Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Sarbaz+ : Әскердің цифрлық бел белесі

Sarbaz+ : Әскердің цифрлық бел белесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елімізде әскери қызметті заман талабына сай жаңғырту бағытында бірқатар бастама қолға алынып жатыр. Соның бірі – Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып отырған «Sarbaz+» жобасы. Бұл бастама сарбаздардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қызмет барысын ашық әрі тиімді етуге және әскердің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Жоба аясында әскери қызметтің көптеген үдерісі автоматтандырылып, цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Яғни сарбаздар туралы деректер, олардың қызмет барысы, денсаулық жағдайы мен күнделікті тіршілігі арнайы жүйелер арқылы бақылауға алынған. Бұл командирлерге де, ата-аналарға да нақты әрі жедел ақпарат алуға мүмкіндік бермек.

Іске асырыла бастағанына көп уақыт өте қоймаса да «Sarbaz+» ата-ана мен әскер арасындағы көпірге айналып үлгерді. Өйткені бұл жобаның маңызды тұстарының бірі – ата-аналармен араға орнатылған байланыс. Бұрын әскердегі баласының жағдайын білу қиынға соқса, қазір арнайы платформалар арқылы ата-аналар баласының қандай бөлімде борышын өтеп жатқанын, жалпы жағдайын бақылап отыра алады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы әскерге деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Дегенмен «Sarbaz+» цифрландырумен ғана шектелмейді. Жоба аясында сарбаздардың тұрмыс жағдайын жақсарту, тамақтану сапасын арттыру, медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеру мәселелері де қамтылған. Сонымен қатар әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де назарға алынған.

Ашықтық пен бақылауға негізделген бұл жоба әскери бөлімдердегі ашықтықты күшейтуге мүмкін­дік береді. Әрбір сарбаздың жағдайы жүйелі түрде тіркеліп отырғандықтан, түрлі заңбұзушылықтардың алдын алу да жеңілдейді. Бұл әсіресе қоғамда жиі көтерілетін әскердегі қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Жобаның алғашқы қанатқақты алаңы ретінде Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімі таңдалған екен. «Sarbaz+» мерзімді әскери қызметке деген көзқарасты трансформациялау аясында жүзеге асырылып, сарбаздарды даярлаудың неғұрлым саналы әрі дамуға бағытталған жүйесін көздейді. Қорғаныс вице-министрі Дархан Ахмедиевтің айтуынша, мұндағы негізгі мақсат – сарбаздардың бір жылдық әскери қызметін барынша тиімді, мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасау.

– «Sarbaz+» жобасы біздің мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарды жандандыруға бағытталған жоба. Яғни негізгі мақсаты – сарбаздардың бір жылдық әскери қызметін мүмкіндігінше тиімді өткізу. Басқаша айтқанда, осы бір жыл ішінде сарбаздар уақыт өткізіп қана қоймай, өздерін дамытып, нақты дағдыларды меңгеріп шығуға тиіс. Жоба аясында әскери бөлімдерде түрлі мүмкіндіктер қарастырылған. Өздеріңіз көргендей, дрон аренасы, байланыс кабинеттері бар. Сонымен қатар фитнес-браслеттер енгізіліп жатыр, сарбаздар спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Аптасына үш рет джиу-джитсу сабақтары өткізіліп, разряд беріледі. Бұған қоса электрондық тир, футбол алаңы, стритбол және воркаут алаңдары жұмыс істейді. Яғни сарбаздардың уақытын тиімді өткізуіне толық жағдай жасалған. Нәтижесінде, бір жыл ішінде әскери қызметшілер ағылшын тілін үйреніп шыға алады, шахматтан белгілі бір деңгейге жетеді, спортпен күнделікті айналысады. Жалпы алғанда, сарбаздар бұл уақытты жан-жақты дамуға пайдалана алады, – дейді вице-министр.

Жоба аясында отандық ірі ұлттық және жеке компаниялармен меморандумдар жасалған. Әсіресе бұл байланыс полкі болғандықтан, байланыс саласында жұмыс істейтін ірі компаниялармен әріптестік орнатылған. Соның нәтижесінде,  осы әскери бөлімнен шыққан сарбаздар аталған компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Яғни олар әскери қызмет барысында қажетті ақпарат пен дағдыларды меңгеріп, кейін сол мекемелерге барып, тәжірибеден өтіп, әрі қарай тұрақты жұмысқа тұра алады. Бұл бұрыннан бар ҰБТ тапсырмай грант алу мүмкіндігінен бөлек, қосымша мүмкіндік ретінде ұсынылып отыр.

– Жоба тек білім мен дағды берумен шектелмейді. Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударылған. Қазіргі таңда сарбаздардың күнделікті қауіпсіздігі – ең өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты әскери бөлімдерге жаңа, «ақылды» камералар орнатылып, бейнеаналитика жүйесі енгізілген. Барлық камера бір жүйеге біріктіріліп, әскери бөлімдегі жағдайды бір экраннан бақылауға мүмкіндік бар. Бұл ақпарат бөлім командиріне және штаб басшысына тікелей жеткізіліп отырады, – дейді Д.Ахмедиев.

