Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

Еңбекшінің өз еркі, қанша қызмет қылса да

Еңбекшінің өз еркі, қанша қызмет қылса да

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сарапшылар азаматтардың артық еңбек етуіне екі жайт себеп дейді. Бірі қымбатшылық қысқанда адамдар қосымша нәпақа іздесе, енді бірі жұмыс берушілердің талабымен, яғни еңбек құқықтарының сақталмауы себепті қызмет орнында қалуға мәжбүр болады. Бұл құбылыс тек жеке адамға  емес, отбасы мен әлеуметтік өмірге де кері әсерін тигізеді. Өйткені стресс көбейіп, демалыс шектелсе, психикалық және физикалық денсаулыққа қауіп төнері хақ. Ал қазір қымбатшылық пен экономикалық қысым осы үрдісті күшейтетін факторға айналып отыр.

Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанушылар Work-life balance, яғни жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға ұмтылады. Бұл – адамның стан­дартты жұмыс кестесінде тек еңбекке ғана емес, жеке өміріне де жеткілікті уақыт қалуы тиіс деген тұжырым. Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған стандарт бойынша, апта сайынғы жұмыс уақыты 40 сағаттан аспауы керек. Ranking сараптама орталығының мәлімдеуінше, Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың 80,2%-ы іс жүзінде аптасына 36-40 сағат аралығында еңбек етеді. Алайда үйден жұмысқа жетудің өзі көбіне бір бағытқа кемі жарты сағатты алады. Осылайша, бір аптаның өзінде жолға кететін уақыт орта есеппен 5 сағатқа жетеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде бірқатар қызметкер ұсынылған нормадан жиі асырып жұмыс істейді. Яғни, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік бұзылып, басымдық жұмысқа ауып отыр. 

«Биылғы жылдың үшінші тоқсанында аптасына 41 сағаттан артық жұмыс істейтіндердің саны 1,3 миллионнан асып, бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 14,4%-ын құрады. Оның ішінде 68,9%-ы – жалдамалы қызметкерлер, 31,1%-ы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бюроның жыл сайын өткізетін зерттеулердің арқасында соңғы жылдары нормадан артық жұмыс істейтіндер саны біртіндеп азайып келе жатқаны байқалады. Мәселен, 2019 жылы олардың үлесі 20%-ға жуық болатын. Ал бұл 1,8 млн адам. Кейінгі жылдары артық жұмыс істейтіндер қатары да, олардың еңбек нарығындағы үлесі де төмендеп отыр», – делінген хабарламада.

Дегенмен елімізде артық жұмыс істейтін қызмет­керлердің нақты жұмыс уақыты қандай екенін зерделесек, қызықты әрі алаңдатарлық жайтты байқаймыз. Былтырғы жылдың үшінші тоқсанындағы деректерге сүйенсек, мұндай қызметкерлердің 86%-ы аптасына 41-49 сағат аралығында еңбек етеді. Осы санаттағы жұмысшылардың 9%-ы аптасына 50-59 сағат жұмыс істейді, бұл шамамен 10-12 сағаттық жұмыс күнін көрсетеді. Ал қалған 6%-ы аптасына 60 сағаттан да көп уақытын жұмыста өткізеді. Бұл көрсеткіштер тек қана уақыттың ұзақтығын емес, сонымен бірге еңбек күшінің шектен тыс жүктелгенін, адамның жеке өміріне, демалысына, психикалық және физикалық денсаулығына тікелей әсер ететінін көрсетеді. Сондықтан бұл үрдіс әлеуметтік және экономикалық салдары бар күрделі құбылыс дейді мамандар.

Қазақстанда жұмыс уақытының нормадан асып кетуі қай салаларда жиі кездеседі деген сұраққа жауап берсек. Үшінші тоқсан қорытындысына сүйенсек, аптасына 41 сағаттан артық еңбек ететіндердің басым бөлігі – 27,7%-ы сауда саласының қызметкерлері екен, яғни 371,4 мың адамды құрайды. Мұның басты себебі салада қызмет етушілердің жұмыс кестесі тұрақсыз, қосымша немесе демалыссыз жұмыс істеуі мүмкін. Екінші орын­да – өнеркәсіп саласы: 208,3 мың адам күнделікті немесе апталық нормадан асып жұмыс істейді, мұнда физикалық және техникалық еңбек жүктемесі жоғары. Көлік пен логистика саласының 153,5 мың қызметкері де осы санатта, ал одан кейінгі орында құрылыс саласының жұмысшылар – 134,4 мың адам. Олар маусымдық жұмыс уақытында ылғи да артық жүктемемен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Ал ең төменгі көрсеткіштер су тарту, қалдықтарды шығару, қаржы, сақтандыру, ақпарат және байланыс салаларында байқалады. Бұл салаларда жұмыс кестесі салыстырмалы түрде тұрақты, қосымша сағаттар аз. Жалпы алғанда, еңбек жүктемесінің артуы көбіне физикалық, маусымдық немесе клиентпен тікелей байланысқа тәуелді салаларда шоғырланған.

