Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Елімізде жайылым мен қорадағы малды ешкім санап жатқан жоқ

Елімізде жайылым мен қорадағы малды ешкім санап жатқан жоқ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Малын қарамаса иесі жазаланады — полиция

Елімізде шаруалар да, кейде адамдар да малын мүлде тіркемейді. Оған жол-көлік апаты кезіндегі деректер дәлел.

Республикалық, облыстық жолдарда жүйткіп келе жатқан көліктің алдынан шыға келетін жылқының иесі табылмай, хабарландыру беретіндер жиі кездеседі.

Мұндайда білсе де айтпай, таныса да білмей қалатын адамдар бар. Ал талап бойынша малдың бақташысы болуы тиіс, оның жолға шығып кетпеуін қадағалауға міндетті. 

— Ақтөбе облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес жеке және заңды тұлғалар өзіне тиесілі төрт түлік малды есепке алып, тіркеуі қажет. Әрқайсысына сәйкестендіру нөмірі, ветеринариялық паспорт беріледі. Малды иесі немесе бақташы жайылымға шығарады. Түнде арнайы бөлінген жайылымда, басқа да жер учаскесінде жаюға рұқсат бар. Малды айдап апару, кері айдап қайтуға да иесі немесе бақташы жауапты. Бұл ұрлықты болдырмайды, жол-көлік апатының алдын алады. Талап орындалмаса уақытша ұстау орындарына қамалады. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 408-бабымен (мал жаю қағидасын бұзу) әкімшілік хаттама толтырып, иесіне айыппұл салынады. Бұл дегеніміз — 3-10 АЕК, — дейді Ақтөбе облыстық ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Сүйентаев.

Жыл басынан бері 2 мыңға жуық мал иесі әкімшілік жауапқа тартылған. Ал егер мал жолға шығып кетіп, жол-көлік апаты болса Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 633-бабы бойынша құжаттары жиналып, жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

Осы баптың бірінші бөлігі бойынша жеке тұлғаларға — 3, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 20, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 30, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне — 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қаралған. 

Адамдар жеңіл жараланса, мүлкін бүлдірсе, жыл ішінде қайталанса жеке тұлғаларға — 5, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 25, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 40, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне — 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл бар. 

Бұл үшін хаттаманы жергілікті атқарушы орган толтырады. Бұл туралы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 729-бабында жазылған.

Ақтөбе облысы бойынша биыл дәл осындай 21 жол-көлік оқиғасы болды. Талап бойынша полиция жергілікті әкімдік пен ветеринария бөліміне хабар берді. Екі мекемеде малды тіркеу журналы мен вакцинация деректері болады. 

— Полиция жақын елдімекен тұрғындары мен шаруашылықтарға барып, малды танып-танымайтынын сұрайды. Түсі мен түрін айтып, иесін іздейді. Әлеуметтік желілердегі чаттарға хабарлап, айтады. Бұл жұмысты ауыл әкімдігімен бірге атқарады. Егер мал жараланған немесе өлген болса, ветеринар маман куәландырады, қажет болған жағдайда сараптама актісі жасалады. Егер мал тірі және иесі табылмаған болса полиция ауыл әкімдігімен немесе ветеринариялық қызметпен бірге уақытша ұстау орнына қамайды. Қабылдау-беру актісі толтырылады. Иесі анықталғанша әкімдік немесе ветеринарлық қызмет бақылауында болады. Ал мал сол жерде өлсе полиция ветеринарды шақырып, тіркейді. Мал дәрігері акт толтырады, фотоға түсіріліп, айғақ зат ретінде тіркеледі. Малдың денесі санитарлық талапқа сай жергілікті әкімдік арқылы жойылады немесе көмедi. Бүкіл іс-әрекет қарау хаттамасына енгізіледі, — деді Нұрлыбек Сүйентаев.

Фото: Ақтөбе облыстық ӨКҚ

Ветинспекцияға полиция мен прокуратура да хабар береді

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы осы саладағы жұмыстың заңдылығын көзден таса қылмауы тиіс.

Айыппұл да салады, сотқа шағым да дайындайды. Биыл 400-ге жуық айыппұл салынған. 

— Малды екпегені, карантинге қоймағаны, тасымалдау дұрыс болмағаны, анықтама дұрыс жазылмағаны үшін де айыппұл бар. Биыл 400-ге жуық іс болды. Адамдар арыз жазады, рейд кезінде анықталады, полиция мен прокуратуралы хабар береді. Сол кезде заңдылығын қарап, егер ақпарат расталса, айыппұл салынады. Қайталанса сотқа арыз береміз, — дейді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанатбаев.

Қорасына кіріп санамайды, жайылымдағы жылқы саны белгісіз

Өңірлердегі ветеринария басқармасы, ветстанция, ветеринарлық пункт — мал басын бірдейлендіру, вакцина салу жұмыстарымен айналысады.

Жыл сайын алатын төлді тіркеу — негізгі жұмыс. 

— Бірдейлендіру дерекқорында облыста 2,4 миллионнан астам ауыл шаруашылығы жануары тіркелді. Оның ішінде 656 мыңға жуығы мүйізді ірі қара, 1,3 миллионнан астамы ұсақ мал, 400 мыңнан астамы жылқы, 3 мыңы шошқа, 26 мыңнан астамы түйе. 2015 жылғы бұйрыққа сәйкес төл жыл сайын бірдейлендіріледі. Әр ауылдық округтің әкімі, ветеринариялық пункт меңгерушісімен бірге жыл соңында «қанша аналық мал қалады, сол малдан қанша төл алынады» деген талдау жасайды. Болжамды ауданға береді. Аудандық ветеринарлық станция, аудан әкімінің орынбасары, инспекция маманы зерделеп, талдау жүргізіп, облыстық ветеринария басқармасына мәлімет жеткізеді. Басқарма ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне ұсыныс жасайды. Олар ұсынысқа сай республикалық бюджеттен сырғаға қаржы бөледі. Әр сырғаны сатып аламыз. Биыл ірі қара малынан алынатын төлге 211 033, ұсақ малға 501 720, ботаға 5879 сырға алынды. Оған тағы 10 пайыз қосады. Бұл жоғалған сырға орнын толтыруға арналғаны, — дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шахидолла Рахимов.

Республикалық бюджет қаржысы облыстық ветеринария басқармасына түседі. Басқарма конкурс жариялап, жеңімпаз анықталған соң комиссия құрылады.

Бұл комиссия сырғаны қабылдап алады. Кейін оны аудандардағы ветеринария стансаларына таратады.

Мұндағы басшы аудандағы ветпункт меңгерушісіне, ол әрбір ауылдық округке үлестіреді.

— Мал 14 жұмыс күні ішінде бірдейлендіріледі. Ірі қара мен ұсақ мал (бұзау, қой, лақ, бота –ред.) 7 күннен соң, құлын төрт айлығынан бастап таңбаланады. Жылқыны ыстықтай немесе суықтай таңбалау қарастырылған. Ыстықтай күйдіру, суықтай азот арқылы. Чипті бір аптадан соң салуға болады. Алайда мемлекеттен тек сырғаға ақша қаралған. Нормативтік-құқықтық акті бойынша мұның ішінде шаруа қожалықтарына еркіндік берілген. Сырға, чип, болюстің бірін таңдай алады. Болюс — қарынға салынатын арнайы электронды құрылғы. Сыртынан чиппен оқуға болады. Чип ақылы, әр шаруа өзі алады. Қазір бізде 3 мыңнан астам ірі қарада, 7 мыңнан астам жылқыда чип бар. Төлді жасыру сұрағына келер болсақ, біз әр ауланы қарай алмаймыз. Талап бойынша әр шаруа қожалылығы бірінші кезекте ветстансаға «менің малым осы уақытта төлдейді» деп кесте беруі керек. Ветстанция меңгерушісі осы кестеге сәйкес жұмыс жүргізеді. Бірақ біздерде негізінен аталық табын, отардың ішінде жүреді үнемі. Ол кезде мал әртүрлі уақытта төлдейді. Ветеринария туралы заңның 25-бабына сәйкес төлде шығын болса, ауырса мал дәрігеріне хабарлауға міндетті, — деді ол.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Вакцинация жұмысы ИЖС қосымшасына сүйеніп жасалады. Мал басына қарай вакцина беріледі.

— Артық мал, тіркелмегені анықталса ветинспекцияға хабарлаймыз, олар зерттеу жасайды. Қайдан келді, кім әкелді деп. Айыппұл салады, — дейді Шахидолла Рахимов. 

Ал ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Кеңес Қанатбаев бар шаруаға басқарма жауапты екенін айтты. 

Малды уақытылы бірдейлендіру — басқарманың негізгі жұмысының бірі.

— Санақ кезінде бұл цифр өзгеруі мүмкін. Себебі олар қораны аралап келе жатыр. Мал иесі малды сойып алып, ветпункт меңгерушісіне хабар бермеуі де мүмкін. Немесе бірдейленбей қалуы ықтимал. Мәселен біздің базада 10 сиыр тіркеулі, бірақ қорада 11 сиыр тұр. Төлін әлі бірдейлендірген жоқ. Қыркүйектің басындағы төлді қазанның соңында тіркеу дұрыс емес. Бұл жерде сотқа жүгінеді. Ең бірінші «жасын өзгерт» деп жергілікті жердегі ветеринарлық пункт меңгерушісіне, меңгеруші арыз түскен соң директорына хабар береді. Ол жерде түзету жасайтын маман отырады. Міндет — базаға енгізу, жаңарту. Әр ауданда бір маманнан бар. Олар тек соттың шешімімен ауыстырып отырады, — дейді Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Шахидолла Рахимов.

Дәл осы тұста басқарма ветинспекцияға хат жазып, ол мекемеден «сот шешімі арқылы өзгерту» туралы нұсқама алса, маман ауылға барады.

Ветпункт меңгерушісі, түзетуші, басқарма маманы, ауылдық округтің статист маманымен бірге жүріп малды қарайды, акт толтырады.

— Биыл талап күшейді. Бұрын үш ай ішінде тіркей беретін еді. Субсидия кезінде құжаттар рәсімдеп, бір ұшы осыған тірелді. Бір жағынан немқұрайлық деп те айтуға болады. Сонымен бірге қазақта көп болса малға көз тиеді деп топшалайды. Малды міндетті түрде уақытылы бірдейлендірмесе сата алмайды, жайылымға да шығаруға тиісті емес. Вакцина алмаған, қан тексерілмеген. Бұл қауіпті ошақ сияқты. Ал жол-көлік апаты кезінде таяқтың бір ұшы бізге тірелетіні рас. Мұндай жағдай аудан территорияларында кездеседі. Ол жерде жылқыны тіркетпеген адамдар бар. Тіркетпеген, одан басқа ештеңе жоқ. Жылқы ірі қара сияқты қорада тұрмайды. Ал мамандар далалықтан санай алмайды. Мәселен жылқышы 30 жылқыны айдап әкеледі. Мамандар таңба салып береді. Ол тағы бір үйірі қалып қойғанын білмейді. Аралауға, тексеруге қақымыз жоқ. Алға ауданында ветеринариялық станция директоры мен аудан әкімінің орынбасарына біреудің ауласына кірді деп айыппұл арқалады. Ол өз маманы қалай жұмыс істеп отыр, қалай сырға салды деп қарауға барған. Талап бойынша тек шақырғанда бару тиіс, — дейді Шахидолла Рахимов.

Ақтөбелік шаруа Сәндібек Қалдиннің айтуынша, мал басын жасырып қалу шаруалардың емес, жеке адамдардың ісі болуы мүмкін.

Шаруа малын уақытылы сатуы, малды түрлі аурудан қорғауы үшін уақытылы тіркеп, қан алдырады. 

— Бұл малы бар қарапайым адамдардың тірлігі болуы мүмкін. Олар құнттамайды, сөйтіп уақыт өткізіп алады. Негізі малды бірдейлендірмегеннің зияны көп. Құжаты жоқ болса ешкім де алмайды. Сонымен бірге тасымалдаған кезде құжаты болмаса айыппұл төлейді. Әсіресе жылқы малында таңба болмауы мүмкін. Оны таңбалау да қиындық туғызады, кейде уақыт пен қол күші жетпейді, — деді Сәндібек Қалдин.

Фото: Pexels

Тіркелмеген мал басы шығуы мүмкін — статистика департаменті

Биыл 1-30 тамыз аралығында Ұлттық ауыл шаруашылық санағы sanaq.gov.kz сайтында онлайн өтті.

Онлайн санаққа Ақтөбеден 7811 жеке қосалқы шаруашылық және 9138 шаруашылық субъектісі қатысты. 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығындағы екенші кезеңі оффлайн өтті.

Санақ өткізуге 25 нұсқаушы мен 101 интервьюер жұмысқа алынды. 312 елдімекендегі 44 092 жеке қосалқы шаруашылық және 709 шаруашылық субъектісінен 44 791 респондент қамтылды. 

— Тек мал басы емес, жер, шаруашылықтардың техникасы, өсімдік — бәрі тіркелді. Бәріне талдау жасалады. Санақтан соң тіркелмеген мал басы шығуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, қораны тексермейміз, мал басын санамаймыз, бәрі ауызша. Иесінен малдың түрін, жасын сұрап, тіркеп алдық, — деді Ақтөбе облыстық статистика департаментінің басшысы Жолдасқали Беисов. 

Оның айтуынша, сұхбаттасушылар қорасының ауданын да, мал азығының көлімін де бақылаудан шығармаған. Негізгі мақсат — жылы сөйлеп, нақты жағдайды білу. 

— Мамандарымызды барғанда жылы сөйлеп, шындықты білу үшін тіл табысу керек деп үйреттік. Есік алдында қора тұр. Оның сыйымдылығы мен жиналған жем-шөптің көлеміне қарай талдау жасалады деп ойлаймыз. Техника саналды. Оны лизингке сатып алды ма? Қашан алды? Бәрі қамтылды. Аудан, ауыл ғана емес, қыстаққа да барды сұхбаттасушылар. Облыста 400-дей жеке кәсіпкерлік онлайн санаққа қатыспай, мекенжай бойынша аралауға тура келді. Олардың арасында түзету мекемесінде жазасын өтеп отырғандар, өзге елге көшіп кеткендер, қайтыс болған адамдар атында тұрған қожалықтар бар. Сонымен бірге жеке шаруашылықты ашып, әскерге кеткен ақтөбеліктер де кездесті. Бәрі мемлекеттік кірістер департаментінде тіркелген соң барып, қарау міндетті, — деді Жолдасқали Беисов. 

Айта кетейік, былтыр Қазақстанда мал саны ғана емес, құс саны да қолдан көбейтіліп келгені әшкере болды.

Kazinform сауалына жауап берген Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі әрқайсысын жіктеп, ақпарат таратты. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 21:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see164

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see147

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see146

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see145

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see144

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see144

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see143

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see142

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see141

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see141

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see141

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see141

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see139

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see138

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see138

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see138

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see138

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see137

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see137
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары