Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ауған соғысының ардагері, ІІІ топ мүгедегі Шадияр Құралбаев ескі, апатты үйде тұратынын, жаңа баспанаға мұқтаж екенін айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Оның мәлімдеуінше, Ауған соғысында жарақат алған азаматтар 2020 жылы Президент Жарлығымен бекітілген Ардагерлер туралы заңда көрсетілгендей Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген және заң бойынша жергілікті атқарушы орган оларды үймен, басқа да әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуі тиіс.

«Апатты үйде тұрып жатырмын. Баспана салуға біріншіден жағдайым жоқ, екіншіден денсаулығым көтермейді. Жасым да келіп қалды. Заң шеңберінде жергілікті әкімдіктен көмек сұрап, өтініш хат жібердім. Тиісті азаматтарға да жолықтым. Бірақ әлі нәтиже болмай жатыр. Қала әкімдігі қолұшын созып, бұл мәселені оң жағынан шешіп береді деген үміттемін», дейді ардагер.

Ш.Құралбаев қалалық құрылыс басқармасына өтініш хат жазған. Алайда ондағы мамандар басқарма жеке сектордағы үйлерді жөндеуге, жаңасын салып беруге құзыретті емес екенін жеткізген. Жауап хатта сондай-ақ аудан әкімдігі демеушілер есебінен тұрғын үйге жәрдем бере алатыны жайында жайында.

Осыған байланысты біз Еңбекші ауданы әкімдігіне хабарластық. Әлеуметтік бөлім басшысы Ғалымжан Мырзашев бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Әкімдік осы мәселе бойынша ардагермен кездесіп, тұрмыс жағдайымен танысқан. Бұл ретте жергілікті атқарушы билік әлеуметтік қолдаудың бір нұсқасын қарастырып отыр.

Ардагер өз қалтасынан тәуелсіз бағалаушыларды жалдап, үйі тұруға жарамсыз деген төлқұжат алдыруы керек. Сол құжат бойынша кейін оған әкімдік тарапынан тегін баспана беріледі.

Алайда қазір тұрып жатқан жеке сектордағы үйі мемлекет есебіне өтеді. Немесе Жаңғырту бағдарламасымен Көксай шағынауданында бұзылып жатқан ескі үйлердің құрылыс материалдарын тегін жеткізіп беруге әкімдік келіскен. Бұл ұсынысты бірақ ардагер қабыл алмапты. Аудандық әкімдік маманы Ш.Құралбаевты Тұрғын үй басқармасына үй кезегіне тұра алмайтынын мәлімдеді. Себебі қазіргі баспанасы өзінің атында екен. Екіншіден ардагердің тұрмысы ешқандай әлеуметтік осал топқа жатпайды. Мемлекеттің тегін үймен қамту шарасы тек осымен ғана шектелген. Еңбекші ауданында орналасқан ірі кәсіпорын «ПетроҚазақстанОйлПродактс» мұнай өңдеу зауыты демеушілік танытып, айналасындағы елді мекендерге спорт кешендерін салып беріп жатыр.

Маманның айтуынша, инвесторлар бұл жерде жеке сектордағы үйлердің құрылысын қаржыландыруға міндетті емес. Олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қоғамдық нысандар салуды өз мойындарына алып отыр. Қысқасы маман Ауған соғысы ардагерлерін тегін үймен қамту заң шеңберінде қарастырылмағанын мәлімдеді.

Қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкері, ардагерлер қоғамдық бірлестіктерінің төрағасы Шымкент қаласының құрметті азаматы Серікбай Онбаевтың айтуынша, екімыңыншы жылдары шыққан Үкіметтің №2247-ші қаулысында Ауған соғысы ардагерлеріне тегін баспана беру мәселесі әлеуметтік көмектердің бір тетігі ретінде қарастырылған. Соның аясында ауған жерінде шайқасқан қаншама майдангер үйлі болды. Алайда 2020 жылы 6 мамырда шыққан Үкіметтің 322-6 қаулысымен бұл жеңілдіктер өзінің күшін жойды. Есесіне Семейдегі сынақ полигонында әскери міндетін өтеген, Чернобыль апатын жоюға атсалысқан, Таулы Қарабақ, Тәжік-Ауған, Ауған соғысында болғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілді.

Серікбай Онбаевтың мәлімдеуінше, жуырда Қазақстан бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің кезектен тыс жиналысы өткен. Онда Үкіметтің бұрынғы қаулысын кері қайтарып, Ауғанстандағы соғысқа қатысқан азаматтарға бөлек мәртебе беру туралы ұсыныстар айтылды. Олар арнайы өтініш хат ретінде Қорғаныс министрлігіне жолданды.

Ендігі ретте ардагерлер министрліктен қандай жауаптың келетінін күтіп отыр. Қоғамдық бірлестіктер төрағасының айтуынша Шымкентте 886 Ауған соғысы ардагері бар. Бірақ бейресми олардың саны 2.5 мыңнан асады. Көпшілігі өтірік құжат жасатып алғандар. Сондықтан да Президент елде әртүрлі ардагерлер көбейіп кеткенін мәселе ретінде айтқан болатын. Қазір Ауған жерінде соғысқан ардагерлердің деректері қорғаныс істері жөніндегі департамент тарапынан тексерілу үстінде. Ол үшін Ресейдің Подольск қаласындағы Орталық әскери архивтен құжаттары сұратылып жатыр.

Жалпы Шымкентте 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай жергілікті мәслихат бекіткен ережеге сай 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік сыйақы тағайындалған. Ал мүгедектігі бар ардагерлерге сауықтыру орталықтары мен шипажайларға тегін жолдама беріледі. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан алынған мәлімет бұл. Сонымен мемлекет тарапынан Ауған жеріндегі майдан жорығында болған азаматтарға осындай жеңілдіктер қарастырылған.

Қорыта айтқанда жастық шағында Отанға қызмет етіп, өмірін құрбандыққа тіккен сарбаздар қартайған шағында қоғамға керексіз болып, тасада қалып кетпесінші. Осы ретте Шадияр ағамыздың мәселесі өзінің оңды шешімін табар деген сенімдеміз.

Соңғы жаңалықтар

Ескі үйді паналаған ардагер жаңа баспана сұрайды

Қоғам • Бүгін, 12:42

Трамп АҚШ-қа импортталатын барлық тауарға 10 пайыз баж салығын енгізді

Әлем • Бүгін, 12:15

Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:05

Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиадада үздік жетілікке енді

Олимпиада • Бүгін, 11:55

Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медальдарымен марапатталды

Әскер • Бүгін, 11:45

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы бір жылға жарыстардан шеттетілді

Бокс • Бүгін, 11:18

Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?

Олимпиада • Бүгін, 10:48

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:18

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:25

Құндылықтар құнтталған құжат

Қоғам • Бүгін, 09:15

Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы

Реформа • Бүгін, 09:10

Жауапкершіліктің айқын көрінісі

Реформа • Бүгін, 09:07

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:225
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 12:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары