Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Елімізде еріктілер қозғалысы қалай дамып келеді

Елімізде еріктілер қозғалысы қалай дамып келеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

– Елена ханым, әңгімемізді қазақ қоғамындағы еріктілер қозғалысының қалыптасу кезеңінен бастасақ. Жалпы бұл дәстүр бізге таңсық емес қой? 

– Көшпелі тіршілік – табиғаттың тосын мінезіне тәуелді, ауыр да сындарлы өмір салты болды. Осындай жағдайда ғұмыр кешкен қазақ халқы ғасырлар бойы төзімділікке, сабырға және бірлікке негізделген мінез қалыптастырды. Дала өмірінің алмағайып кезеңдері адамдарды бір-біріне сүйеу болуға, қауым болып әрекет етуге үйретті. Сол қажеттіліктен өзара жәрдемге негізделген «асар» дәстүрі қалыптасты.

Асар – ел ішіндегі ауызбіршіліктің, жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Табиғат апатынан үйі қираған, малынан айырылған немесе тіршілігін қайта түзеуге мұқтаж жанға ауыл болып қол ұшын беру асардың басты мәні еді.

Жер жырту, шаңырақ көтеру, шаруашылықты қайта жолға қою секілді ауыр жұмыстарда жұрт жұмылып, қиындықты бірге еңсерді. Бұл үрдіс тек ауыр шақтарда ғана емес, қуанышқа толы сәттерде де жалғасты.

Фото: Елена Амрееваның жеке мұрағатынан

Жаңа шаңырақ көтерген жас отбасыларға ел болып көмек көрсету, баспана тұрғызып, жеке өмірге аяқ басуына жағдай жасау – асардың елдік пен адамгершілікке негізделген тағылымын айқындайтын көріністердің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда кең қанат жайған ерікті түрде қызмет ету бастамасы осы көне дәстүрдің жалғасы іспетті. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, жұртқа жанашыр болуға, ортақ іске үлес қосуға үндейді.

Өзара қолдау мен қамқорлықты басты құндылық санаған бұл үрдістер ел ішіндегі бірлікті бекемдеп, ортақ жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған.

– Әрине, қиналғанға дем беру – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бірақ уақыт өте келе заман мен қоғам өзгерді. Ал Кеңес Одағы заманында бұл қызмет қандай формада жалғасты?

– Қазақстан кеңестік кезеңде өмір сүрген тұста қоғамдағы өзара жәрдемдесу ісі негізінен мектеп оқушыларының қатысуымен жүзеге асты. Сол кезеңде кең тараған қозғалыстардың бірі – балалар мен жасөспірімдерді үлкенге қамқор болуға баулыған игі бастамалар еді. Олардың басты мақсаты – жалғыз тұратын қарттардың тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс жасау, үй шаруасына көмектесу, күнделікті қажетіне жарасу болатын.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарында білім алып жүрген жастар да ел игілігі жолында еңбек етті. Олар ауыл шаруашылығы жұмыстарына араласып, құрылыс саласында жұмыс істеп, елдің дамуына өз үлесін қосты. Бұл істер үшін ақы алмай, ортақ мүдде жолындағы еңбек ретінде қабылдады. Аталған жұмыстар сырттай ерікті көрінгенімен, іс жүзінде сол кезеңдегі тәрбие жүйесі мен мемлекеттік ұстанымдардың бір бөлігі болды.

Фото: pexels.com

Дегенмен қазақ қоғамына тән өзара көмекке бейімділік, жақыныңа жанашыр болу секілді қасиеттердің арқасында мұндай бастамалар халық арасында жат қабылданған жоқ. Керісінше, көпшілік оны табиғи, қажет әрі дұрыс іс ретінде көріп, қарсыласпай атсалысты.

– Бірлік – дана халқымыздың басты ұраны екені белгілі. Қазіргі жас ұрпақ та жұмыла атсалысып, қоғамға пайда әкелуді мектеп қабырғасынан бастап санасына сіңіріп келеді. Осы тұста еріктілердің тәуелсіз Қазақстандағы орны туралы не айтасыз?

– Қазақстандағы еріктілер қозғалысы – үнемі дамып, ауқымы кеңейіп келе жатқан маңызды қоғамдық сала. Ол ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралардың жоғары дәрежеде өтуіне де ықпал етіп келеді.

Еріктілердің белсенді қатысуының арқасында Қазақстанда бірқатар беделді халықаралық жиындар мен ауқымды шаралар сәтті ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 2010 жылы өткен Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығына арналған жоғары деңгейдегі басқосу кезінде алты жүзге жуық ерікті еңбек етті.

2011 жылғы қысқы Азия ойындарына үш мыңға жуық жас атсалысса, 2017 жылғы қысқы студенттік спорт жарыстарында да шамамен үш мың ерікті қызмет көрсетті. Сол жылы өткен халықаралық көрме барысында төрт жарым мыңнан астам ерікті жұмылдырылды.

Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бөлек, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің басқосуы, 2022 жылы елордада Рим Папасының қатысуымен өткен діни жиын, Азия құрлығындағы өзара ықпалдастық пен сенім шараларына арналған саммит, халықаралық медиа апталығы, сондай-ақ 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары да еріктілердің кең қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл шаралардың әрқайсысында жүздеген, тіпті мыңдаған ерікті қоғам игілігі жолында еңбек етті.

– Ал соңғы жылдардағы халықаралық бастамалар мен Қазақстандағы жүйелі жұмыс еріктілер қозғалысына қандай жаңа серпін берді деп ойлайсыз?

– Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы болып жарияланды. Бұл шешім елдегі еріктілер қозғалысының дамуына тың серпін берді. Осы жыл аясында халық арасында еріктілік мәдениетін насихаттауға, жаңа қатысушыларды тартуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді.

Фото: Абай облысының әкімдігі

2022 және 2023 жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен келген еріктілер тоғысқан орталыққа айналды. Орталық Азияға және халықаралық деңгейге арналған еріктілер форумдары өтіп, оларға отыз төрт шет мемлекеттен келген мыңнан астам ерікті қатысты.

2024 жыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында Еріктілер қозғалысы жылы болып белгіленді. Бұл еріктілердің өңір елдері үшін маңызын тағы бір мәрте айқындады. Қазақстан осы бастамаға белсенді түрде атсалысып, жылдың алғашқы жартысында елуге жуық іс-шара өткізді. Қазақстанның жүйелі жұмысының нәтижесінде 2023 жылдың 18 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, 2026 жылды орнықты даму жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады. Осылайша, 2026 жыл әлем жұртшылығы үшін орнықты даму жолындағы ерікті еңбектің маңызын айқындайтын Халықаралық жыл болмақ.

– Ерікті болу жас талғамайды. Осы тұрғыда, қазіргі Қазақстандағы еріктілердің әртүрлі буын өкілдері арасындағы рөлі қандай?

– Бүгінгі таңда ресми деректерге сүйенсек, елімізде шамамен үш жүз мыңға жуық ерікті бар. Бұл – мемлекетке белгілі, қызметі тіркелген еріктілер саны. Алайда қоғамға жанашырлықпен қол ұшын созып жүрген барлық азаматтың нақты саны бұдан да көп. Өйткені көптеген адамдар көмегін жария етпей, атақ күтпей, ісін үнсіз атқарып келеді.

Фото: Анастасия Волкова

Ерікті қызмет туралы заңға сәйкес, он төрт жасқа толған азаматтар өз қалауымен қоғамдық іске араласа алады. Соған қарамастан, елімізде мектеп қабырғасынан бастау алған, жүйелі түрде ұйымдастырылған еріктілік үлгілері де бар. Мұндай бастамаларға жасөспірімдермен қатар, жасы кіші балалардың да қатысып жүргені байқалады.

Сонымен бірге соңғы жылдары аға буын өкілдерінің белсенділігі артып, зейнет жасындағы азаматтар тартылған «күміс жастағы еріктілер» қозғалысы кең өріс алып жатыр. Олардың қатарында сексен жасқа келген жандар да бар.

Тағы бір маңызды жайт – еріктілердің басым бөлігі жастар болғанымен, ең нәтижелі әрі тұрақты жобалар көбіне отыз бес жастан асқан азаматтардың бастамасымен жүзеге асады. Бұл ерікті еңбекте өмірлік тәжірибе мен жауапкершіліктің шешуші рөл атқаратынын аңғартады. Сондықтан еріктілік – тек жастарға тән іс емес, бұл – әр адамға ортақ азаматтық ұстаным.

– Қазақстанда еріктілерге мемлекет тарапынан әртүрлі қолдау жасалатыны белгілі. Осы жүйелі қолдаудың еріктілік қызметіне қандай әсері бар деп ойлайсыз?

– Қазақстанда еріктілерге мемлекет тарапынан жүйелі түрде алты бағытта қолдау көрсетіледі.

Біріншіден, ұйымдастырушылық қолдау бар: әр қаланың өзінде еріктілердің жұмысын үйлестіретін аймақтық орталықтар жұмыс істейді, бұл «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет етеді.

Екіншіден, ақпараттық қолдау: еріктілікке қатысты жаңалықтар мен оқиғалар туралы ақпарат тарату үшін арнайы платформалар мен кеңес беру желілері іске қосылған.

Үшіншіден, қаржылай қолдау: әлеуметтік маңызды жобалар мен өңірлік бастамаларды жүзеге асыруға гранттар беріледі.

Төртіншіден, материалдық-техникалық қолдау: еріктілерге қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстар ұсынылады.

Бесіншіден, білім беру қолдауы: еріктілерді оқыту, олардың тәжірибесін арттыру, арнайы әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету жүзеге асады.

Алтыншы бағыт – ынталандыру және марапаттау: «Жақсы істер марафоны», «Жылдың еріктісі» халықаралық сыйлығы және өңірлік марапаттар арқылы еріктілердің еңбегі бағаланады.

Фото: Астана әкімдігі

– Еріктілердің қызметі тек бір бағытпен шектелмей, қоғамның әр саласына әсер етеді. Ал еліміздегі негізгі еріктілік бағыттары мен олардың қоғамға тигізетін пайдасы туралы айтып бере аласыз ба?

– Еріктілердің ең басты миссиясы – қоғамға белсенділік пен жауапкершілік үлгісін көрсету: күтіп отырып, мемлекетке шағымдану емес, өз үлесін қосу арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу. Тәжірибе көрсеткендей, кішкентай қадамдар да елеулі өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Қазақстанда еріктілік негізгі 14 бағыт бойынша жүзеге асырылады:

Медициналық еріктілік және донорлық – ауруларға көмек, үйлерде күтім, қан тапсыру. Қоғамдық белсенділік пен азаматтық қоғамды дамыту. Білім беру еріктілігі – білім беру, дағдыларды үйрету, тегін сабақтар, дайындық курстары. Экологиялық еріктілік – табиғатты қорғау, тазалық, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау, экологиялық мәдениет қалыптастыру. Жануарларға көмек – үйсіз, жабайы және үй жануарларына қамқорлық, паналарда жұмыс. Этномәдени еріктілік – тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, археологиялық, этномәдени іс-шараларға атсалысу. Қоғамдық кеңістіктерді дамыту – сенбіліктер, саябақтарды, аллеяларды тазалау, абаттандыру. Өнер саласындағы еріктілік – көрмелер, классикалық концерттерді қолдау, өнерге қызығушылықты арттыру. Іздеу-құтқару қызметі – жоғалған адамдарды іздестіру. Төтенше жағдайлардағы еріктілік – апаттар мен төтенше жағдайларды азайту, салдарын жою. Спорт пен салауатты өмір салты – спортты насихаттау, денсаулыққа пайдалы іс-шараларға қатысу. Медиа-еріктілік – әлеуметтік маңызды тақырыптарды жариялау, еріктілікті насихаттау. Іс-шаралардағы еріктілік – әлеуметтік маңызды шараларда көмек көрсету. Әлеуметтік еріктілік – әлеуметтік осал топтарға көмек қолын созу.

Әр бағыт бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Қазақстанның ерекшелігі – әр өңірдің өз қажеттілігіне сай бағыт басым болады. Ең танымал бағыттар: әлеуметтік, экология, білім, медицина және іздеу-құтқару қызметі.

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

– Ал Қазақстандағы еріктілер қауымдастығының дамуы мен халықаралық бағыттағы рөлі туралы не айтар едіңіз?

– Бүгінгі таңда еріктілік саласында үш негізгі тенденция айқын көрінеді:

1. Еріктілер қауымдастығы ішінде

Жүйелілік пен саналы көзқарас күшейді. Қысқа мерзімді бір реттік акциялардан тұрақты, ұзақ мерзімді жобаларға көшу байқалады. Жобаларды басқару мен тиімділікті арттыруда кәсіби дағдылар дамып келеді.

2. Мемлекет пен еріктілер қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимыл

Қазіргі кезде еріктілер мен мемлекеттік органдар тең серіктестік негізінде бірге жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктерге ие. Әсіресе, салалық еріктілік аясында бұл жаңа, горизонтальды ынтымақтастық түрі қарқынды дамып келеді. Әр өңірде бір бағыт бойынша ұзақ уақыт тәжірибелі, ішкі жағдайды терең түсінетін және тұрақты ынтасы бар еріктілер бар. Егер мемлекеттік ұйымдар бұл бастамаларға белсенді қатысып, бірге жобалар жасаса, ұзақ мерзімді, тұрақты өзгерістерге қол жеткізуге болады.

3. Халықаралық деңгейде

Қазіргі әлем тұрақты даму мақсаттарына үлес қосады. Қазақстан мен елдегі еріктілер қауымдастығы да осы бағытты жүзеге асырып жатыр. Көптеген еріктілік бастамалары осы мақсаттарға бағытталып, олардың үлесі есепке алына отырып жоспарланған.

Айта кетейік, биылғы Жаңа жылдық құттықтауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялағанын атап өтті.

Сондай-ақ бүгінде Астанада 50-ге жуық волонтерлік ұйым тұрақты негізде жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 08:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see128

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see121

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see121

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see119

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see115

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see115

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see114

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see113

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see112

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see111

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

24 Тамыз 2026 18:59see111

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see111

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see111

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see111

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see110

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see109

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see109

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

24 Тамыз 2026 13:00see109

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

24 Тамыз 2026 09:27see109

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары