Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Елімізге өз ісінің шеберлері керек

Елімізге өз ісінің шеберлері керек

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Білікті мамандар – елдің экономикалық қуатын арттыратын, технологиялық серпін беретін стратегиялық ресурс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағытқа басымдық беріп отыр. Ол биылғы Жолдауында шетелдегі талантты қазақ мамандарын ғана емес, ұлтына қарамай, әр салаға үздік шетелдік мамандарды тарту қажет екенін атап өтті. «Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек», деді Президент.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Кейінгі жылдары Қа­зақстан халық­аралық еңбек нарығында өз орнын күшейтіп, шетелдік мамандарға қолайлы орта қалып­тастыруға кірісті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, осы жылдың басында елде 16 мың­нан астам шетелдік маман еңбек етіп жүргені тіркелген. Олар­дың 40 пайызы – құрылыс пен инфрақұрылым саласында, 25 пайызы – мұнай-газ секторында, 10 пайызы – өндіріс саласында, қалғандары – ІТ, медицина, білім беру бағытында қызмет етеді.

Алайда бүгінгі саясаттың бас­ты мақсаты – тек жұмыс күшін әкелу емес, білікті, ин­новациялық қабілеті жоғары мамандарды тұрақтандыру. Осы бағытта Үкімет шетелдік ма­мандарға визалық рәсімдерді жеңілдетіп, жаңа цифрлық құралдарды енгізіп жатыр. Со­ның ішінде ең маңыздысы – «Digital Nomad Residency» қанатқақты бағдарламасы. Бұл бастама ІТ саласындағы шетелдік мамандарға жаңа мүмкіндік беруге бағытталған. Бағдарламаның мақсаты – әлемдік деңгейдегі ІТ таланттарды елімізде жұмыс істеуге, тұрақты тұруға тарту, оларды елдің қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикасының бір бөлігіне айналдыру. Жоба арқылы шетелдік ІТ мамандары жеңілдетілген тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат ала алады. Талаптар да заманауи форматта қарастырылған. Үміткерде жеке сәйкестендіру нөмірі мен электрондық цифр­лық қолтаңба болса жеткілікті. «Astana Hub» порталы арқылы өтініш беріп, портфолио, түйін­деме, мотивациялық хат, сот­талмағаны туралы анықтама тап­­сырады. Соңғы қадам eGov.kz порталы арқылы тұрақты тұ­руға рұқсатты алдын ала ма­құлдау. Осылайша, ІТ маманына Қазақстанда жұмыс істеуге, өмір сүруге заңды құқық беріледі.

Бұл бастама еліміздің еңбек нарығын сапалық тұрғыдан жаңартуға бағытталған нақты қадам. Өйткені ІТ саласы – қа­зіргі экономиканың негізгі тірегі. Ал озық мамандарды тарту арқылы елдің стартап экожүйесі мен инновациялық әлеуеті айтарлықтай артады. «Astana Hub» технопаркінің мәліметінше, кейінгі екі жылда шетелдік ІТ-мамандар саны 40 пайызға өсіп, еліміз аймақтағы цифрлық хабқа айнала бастады.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың пікірінше, елге шетелдік мамандарды көбірек тарту үшін әкімшілік кедергілерді азайту, салықтық жеңілдіктер мен визалық жеңілдетулер енгізу қажет. «Шетелдік компаниялар кадрды үш ай күтпейді. Сон­дықтан бізге бюрократияны азайтып, жүйені толығымен автоматтандыру қажет. Бұл – бәсекеге қабілеттіліктің талабы», дейді ол.

Сонымен қатар шетелдік мамандарды тарту экономикаға ғана емес, әлеуметтік мәдениетке де әсер етеді. Сондықтан Үкімет интеграция мен бейімделу те­тіктерін жетілдіруді қолға алған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, қазіргі кезде тіл үйрету курстары, мәдени бағдар беру бағдарламалары мен еңбек құқықтарын қорғау шаралары да қарастырылып отыр.

«Еңбек эмиграциясы бағы­тында еліміз бүгінде білікті кадр­ларды тарту мен отандық қыз­меткерлердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. Негізгі мақсат – еңбек нарығында білім мен тәжірибе трансферін қамтамасыз етіп, халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлау. Осы бағытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 мамырдағы бұйрығымен шетел азаматтарының елімізде тұ­рақты тұруға рұқсат алуы­на мүмкіндік беретін сұ­ранысқа ие кәсіптер тізбесі кеңейтілді. Тізімге қосымша 30 жаңа мамандық енгізілді. Бұл – ел экономикасының нақты секторларындағы кадр тап­шылығын өтеуге, ең­бек ресурстарының сапасын арт­тыруға бағытталған маңызды қадам. Мәселен, 2024 жылы тұрақты тұруға негізінен IT са­ласындағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша 72 рұқсат берілді. Бұл дерек цифрлық экономика бағытындағы кадрларға деген сұраныстың өсіп келе жатқанын дәлелдейді. Сонымен қатар отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тәлімгерлік жүйесін ұйымдастыру қағидалары бекі­тілді. Яғни шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер енді жергілікті қызметкерлерге кәсіби тәжірибе мен білім беруді қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қадам – еңбек нарығында трансформация мен сапалық серпіліске жол ашатын маңызды механизм. Сондай-ақ жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеу мақсатында еңбекші көшіп келу­шілерге рұқсат беру тетігі де қайта қаралды», дейді А.Ертаев.

Мұндай бастамалар әлемдік тәжірибеге де сай. Мысалы, Сингапур «Employment Pass» жүйесі арқылы жоғары білікті шетелдік мамандарды тартады, Канада «Express Entry» балы жүйесімен үздік кадрларды іріктеп алады. Еліміз осы үлгілерді өзіне бейімдеп, «Kazakh Green Card» секілді ұзақмер­зімді тұруға рұқсат беретін жаңа модель әзірлеу мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Шетелдік мамандарды тарту еліміздің еңбек нарығын дамытып қана қоймай, елдің технологиялық тәуелсіздігін қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінгі таңда басты міндет – «жұмыс күшін» емес, қабілеті мықты мамандарды тарту. Президент айтқандай, білікті мамандар – мемлекеттің ең үлкен капиталы. Оларды елге әкеліп қана қоймай, тұрақтандыруға күш салу қажет.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:208
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары