Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Енесі де, әйелі де әкімдікте істеген : Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

Енесі де, әйелі де әкімдікте істеген : Талғардағы қанды оқиғаға қатысты тың ақпарат шықты

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар қаласында 47 жастағы ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі барып білді.

Оқиға туралы марқұмның туыстары айтып берді.

"Әйелі үш жылқысын күйеуіне айтпай сатып жіберген. Бауырымыз полицияға арыз жазады, полиция кім сатқанын, кімге сатқанын бәрін дер кезінде анықтап берген. Жылқыны сатып алған адам осы үйдің әйелін көрсеткен. Бірақ әйел мойындамаған, содан жанжал шыққан", - дейді марқұмның Қайрат есімді туысы.

Оның сөзінше, күдікке ілінген енесі де, әйелі де Талғар әкімдігінде жұмыс істейді.

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған пәтер

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған пәтер

"Әйелі Талғар әкімі орынбасарының хатшысы, ал енесі сол әкімдікте кіре берісінде отырады, күзетші. Біздің ойымызша сол себепті де шулатпай жасырып ұстады", - дейді марқұмның туысы.

Туыстарының айтуынша, әйелі мен енесінің қолынан айуандықпен ажал құшқан Алмат Есенов кәсіпкер болған. Мал шаруашылығы бар, қалада газға байланысты қызмет көрсететін серіктестікте басшы қызметін атқарған.

"Ағамызды өлтіріп тастап, 5 сағат бойы балконда тығылып жатқан. Ағамыз жан дауысы шығып айқайға басқан, есіктен шыға алмаған. "Помогите" деп айқайлаған. Қарама-қарсы тұратын көршісі үй иесіне хабарласып, сенің үйіңде сұмдық боп жатыр деген. Пәтердің иесі 10 минутта жетіп келіп, полиция шақырған", - дейді туысы.

Күйеуін өлтірді деген күдікті әйел 39 жаста.

"Қазір 4 баласы ауылда, марқұмның әке-шешесінің қолында. Үлкені 15, ең кішісі 4 жаста. Оқиға сол төрт баланың көз алдында болған. Марқұм ағамыздың денесінің сау тамтығы қалмаған", - дейді туысы.

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған үй

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған үй

Алмат Есенов өлерінен 4 сағат бұрын отбасындағы жағдайы жақсы екенін айтып қарындасына хабарласқан.

"Кішкентай ұлмен үйдемін, ұйықтайын деп жатырмын. Қалған балалар қосымша сабақта деді. Бұл сағат 18:30 шамасында болды. Сағат он кезінде полиция ағаңыз ауыр жарақат алды деп хабарласты. Біз дереу келдік, үйге кіргізбеді. Есік алдында тұрғанда төрт баланы алып шығып, полиция маған берді. Қазір балалар ауылда, сабақтарына барып жүр, менің әке-шешемнің қолында. Ағамның бірінші отбасынан үш баласы, екінші отбасынан төрт баласы бар", - дейді марқұмның Әлия есімді қарындасы.

Зардап шеккен отбасының адвокаты Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, сараптама жасалып, тергеу жүріп жатыр. Марқұмның денесінде 30-дан астам пышақ жарақаты болған.

Алматы облыстық полиция департаменті күдікті екі әйел қамауға алынып, тергеу жүріп жатқанын айтты.

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған үйдің подъезі

Талғарда ер адам енесі мен әйелінің қолынан мерт болды - қанды оқиға болған үйдің подъезі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 13:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары