Ерлан Ақкенженов Қытай инвесторларымен кездесу өткізді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
gov.kzЭнергетика министрі Ерлан Ақкенженов East Hope Group компаниялар тобының стратегиялық инвестициялар жөніндегі бас директоры Чен Леймен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қостанай облысында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. East Hope Group болашақ алюминий өндірістік кешенін энергиямен қамтамасыз ету үшін қуаты 1 ГВт көмір электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыруда. Сонымен қатар, қытайлық тарап жаңартылатын энергия көздері және көмір өнеркәсібі салаларындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
Ерлан Ақкенженов Қазақстанның өнеркәсіптік және энергетикалық әлеуетін дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруға Энергетика министрлігі тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Кездесу барысында инвестициялар тартудың, заманауи технологияларды енгізудің, өндірістерді жергіліктендірудің және жоғары қосылған құны бар жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы да айтылды.
Бүгін, 14:36
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Мамыр 2026 15:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















