Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Суды тиімді пайдалану стратегиялық міндет

Суды тиімді пайдалану стратегиялық міндет

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бүгінде су ресурстарын басқару экологиялық мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың маңызды факторы болып отыр. Сондықтан суды есеппен пайдалану, үнемдеу технологияларын енгізу, трансшекаралық су саясатын жетілдіру – күн тәртібіндегі өзекті міндет.

Сурет: ulys.kz

Кейінгі 3 жылдың шамасында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салада ауқымды реформа басталды. Басты жаңалық, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды, ал биылғы сәуірде жаңа Су кодексі қабылданды. Ізінше, су секторын дамыту басымдықтарын айқындайтын негізгі стратегиялық актілер бекітілді. Нақтыласақ, Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Су шаруашылығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары, сондай-ақ 2026 жылға дейінгі су үнемдеу жөніндегі жол картасы іске аса бастады. 2024 жылы қабылданған Су саласын дамытудың 2024–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында нақты 160 іс-шара қамтылған. Оның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу, 37 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау, шамамен 14 мың шақырым ирригациялық каналдар салу, реконструкциялау көзделген.

Нақты нәтижелерге тоқталсақ, былтыр сыйымдылығы 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасын, 120 мың гектар аумақты қамтамасыз ететін Қызылорда су торабын, Шымкент қаласындағы Тоғыс су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Бұдан басқа, еліміздің алты өңірінде, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау облыстарында 200 мыңға жуық тұрғыны бар 49 елді мекен сапалы ауызсумен қамтылды. Бұл мәселе аталған өңірлерде 8 топтық су құбырының құрылысы аяқталған­нан кейін шешімін тапқан. Салаға қарал­ған қаражат көлемі биыл да аз емес. Қаржыландыру көлемі 3,2 трлн теңге шамасында. Оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 1,4 трлн теңге, жергілікті бюджеттен 367,6 млрд теңге, халықаралық қаржы ұйымдарынан 1,4 трлн теңге бөлінген.  Биыл су ресурстары саласында сомасы 212 млрд теңгеден асатын 148 жоба іске асырылды. 10 облыста 2,6 мың шақырымнан асатын су құбыры желілерін салу, реконструкциялау жүріп жатыр. Мұның өзі халық саны шамамен 1,3 млн адам болатын 468 елді мекенді сумен жабдықтауды жақсарта түсуге мүмкіндік бермек. Бұл ретте 53 елді мекен орталықтан сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.

Биылдың өзінде Жетісу облысын­дағы Қызылағаш су қоймасының реконс­трукциясы аяқталған. Сонымен қатар Түркістан облысындағы «Қара­­қуыс» су қоймасы, Солтүстік Қазақ­стан облысындағы «Биопруд» жинақ­тағышы қоршау бөгетінің құрылысы, Ақмола облысындағы Жабай өзеніндегі жинақтағыштың құрылысы көп кешік­пей бітуге тиіс. Сол секілді Ынталы (Жамбыл облысы), Кировск (БҚО), Қапшағай (Түркістан облысы) су қойма­ларының реконструкциясы қызу жүріп жатыр. Осы ретте республика­лық бюджет және халықаралық қаржы ұйымдарының (Дүниежүзілік банк, Ислам банкі, Еуропалық банк) қаражаты есебінен 6 мың шақырымнан астам каналдарды (1 485 канал) реконструкциялау басталғанын, шамамен 200 мың гектар суарылатын ауданды қамтитын 962 шақырымға жуық канал пайдалануға берілетінін айта кеткеніміз жөн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, экономиканы дамытудың кепілі. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты фактордың бірі. Біз кейінгі екі жылда осы саланың институционал­дық негізін қалыптастырдық. Атап айтқан­да, Су кодексі қабылданды, арнайы министрлік құрылды. Бұл мекеменің алдында ауқымды міндет тұр. Оған үстіртін қарамау керек. Осы жұмыспен жүйелі түрде және жан-жақты айналысу қажет», деген еді.

Жолдауда  Президент кадр даярлау мәселесіне де аз-кем тоқталып, су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасау керегін айтты. Ол платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталмақ. Президент су үнемдейтін технологияны енгізу жұмысы баяу жүріп жатқанын, нақты нәтиже жоғын мысал ете отрып, бұл жұмысқа белгілі шетелдік компанияларды тартқан дұрыс екенін назарға салды. Сосын, егін суаруға қажетті суды еш рұқсатсыз, шартсыз бұрып алатын жайттармен қоса, «қара нарықтағы» суды заңсыз сату я сатып алу ісі белең алғанын ашып айтты. Расында, мұның барлығы кеше, бүгін пайда болған кемшіліктер емес. Бұрыннан қалыптасқан берекесіздік. Дамыған елдер су үнемдеу технология­лары арқылы тұрмыста пайдаланған суды өңдеп, басқа мақсатта пайдалануға көшіп жатыр. Ал біздегі кейбір каналдар арқылы судың 50%-ға дейін көлемі далаға кетеді.

Көктем шыға еліміздің кейбір ай­мақтарында су тасып, өзендер арнасынан асып жататын жағдайлар тіркеліп тұрады. Сондықтан тасқын суды жинап, оны тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінде. Мысалы, биылғы су тасыған кезде еліміздегі су қоймаларына 16,9 млрд текше метр су түскен деген дерек бар. Осы шақта 15,7 млрд текше метр еріген қар суын көл жүйелері мен көлтабандап суару жүйелеріне бөлу жұмыстары жүргізіліпті. Балқаш көліне Қапшағай су қоймасынан 3,8 млрд текше метр су жіберілген.

Тағы бір жаңалық, былтыр елде «Tasqyn» су тасқынын болжау мен модельдеу жүйесі енгізілді. Ол төтенше жағдайдың болу ықтималдығын модельдеуге, стратегиялық шешім қабылдау үшін тиісті болжам жасауға мүмкіндік береді. Қазір БҰҰДБ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірге судың су қоймаларына құйылуын болжауға және олардың жұмыс режімін модельдеуге арналған «Talsim» гидрологиялық моделін бейімдеу мен енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл вегетация кезеңінде 1,2 млн га ауыл шаруашылығы алқаптарын суа­ру үшін 11,1 текше метр су алынған. Оның 9,4 текше метрі «Қазсушар» РМК филиалдары арқылы қамтамасыз етілген. Коммуналдық және жекеменшік кәсіпорындардың су алуы 1,7 текше метр болды. Оңтүстік өңірлер 10,8 текше метр су пайдаланса, бұл жалпы су алудың 97%-ын құрайды екен. Былтырдан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК мен диқандар арасында тікелей шарт жасасу тәртібін енгізу бойынша жұмыс бастаған. Нәтижесінде, вегетациялық кезеңнің басында 26 753 шарт жасалған. Бұл қадам су шаруашылығы үдерістерін басқару деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Шын мәнінде, «Қазсушар» РМК филиалдары мен фермерлер тікелей шарт жасасқан соң су беру шарттарының ашықтығы қамтамасыз етіліп, тараптардың жауапкершілігі күшейгенін байқауға болады. Бұл  Президент Жолдауда басшылыққа алған суды рұқсатсыз пайдалану мәселесін қысқартуға мүмкіндік беруге тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 09:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары