Елімізде биыл 23 өрт сөндіру депосы салынады
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қазақстанда жыл соңына дейін тағы 23 өрт сөндіру депосы салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов хабарлады. Бүгінге дейін 25 депо мен құтқару стансасы бой көтерді, 196 нысан жаңғыртылды.
Министрдің айтуынша, бұдан бөлек «өрт сөндірушілерден, құтқарушылар мен дәрігерлерден тұратын әмбебап бөлімшелер құрылды. Олар төтенше жағдайлар кезінде халыққа кешенді көмек көрсетеді. Осындай бес бөлімше Аршалы, Макинск, Майтөбе, Аққулы және Қарқаралы елді мекендерінде жұмыс істеп жатыр. Бұл жоба барлық өңірде іске қосылады».
Сондай-ақ министр төтенше жағдайларға мониторинг жүргізіп отыру үшін жасанды интеллект арқылы талдау және геоақпараттық жүйелер енгізілгенін атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:93
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 14:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