Көп жағдайда нормадан артық жұмыс істейтіндер – басшылар емес, қарапайым қызметкерлер, сондай-ақ сауда мен қызмет көрсету саласында өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және біліксіз жұмысшылар. Мәселен, аптасына 41 сағаттан артық еңбек ететіндердің ішінде басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі небәрі 6,2%. Яғни, 1,3 млн адамның 83,7 мыңы ғана  жетекші қызметтегілер. Оның ішінде жоғарғы лауазым иелері, заң шығарушылар және мемлекеттік қызметкерлер бар болғаны 1,4 мың адам.

Ал ең көп үлеске ие топ – қызмет көрсету мен сату саласының өкілдері. Олардың саны – 270,8 мың адам, бұл барлық артық жұмыс істейтіндердің 20,2%-ын құрайды. Екінші орында – біліксіз жұмысшылар (258,4 мың адам). Бұлардың қатарында көше сатушылары, тазалықшылар, үй қызметшілері, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығында қара жұмыс істейтін адамдар бар.

Статистикалық бюро деректері бойынша, нормадан тыс еңбек ететіндердің басым бөлігі – шамамен 60%-ы  жұмыс берушінің талабымен күштеп қосымша сағатқа қалдырылған. Бұл – тек жеке адамның таңдауы емес, экономикалық және әлеуметтік қысымның көрінісі. Ал 10%-ы, өндірістік процестің талаптарына байланысты қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болған. Осы санағаттағы 23% жұмысшы өз еркімен, табысын арттыру үшін қосымша жұмыс істеген. Айта кетерлігі, бұл үрдіс қала мен ауылда әрқалай көрінеді: ауылдық жерлерде адамдар қосымша табыс алу үшін артық жұмысқа көбірек дайын, олардың үлесі 28,3% болса, қалада – 20% ғана. Бұл айырмашылық ауылдағы экономикалық мүмкіндіктердің шектеулігі мен тұрақсыздықтың жоғары екенін көрсе­теді. Сонымен қатар ауылдық тұрғындардың артық жұ­мыс­қа бейімділігі – қосымша табысқа ғана емес, тір­шілікті сақтау қажеттілігінен туындайтын фактор. Жалпы алғанда, артық еңбек тек жеке адамға емес, бүкіл әлеуметтік жүйеге әсер ететін күрделі құбылыс болып отыр.

Экономист Ғалымжан Айтқазиннің сөзінше, қалалы жерлер мен ауылды өңірлерде үстеме жұмыс істейтін азаматтар арасында гендерлік тұрғыда өзгеше үрдісті байқауға болады.

«Қазақстанда өзінің негізгі жұмыс орнында еңбек ететіндер көбіне ер-азаматтар. Өйткені ауылды жерлерде маусымдық жұмыстар мен шаруашылыққа жауапты жұмыстардың басым бөлігі ер-азаматтарға тиесілі. Ал көбіне негізгі жұмысы орны мен қосымша қызметтерді алып жүретін бұл қалалық әйелдер. Себебі қалада өмір сүру құны жоғары, сондықтан бірнеше табыс көзін қарастыру ең басты қажеттілік. Бір сөзбен айтқанда, ауылды жерде ер-азаматтар артық жұмыс істеуге бейім тұрса, қалалы өңірде керісінше әйелдер қосымша қаржы табудың амалын жиі қарастырады. Жұмысы әртүрлі демесеңіз, жүктеме бәрінде де жоғары», – дейді ол.

Жалпы алғанда, Еңбек кодексіне сәйкес әдетте қызметкерді тек оның жазбаша келісімімен  қосымша жұмысқа тарту мүмкін. Әрине, төтенше оқиғаларды ескермегенде. Сондай-ақ елімізде кейбір қызметкерлерді мүлде қосымша жұмысқа тартуға болмайды. Олар: жүкті әйелдер, 18 жасқа толмағандар және мүгедектігі бар адамдар.

Дегенмен қызметкер келісімін берсе де, заңда артық жұмысқа қатысты нақты шектеулер бар: күнделікті ең көп дегенде 2 сағат, ауыр немесе зиянды еңбек түрлерінде 1 сағат, айына 12 сағатқа дейін, ал жылдық лимит 120 сағат. Тек төтенше жағдайларда бұл шектеулер қолда­нылмайды, яғни қауіптің алдын алу үшін қызметкерден қосымша уақыт жұмыс істеуі сұралуы мүмкін. 

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 05:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see136

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see117

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see116

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see114

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see114

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see114

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see112

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see111

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see111

Астаналық тұрғын ұшақ бортындағы бұзақылығы үшін айыппұл төледі

14 Шілде 2026 14:15see111

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see111

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see110

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see110

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see110

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see110

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see110

Jańa Dala/Green Day’2026: Дала күні 16 17 шілдеде өтеді

14 Шілде 2026 09:55see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары