Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Энергетика саласындағы жүйелі трансформация

Энергетика саласындағы жүйелі трансформация

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Astana Hub» алаңында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кеңейтілген кездесуі өтті. Ведомство басшысы отын-энергетика кешенінің есепті жылдағы қорытындыларын ұсынып, бұл кезеңді дағдарысқа қарсы басқаруды аяқтап, ауқымды стратегиялық міндеттерді іске асыруға көшу уақыты ретінде сипаттады. Үкімет брифингі жаңа «Town hall» форматында ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Алғашқысын Энергетика министрлігі бастады.

Кездесуді аша отырып, Ерлан Ақкенженов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау саланың дамуына деген көзқарастың түбегейлі өзгеруін талап еткенін атап өтті. «2025 жылдың қорытындысын шығара отырып, біз бұл жылды саланың жүйелі трансформация кезеңі деп сеніммен айта аламыз. Өтіп бара жатқан жыл сапалы құрылымдық өзгерістермен ерекшеленді: индустриялық алыптарды іске қосудан бастап әрбір пәтер­ді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге дейін. Басты мақсат — елдің экономикалық егемендігінің іргетасы саналатын энергетикалық қауіпсіздікті нығайту»,  деді министр өз сөзінде.

Мұнай-газ саласындағы бас­ты оқиға — Теңіз кен орнындағы Бола­­шақ кеңейту жобасының то­лық аяқталуы болды. Үшінші буын зауы­­­тының іске қосылуы жыл сайын 12 млн тонна көлемінде қо­сым­­ша мұ­най өндіруге мүм­кін­­дік беріп, ұлт­тық экономика үшін ұзақмер­зімді әрі қуатты экс­порттық кіріс көзін қалыптастырады.

Баяндамасында ведомство басшысы өңдеу саласы мен жанар-жағармай нарығына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бағаны қолмен реттеуден бас тартып, нарықтық тетіктерге көшу саланы сауықтырып, отын тапшы­лығының алдын алуға мүм­кіндік берді. Болашаққа тоқта­ла келе, Министр 2040 жылға дейінгі бекітілген өндірістік бағдарларды атап өтті, олар үш қағидаға негіз­делген: қуат, сапа және ғылым.

«Біз мұнай өңдеу көлемін қазіргі 18 млн тоннадан жылына 39 млн тоннаға дейін жеткізуді мақсат етіп қойдық. Ол үшін қолданыстағы үш мұнай өңдеу зауытын кеңейту көзделген», деді Е.Ақкенженов.

2025 жылы CaspiBitum зауытын жаңғырту аяқталып, оның қуаты 1,5 есеге артты, ал битум өндірісі 750 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар Шымкент, Атырау және Павлодар зауыттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ қуаты 10 млн тонна болатын төртінші МӨЗ салу үшін инвесторлар тарту мәселесі пысықталып жатыр.

Электр энергетикасы мен жылумен қамту мәселелеріне тоқтал­ған министр көпжылдық теріс үрдістің еңсерілгенін мәлімдеді. «Тариф — инвестицияға айырбас» қағидатының тиімділігінің арқасында стансаларды жөндеуге салынған инвестициялар 20%-ға артты. Нәтижесінде, 323 шақырым жылу желісі жөнделіп, апаттылық деңгейі төрттен біріне төмендеді.

Сондай-ақ ол елдің энерго­жүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндір­генін, Топар мен Текелі нысандарында жаңа қуат­тардың іске қосылғанын атап өтті.

Газ саласында министрлік ресурс базасын нығайту және ауқым­д­ы әлеуметтік газдандыру бо­йынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Хайркелді, Тұзкөл және Тасболат атты үш жаңа кен орны пайдалануға берілді, ал халықты газбен қамту деңгейі 64,2%-ға жетті (қосым­ша 350 мың адам қосылды). Негіз­гі инфрақұрылымдық жетіс­тік ретінде «Талдықорған – Үшарал» ма­гистральдық газ құбыры­ның мер­зі­мінен бұрын іске қосылуы аталды.

«Мемлекет инфрақұрылымды дамытуға 112 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады. Табиғи газ елдің ең шалғай өңірлеріндегі тұрғындар үшін қолжетімді игілікке айналды», деді министр.

Сонымен қатар әртараптандыру бағытындағы жетістіктер де атап өтілді: мұнай-газ химиясы секторы 12%-ға өсті, Атырауда полиэти­лен, Павлодарда алкилаты зауыт­тары­ның құрылысы басталды. Жасыл энер­гетикада қуаты 266 МВт болатын жобалар іске қосылып, ЖЭК үлесі 7%-дан асты, сондай-ақ қуаты 1 ГВт бо­латын жел электр стансасын салу­ға ар­налған тарихи аукцион өткізілді.

Кездесу соңында Ерлан Ақкен­женов EnergyTech жүйесін және жа­сан­ды интеллектіні енгізу арқы­лы жү­зеге асырылып жатқан цифр­лық транс­формация туралы айтты. Оның сөзінше, электр беру желі­лерін тексеруде дрондарды, ал құ­быр­ларды диагностикалауда робот­тар­ды қолдану өз тиімділігін көрсетіп отыр.

«Енгізіліп жатқан құралдар тәжі­рибеде өз нәтижесін дәлел­деуде. Негізгі міндеттер – әуе желілеріндегі ақауларды анықтау және жылу желілерінің ішкі диагностикасы. Бұл бағыттағы экономикалық тиім­ділік ондаған миллиард теңгемен өлшенеді», деп түйіндеді Энергетика министрі.

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Желтоқсан 2025 13:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары