Елордаға LRT ның тағы екі жылжымалы құрамы жеткізілді
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін іске қосуға дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Сол жоспардың аясында қалаға тағы екі жылжымалы құрам жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Астана қаласының әкімдігі
CTS компаниясының мәліметінше, құрамдарды орнату жұмыстары 17-18 қазанда өтеді.
17 қазанда бірінші құрам Қабанбай батыр даңғылы бойындағы «Астана жұлдызы» стелласы маңындағы №104 және №105 станциялар арасындағы эстакадаға орнатылады. Ал 18 қазанда екінші құрам Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысында, №113 (Министрліктер үйі) және №114 (Ұлттық музей) станциялар арасындағы аралыққа орналастырылады.
Сонымен қатар, 18 қазан сағат 00:00-ден 19 қазан сағат 06:00-ге дейін аталған учаскелерде мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, көтеру-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Ш. Қалдаяқов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:118
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 18:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















