Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Драматургиядағы дара даңғыл

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту стратегиялық міндет

Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту стратегиялық міндет

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мұнай-газ химиясын дамыту, газ өңдеу қуатын арттыру мен жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – Мемлекет басшысының Жол­дауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі. Осы маңызды мәсе­лелердің мән-жайын білу мақсатында Энер­гетика министрі Ерлан АҚКЕНЖЕНОВ мырзамен сұхбаттасып, елдің энергетикалық қауіп­сіз­д­ігін арттыруға бағыт­талған ірі жо­ба­лар­дың барысын, көмір­­­с­утектерді терең өңдеу келешегін, алдағы жылдарға жоспарланған жаң­ғыр­ту шараларын нақ­тылап алдық.

– Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Жоғары дәрежеде қайта өңдеу өндірістерін кеңейту үшін Энергетика министрлігі нақты қандай жұмыстар атқарып отыр?

– Мұнай-газ химиясы – еліміз үшін стратегиялық маңызды сала. Ол шикізат­ты терең өңдеуді, жоғары қо­сылған құны бар өнім шығаруды және эконо­ми­каның жаңа өсім нүктелерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Өткен жылы 2030 жылға дейінгі мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту туралы Жол картасы бекітілді. 15 млрд доллар тартумен және шамамен 20 мың жұмыс орнын (оның 4 мыңнан астамы тұрақты) құрумен 6 ірі жобаны іске асыру жоспарланған.

Басым бағыттардың қата­рында – бутадиен, полиэти­лен, карбамид өндіретін зауыт­тарды салу. Әсіресе по­лиэтилен өндіру жобасы елі­міздің өңдеу өнеркә­сібі тарихындағы ең ірі индус­трия­лық бастама­лардың бірі болуға тиіс. Сонымен қатар қуаттылығы жылына 500 мың тонналық полипропилен зауыты іске қосыл­ды. Жоспарланған мұнай-газ химиясы жобала­ры­ның жүзеге асуы елімізге көмір­сутектерді терең өң­деу көлемін айтарлықтай арт­ты­руға, сондай-ақ әлемдік мұнай химия нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

– Жолдауда газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету тапсырылды. Осы жобалардың қазіргі жай-күйі қандай, олар қашан іске қосылады?

– Ішкі нарықты табиғи газбен қамтамасыз ету – газ саласының басым бағыты. Біздің басты міндетіміз – өз газымызды қайта өңдеу. Бүгінде тарихи ауқымдағы жобалар іске асып отыр. Айталық Қашағанда газ өң­деу зауытының құрылы­сы жүргізіліп жатыр. Оның қуаттылығы жы­лына 1 млрд текше метр газды құрай­ды. Сондай-ақ екінші кезең аясында қуаттылығы 2,5 млрд текше метр /жыл ГӨЗ салу жо­басы пысықталып жатыр. Қарашығанақта газ өң­деу зауытын салу жобасы пысық­талуда. Жаңаөзен қаласында қуаттылығы жылына 900 млн  текше метр болатын жаңа ГӨЗ құрылысы басталды.

Сонымен қатар газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі Жол картасы іске асып жатыр, оның нәти­жесінде Рожковское, Өріктау Шығыс және Анабай кен орындары өнеркәсіптік пайда­лануға енгізілді.

Бұған қоса қатарлық серік­тестермен бірге «Бей­неу – Бозой – Шымкент» магистрал­дық газ құбыры­ның екінші желісі салынып жатыр. Биыл ұзындығы 300 шақырым болатын «Тал­дықорған – Үшарал» ма­гистралдық газ құбыры пайдалануға берілді.

– Еліміздегі жылу электр орталықтарының тозуы – мемлекеттік деңгейде мән беріліп отырған мәсе­ле. Өткен жылдары бол­ған апаттардың алдын алу және энергетикалық инф­ра­­құрылымды жаңарту үшін қандай шаралар қабыл­данып отыр?

– Инфрақұрылымның тозу деңгейін төменде­ту мақсатында ауқымды жөн­деу науқаны жүргізіліп жатыр. Биыл 10 энергия блогіне, 63 қазандыққа және 39 турбинаға күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыс нақты нәтиже беруде: 2024 жылмен салыстырғанда ЖЭО-ның орташа тозу деңгейі 64%-дан 61%-ға дейін төмен­деді. Бұл – энер­гетикалық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету шеңберіндегі жаңғырту мен жабдықты жаңарту нәтижесі.

Қазір қызыл аймақта 10 ЖЭО, сары аймақта – 17, жасыл аймақта – 10 нысан бар. ЖЭО-ларды жүйелі түрде жаңғырту жалғаса береді. Мақсат – тозуды жыл сайын төмендету және нысандарды қауіпсіз пайдалану аймағына көшіру. Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 1000 МВт-ға дейінгі маневрлік бугазды электр стансасының құрылысы белсенді жүріп жатыр. Сондай-ақ Қызылордада қуаттылығы 240 МВт болатын жаңа ЖЭО-ның құрылысы аяқталып қалды. Алматыдағы жылу орталықтары газға ауыстырылуға тиіс.

– Энергетика және ком­муналдық секторды жаң­ғыр­ту жөніндегі ұлттық жоба қа­лай іске асырылады, оның негізгі басымдықтары қандай?

– Еліміз барлық өңірді қамтитын ауқымды ұлттық жобаны іске асыруға кірісті. 2029 жылға қарай жылу желі­лерінің тозу деңгейін 52%-дан 42%-ға, ал электр желілерінің тозуын 74%-дан 45%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Мақсат – инфрақұ­ры­лымды кезең-кезеңімен жаңар­ту және жылу мен электр энергиясымен жаб­дық­таудың сенімділігін арттыру. Жалпы қуаттылығы 7,3 ГВт болатын генерация объектілерін салу және жаңғыртудың 29 жобасы қарастырылған.

– Еліміз 2060 жыл­ға қарай көміртегі бейта­­рап­­тығына қалай қол жеткіз­бек?

– Президент Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес, сонымен қатар елдің көміртегі ізін төмендету жө­ніндегі стратегиялық бағы­тын ескере отырып, энерге­тикалық жүйені қамтамасыз етудің негізгі шешімі – таза көмір технологиялары негі­зіндегі көмір генерациясын әрі қарай дамыту, сондай-ақ баламалы энергия көздерін (ЖЭК) енгізу. Энергетикалық көмір қоры шамамен 34 млрд тоннаны құрайтынын ескерсек, қазба отындарын толықтай тоқтату қисынсыз.

Сондықтан жаңа көмір стансалары қоршаған орта­ға әсері минималды, эколо­гиялық талаптарға сай «таза көмір» технологиялары не­гізінде салынады. Бұл ба­ғыттағы жарқын мысалдар – Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында салынатын жаңа ЖЭО-лар, сондай-ақ Курчатов пен Екібас­тұздағы жобалар. Мұн­да түтін газдарын тазарту жүйе­лері және көмірқышқыл газын ұстау технологиялары қолданылады. Сонымен қатар қолданыстағы көмір стансаларын жаңғырту кезінде де таза көмір технологиялары енгізілетін болады.

– Алдағы жылдары қандай Жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылады?

– Жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту белсенді жалғасып жатыр. Бұл – еліміздің энергети­ка­лық трансформациядағы маңызды бағыты. Бүгінде Қазақстанда қуаттылығы 3122 МВт болатын 156 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Биыл жалпы қуаты 455 МВт болатын 9 жаңа нысан іске қосылады. Еліміз стратегиялық халық­аралық инвесторлармен белсенді ынтымақтасып келеді. Олардың жобалық портфелі шамамен 5 ГВт-ны құрайды.

2035 жылға дейін 8 ГВт-дан астам жаңа ЖЭК қуат­тары іске асырылады. Мысалы, Жамбыл облысында қуат­тылығы 1 ГВт болатын ірі жел электр стансасын салу жоба­сы жүзеге асырылады. Біз Masdar компаниясымен ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Үкіметаралық келісімнің жасалуы мен ратификациялануы бұл жобаны жедел бастауға әрі тұрақты іске асыруға толық дайын екенімізді көрсетеді.

Әңгімелескен –

Қуат ӘУЕСБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see136

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see133

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see128

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see125

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see123

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see123

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see121

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see121

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see121

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see121

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see119

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see119

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see118

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see118

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see117

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see117

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see116

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see115

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see114

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары