласында өтеді. Асық ату, садақ ату, ләңгі тебу, теңге ілу сияқты ұлттық ойындар ойналады. Ал Алматы кезеңінде ойыншы ұлттық мұражайлар мен мәдени нысандарды аралайды.

— Бүгінде әлемдегі ең қызу бәсеке — контент үшін бәсеке. Netflix өткен жылы 17 млрд доллар жұмсаған. Бұл бағытта біздің жастар жаңа мазмұн өндіруге қабілетті болуы керек. Сол үшін осындай жобаларды қолдаймыз. Steppe Games — жастарымыздың жаңа мүмкіндіктерін көрсететін ерекше бастама, — деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Қазақстанның құрметті журналисі, Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп те цифрлық дәуірдегі білім мен ойын мазмұны маңызды болуы керектігін айтты.

Фото: Kazinform

— Бүгінгі қазақ баласына ойлы ойын қажет. Қиялды ұштап, елін, жерін, тілін сүюге жетелейтін осындай жобалар керек. Steppe Games — сол сұранысты өтейтін бастама. Мұндай ойындар арқылы ұрпақ рухани тұрғыда дамып, мәдениетке, дәстүрге берік болады, — деді.

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі жобаны ұлттық брендті танытудың заманауи тәсілі деп атады.

Фото: Kazinform

— Бұл — технология мен дәстүрдің үйлескен үлгісі. Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамыту жөніндегі тапсырма осылай тез орындалып жатқаны қуантады, — деді.

Фото: Kazinform

Ал «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы кез келген ойын — жай ермек емес екенін атап өтті.

— Оның артында сол ұлттың рухы мен тілі тұрады. Сондықтан бұл — тіл жанашырлары үшін зор қуаныш, — деді ол.

Қазақы тазы спорт федерациясының құрылтайшысы Нұрқожа Бауыржанұлы балалар Steppe Games амбассадоры — тазы иттерін ала келіпті. Балалар асық ойнап, арнайы дайындалған торттан дәм татты.

Фото: Kazinform

Steppe Games мобильді ойынын App Store және Play Market платформаларынан жүктеуге болады.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бұдан бөлек тағы екі ірі жобаны таныстырды:

• QazGramma — қазақ тіліндегі мәтіндердің орфографиялық және стилистикалық қателерін түзететін интеллектуалды жүйе;

• Ұлттық Қазына AI көмекшісі — ересектерге қазақ тілін жасанды интеллект арқылы үйрететін жоба.

Сондай-ақ QR-код арқылы қазақ тіліне синхронды аударма жасап отыратын жаңа сайт таныстырылды. Мұнда жасанды интеллект негізінде символдық түрде аударма жасалады.

Камила Мүлік

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 20:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see162

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see141

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see127

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see126

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары