Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

Көкке көз тіккен күн

Пайымы биік преамбула

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Телеаудитория талғамы жаңарды

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Отандық туризмге салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асты

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президенттік орталықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және жыл сайын 21 ақпанда атап өтілетін Бүкіләлемдік гидтер мен экскурсия жүргізушілер күніне орай Гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің II елордалық форумының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туристік әлеуетін ашу және оны тиімді пайдалану стратегиялық маңызды міндет әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін бірнеше мәрте атап өткен болатын. II елордалық форум өткен жылғы кәсіби алаңның заңды жалғасына айналып, қабылданған бастамаларды күшейтіп, кәсіби өзара іс-қимыл аясын кеңейтті. Іс-шара Астана қаласының әкімдігімен және «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС-мен және Астана гидтер клубымен бірлесіп ұйымдастырылып келеді.

«Президенттік орталық екінші жыл қатарынан Астана қаласының әкімдігімен және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясымен бірлесіп, өз алаңында кәсіби қауымдастық өкілдерін жинап отыр. Өткен жылы дәл осы жерде елордалық гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің I форумы бастау алған болатын. Соңғы жылдары еліміз туризм саласында тұрақты әрі серпінді өсім көрсетіп келеді: жыл сайын туристер саны артып, олардың географиясы кеңейіп, инвестициялар көлемі ұлғайып, жаңа бағыттар игеріліп, инфрақұрылым дамып жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы қойған саланың даму қарқынын екі еселеу жөніндегі стратегиялық міндетке сәйкес жүргізіліп жатқан жүйелі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі», деді Президенттік орталықтың директоры Бақытжан Темірболат.

Б.Темірболаттың айтуынша, 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осы бағыттағы берік ұстанымын тағы да растады және туризмді Қазақстан экономикасының өсу драйверлерінің бірі ретінде айқындады. Осыған байланысты туристік саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе бағыттарын дамыту, туристік нысандарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жаңа туристік аймақтарды дамыту сияқты басым бағыттар белгіленді.

«Нәтижесінде, 2025 жылы отандық туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 1,2 трлн теңгеден асып, 2024 жылмен салыстырғанда 32%-ға артты. Өз кезегінде, Астана Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі позициясын сенімді түрде нығайтып келеді. Бұған ықпал ететін бірқатар фактордың ішінде елордалық гидтер мен экскурсия жүргізушілерінің жоғары даярлық деңгейі мен кәсіби біліктілігі негізгі рөл атқарады. Гид-экскурсия жүргізуші – бұл тек туристерді алып жүретін адам ғана емес. Ол – елдің өкілі, тарихи мұра әлеміне жол көрсетуші, қонақтардың Қазақстан туралы көзқарасын қалыптастыратын мәдени елші. Оның кәсібилігіне, біліміне, шеберлігі мен жеке қасиеттеріне саяхатшылардың әсері қаншалықты жарқын әрі есте қаларлық болатыны тікелей байланысты. Қазіргі уақытта Президенттік орталық – еліміздегі тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихын президенттік институт призмасы арқылы зерделеумен, жүйелеумен және насихаттаумен айналысатын жалғыз тарихи-мемориалдық мекеме. Бұл, әсіресе, тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы аталып өтетін мерейтойлық жылы айрықша символдық мәнге ие», деді өз сөзінде Бақытжан Темірболат.

Президенттік орталықта бірегей көрме ашылды

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев өз пікірін білдірді.

«Әрбір гид-экскурсия жүргізушінің рөлі ерекше: турист үшін нысандарды жай ғана көру емес, қаланың даму тарихын, оның бірегейлігі мен құндылықтарын білу маңызды. Бұл міндетті тек сіздер жүзеге асырасыздар. Халықаралық тәжірибеге қарасақ, онда «табысты қалалық дестинациялар» гидтердің кәсіби қауымдастығымен жүйелі түрде жұмыс жүргізетінін көрсетеді. Вена, Сингапур, Барселона сияқты ірі туристік орталықтарда гид-экскурсия жүргізушілері туристік саясаттың серіктестері және қала брендісінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Олардың ұсыныстары туристік өнімді қалыптастыру және туристік қызмет сапасын бағалау кезінде тікелей ескеріледі», деді ол.

Форумға елорданың туристік қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік және халықаралық салалық сарапшыларды қоса алғанда 130-дан астам өкіл қатысты. Пікірталас барысында экскурсиялық қызметті дамыту мен туристік сервистің сапасын арттыру, сондай-ақ ішкі туризмді ынталандырудың жаңа шешімдерін іздестіру мәселелері талқыланды. Форум бағдарламасы пленарлық отырыс пен тақырыптық панельдік сессияларды қамтыды.

«Қонақтарымызды қарсы алып жүрген гидтер мен экскурсия жетекшілері, дәл сіздер адамдарға осы жерге не үшін келген әсерлерді сыйлайсыздар. Сіздердің сөздеріңіз, сіздердің әңгімелеріңіз Қазақстанның бейнесін қалыптастырады. Осыған байланысты гид мамандығы – өте жауапты әрі өте беделді кәсіп. Өйткені еліміз туралы қалай баяндайсыздар, соған қарай адамдар бұл жерден тек суреттермен ғана емес, жүректерінде сақталатын, кейін отбасысына, достарына және өзгелерге айтып жеткізетін оқиғалармен қайтады», деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.

Пленарлық отырыста Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Артем Квашук, «Атамекен» ҚР ҰКП Туризм департаментінің директоры – басқарушы директор Дамила Кунанова сөз сөйледі.

Бірінші панельдік сессия аясында елордалық гидтермен, музей экскурсия жүргізушілерімен және Visit-орталықтар өкілдерімен өзекті тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, «Музейлік экскурсиялық тәжірибелердегі әдістемелік тәсілдер» секциясында Президенттік орталықтың экскурсиялық бағдарламалары таныстырылды. Қатысушылар музейлік экскурсияларды әзірлеу мен өткізудің заманауи әдістемелік тәсілдерімен танысып, аудиториямен тиімді жұмыс істеу құралдарын талқылауға мүмкіндік алды.

Екінші панельдік сессияда саланы заңнамалық реттеу мен мұраны интерпретациялаудың халықаралық тәсілдері қарастырылды. Өз тәжірибесімен және сараптамалық білімімен Грузия экотуризм қауымдастығы басқарма төрағасы Наталия Бахтадзе-Энглендер, сондай-ақ «Interpret Europe» (Германия) Еуропалық мәдени мұраны интерпретациялау қауымдастығының сыртқы байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Дубравко Фиячко бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша экскурсиялық саланы одан әрі дамытуға, туристік қызметтердің сапасын арттыруға, Қазақстанның мәдени және туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Президенттік орталықта Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелер талқыланды

Соңғы жаңалықтар

Атырауда алимент төлемегендердің берешегі 3 млрд теңгеден асқан

Оқиға • Бүгін, 13:40

Серік Сәпиев Конституциялық реформа туралы пікір білдірді

Қоғам • Бүгін, 13:23

Сарапшы: Елдегі демографиялық өсім географиялық тұрғыда тарылып барады

Қоғам • Бүгін, 13:04

Димаш Құдайберген 70 аспабын музейге тапсырды

Мәдениет • Бүгін, 12:51

Орфандық ауруы бар науқастар неге дәрісіз қалды?

Медицина • Бүгін, 12:42

Азия ойындары-2029: Алматыда жаңа спорттық нысандар салына ма?

Спорт • Бүгін, 12:33

Астанада полицейлер мұз құрсауында қалып қойған балықшыны құтқарды

Оқиға • Бүгін, 12:26

Әлем кубогі: Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден 14 медаль еншіледі

Спорт • Бүгін, 12:15

Абзал Құспан: Конституциялық сот азамат пен мемлекет арасындағы төреші болады

Ата заң • Бүгін, 12:03

«Astana Motors» ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 11:50

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:45

АҚШ Сириядан әскерін толық әкетуді жоспарлап отыр

Саясат • Бүгін, 11:37

ERG металлургтері отандастарымызды референдумға қатысуға шақырды

Ата заң • Бүгін, 11:35

Жылжымалы кітап көрмесіне қандай шығармалар ұсынылды?

Әдебиет • Бүгін, 11:30

76 жасқа дейінгі ел азаматтары тегін скринингтен өте алады

Медицина • Бүгін, 11:23

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:100
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 14:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see128

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see124

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see124

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see123

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see122

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see122

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see120

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see120

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see119

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see119

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see119

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see118

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see118

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see118

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see117

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see116

Астана Қарағанды Алматы тас жолының тағы бір учаскесі жүргізушілер үшін жабылады

17 Тамыз 2026 15:38see116

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see116

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see116

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары