Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты

Елордада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,4 трлн теңгеден асты

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және технологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асып жатқан негізгі индустриялық және цифрлық жобалардың барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: primeminister.kz

Өндірістік әлеуетті арттыру, озық технологияларды енгізу және қаланың цифрлық жүйелерінің орнықтылығын күшейту мәселесіне басымдық берілді.

Бүгінде елорда өнеркәсібі негізінен өңдеу секторына сүйенеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 3,4 трлн теңгеден асты. Кәсіпорындардың дені №1 Индустриялық парк аумағында орналасқан. Жалпы құны 333,3 млрд теңгені құрайтын 137 жоба жүзеге асырылып, 9 500-ден астам жұмыс орнын ашу көзделген.

Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі

Машина жасауға серпін

Үкімет басшысы сапар барысында «Автокомпоненты KZ» ЖШС-нің өрт сөндіру және арнайы техника шығаратын зауытында болды. 2025 жылдың қаңтарында іске қосылған кәсіпорынға 5,1 млрд теңгеден астам жеке инвестиция салынған. Жоба Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асқан.

Өндіріс директоры Александр Плужниковтың айтуынша, зауыт жылына 400 бірлікке дейін техника шығаруға қауқарлы. Оның ішінде өрт сөндіру автоцистерналары, вахталық фургондар, коммуналдық-жол машиналары бар. Өнімдер Төтенше жағдайлар министрлігіне, коммуналдық қызметтерге және өзге де құрылымдарға жеткізіледі. 2026-2028 жылдары қызметкерлер саны 200 адамға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылмақ. Қазір өндіріс желілерін кеңейту және жергіліктендіру деңгейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өнеркәсіп өрістеп, тұрмыс түзелген

Олжас Бектенов отандық машина жасауды индустрияландырудың және жоғары өнімді жұмыс орындарын ашудың басты тетіктерінің бірі ретінде дамыту қажеттігін атап өтті.

«Өңдеу өнеркәсібінің өсуі экономиканы әртараптандыруға және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей әсер етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өткендей, біз ел ішінде көбірек өнім өндіруіміз керек, нақты секторды нығайтып, тұрақты жұмыс орындарын құру қажет. Үкімет өз тарапынан өндіріс пен локализациялауды қамтамасыз ететін кәсіпорындарға инфрақұрылым, кадрларды даярлау және нақты тапсырыс тетіктері арқылы қолдау көрсетеді. Нәтиже неғұрлым көбірек өнім шығаруға, көбірек жұмыс орнын құруға және жоғары сапаға негізделуі керек», деді Премьер-министр.

Цифрлық инфрақұрылымның жаңа кезеңі

Сапар аясында Үкімет басшысы Astana Smart City жобасы шеңберінде құрылған Деректерді өңдеу орталығын да аралады. Бұл – халықаралық Presight компаниясы мен қала әкімдігінің серіктестігі негізінде салынған, қалалық инфрақұрылымға арналған еліміздегі алғашқы дата-орталық.

Компания өкілдерінің мәліметінше, орталық базасында қалалық ахуалдық орталық, бейнеталдау жүйелері, жасанды интеллект платформалары және қалалық ортаны басқаруға арналған цифрлық қызметтер жұмыс істейді. Нысан халықаралық тұрақтылық және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді. Инфрақұрылым аса маңызды цифрлық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарының қорытындысында Олжас Бектенов индустриялық базаны күшейту және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобаларды жүйелі жалғастыруды тапсырды. Тұрақты экономикалық өсім мен азаматтардың өмір сапасын арттыру үшін өндірістік және технологиялық шешімдерді ықпалдастырудың маңызы ерекше екені атап өтілді.

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Соңғы жаңалықтар

Ольга Рыпакованың жүлдесі: Жеңіс тұғырына кімдер көтерілді?

Спорт • Бүгін, 15:32

Биыл тозығы жеткен 17 мың км электр желісі жаңартылады

Энергетика • Бүгін, 15:22

40 жыл құжатсыз жүрген жамбылдық тұрғын Қазақстан азаматтығын алды

Аймақтар • Бүгін, 15:15

Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?

Өнер • Бүгін, 15:01

Ең ұзын сырмақ: Алматылық жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Алматы • Бүгін, 14:55

ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексерісті бастады

Қоғам • Бүгін, 14:48

«Ордабасы» футбол клубы жеке меншікке сатылды

Футбол • Бүгін, 14:35

Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады

Аймақтар • Бүгін, 14:29

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Аймақтар • Бүгін, 14:18

Орал қаласында жаңа мешіт ашылды

Аймақтар • Бүгін, 14:07

Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?

Қоғам • Бүгін, 13:38

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Президент • Бүгін, 13:13

Жамбыл облысының жұртшылығы Жаңа Конституциялық жобаға қолдау білдірді

Референдум • Бүгін, 13:03

2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады

Үкімет • Бүгін, 13:01

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 12:59

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Ақпан 2026 16:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары