Өткір затпен салынған жарақаттар анықталды : Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты жаңа мәлімет шықты
Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырау қаласындағы "Геолог" ықшамауданынан табылған 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне байланысты жаңа деректер жария болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу органдарының алдын ала мәліметіне сәйкес, марқұмдардың денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар болған.
Оқиғаның мән-жайы туралы Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов түсініктеме берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындаған.
"Марқұмдардың денелерінде өткір затпен салынған жарақаттар бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деді Құттыбай Садықов.
Мамандардың айтуынша, сараптама қорытындысы арқылы марқұмдардың нақты неден қайтыс болғаны және олардың қашан көз жұмғаны анықталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 11:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