Министр орынбасарының айтуынша, офицерлер мен сержанттар арнайы трансформациялық курстардан өткен. Бұл курстар аясында олар көшбасшылық қасиеттерді дамыту, сарбаздармен тиімді қарым-қатынас орнату, психологиялық тұрғыда дұрыс жұмыс істеу дағдыларын меңгеріпті. Яғни жаңа форматтағы көшбасшылық пен коммуникация мәдениеті қалыптастырылып жатыр.

Психологиялық қолдау бағытында да жаңа­шылдықтар бар. Әскери бөлімдерде алғаш рет пси­хологиялық демалыс кабинеттері ашылып, онда ойын приставкалары, соның ішінде PlayStation 5 орнатылған. Бұл сарбаздардың эмоционалдық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

– Алдағы уақытта «Sarbaz+» басқа да әскери бөлім­дерге кезең-кезеңімен енгізіледі. Жалпы, жыл сайын екіден бастап онға дейін әскери бөлім қосылып, жоба­ның ауқымы кеңейе береді, – дейді вице-министр.

Жобада қазіргі еңбек нарығындағы өзгерістер де ескерілген екен. Бүгінде барлық мамандық дипломды талап ете бермейді, әсіресе ІТ саласында нақты дағды маңызды. Мысалы, Google сияқты компаниялар адамның қабілетіне басымдық береді. Осыған байланысты, егер сарбаз қажетті дағдыларды меңгерсе, дипломсыз-ақ жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарас­тырылған. Сонымен қатар жоба аясында әскери даярлық бағдарламасы қайта қаралып, уақытты барынша үнемді пайдалану қағидаты енгізілген.

Жуырда еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен Парламент депутаттары Алматы гарнизонына сапары барысында 78460 әскери бөлімінің базасында іске қосылған «Sarbaz+» инновациялық жобасымен танысып қайқан-тын. Қонақтарға Rtel радиобайланыс мамандарын, ұшқышсыз басқарылатын Ashik Aspan құрылғыларының операторларын және Eltex технологиялық жүйелерін даярлаудың оқу сыныптары көрсетілді. Министрліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жобаға қатысы бар TechOrda бағдарламасы бойынша Astana Hub-пен орнатылған ынтымақтастық ақпараттық қауіпсіздік талдауын, деректерді қорғауды және ҰҰА басқару үшін жасанды интеллект технологияларын үйренуге мүмкін­дік береді.

– Ай-сұлу телеграм-боты және Armia.kz ақпа­раттық платформасы сынды цифрлық сервис­тер де осы жобаның аясында өз қызметін көрсетіп жатыр. «Sarbaz+» технологияны, инфрақұрылымды дамытып, адам күшін саналы жұмсауға бағытталған. Біз қызметтің заман талабына сай және әскери қызметшілердің кәсіби өсуі үшін мүмкіндіктер жасаймыз, – дейді Д. Қосанов.

Ал Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев отандық қорғаныс саласы тарихындағы бірегей жобаға оң бағасын беріп, осындай жетістіктер арқылы бүгінгі буынның Қарулы күштерімізге деген сенімінің арта түсетінін атап өтті.

– «Sarbaz+» армияны модернизациялауға жүйе­лі көзқарастың мысалы бола алады және адам капиталын дамытудың стратегиялық міндеттеріне жауап береді. Біз мерзімді қызмет тек тәртіп пен патриотизм мектебіне ғана емес, заман талабына сай құзыреттері бар алаңға айналғанын көріп отырмыз. Аталған жоба бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастырып, жастардың Қарулы күштерге деген сенімін арттырады, – дейді сенатор.

Бүгінгі таңда жобаның пайдалы болатыны жайлы біраз мысал келтіруге болады. Мәселен, Myarmy.kz порталы арқылы 268 өтінім беріліп, 90 сарбаз іріктелген. Бұл – бір орынға 3 адам таласты деген сөз. Демек, алдағы уақытта жастардың жобаға деген қызығушылығы артатыны сөзсіз.

Жалпы алғанда, «Sarbaz+» – әскерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді жоба. Ол әскери қызметтің ашықтығын арттырып қана қоймай, сарбаздардың әл-ауқатын жақсартуға және қоғам мен әскер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Алдағы уақытта бұл бастама толық іске асқан жағдайда, еліміздің Қарулы күштері заманауи, ашық әрі сенімді институтқа айналары хақ. 

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті

Партия • Бүгін, 12:49

«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді

Партия • Бүгін, 12:29

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Сұхбат • Бүгін, 12:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50

58 орын: Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды

Әскер • Бүгін, 11:15

АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды

Әлем • Бүгін, 10:39

Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді

Алматы • Бүгін, 10:06

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Заң • Бүгін, 09:55

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 08:30

Шымкентте құны 90 млн теңге болатын 1,2 га жер мемлекетке қайтарылды

Аймақтар • Кеше

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер тарту ететінін айтты

Тұлға • Кеше

Шығыс Қазақстанда қар барысы фототұзақты зақымдап кеткен

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:229
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 13:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары