Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда ет бағасының қымбаттауы соңғы айларда қоғамда жиі талқыланатын мәселеге айналды. Халық үшін аса маңызды азық-түлік өнімдерінің бірі саналатын ет нарығындағы баға динамикасы ішкі нарықпен ғана емес, әлемдік экономикалық үрдістермен де байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Қазақстан – орташа баға сегментіндегі ел

2026 жылдың қаңтарындағы дерекке сәйкес, Қазақстан сиыр еті қымбаттығы бойынша әлемнің 76 мемлекетінің ішінде 42-орынды иеленді. Global Product Price халықаралық деректер платформасының мәліметі бойынша, елде сиыр етінің орташа бағасы 15,1 доллар, яғни шамамен 7,4 мың теңге болды.

Бұл көрсеткіш Қазақстанды баға деңгейі төмен елдер қатарына қоспайды. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде сиыр етінің келісі 12,5 доллар шамасында – Қазақстаннан шамамен 17%-ға арзан. Сондай-ақ Словения, Румыния, Сингапур, Мексика және Сауд Арабиясы сияқты мемлекеттерде де ет бағасы Қазақстанға қарағанда төмен.

Сонымен қатар, отандық өндірушілердің Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістан нарығына ет экспортын ұлғайту жоспары бар.

«Ет арзан» деген пікірге сараптамалық көзқарас

«Бәйтерек» холдингі басшысы Рустам Карағойшиннің ет бағасының төмендігі туралы пікірі қоғамда түрлі талқылау туғызды. Дегенмен халықаралық статистика Қазақстандағы бағаның өте төмен деңгейде емес екенін көрсетеді.

Мәселен, Африка елдерінде сиыр еті шамамен 5,4 доллардан басталатыны туралы деректер бар. Ал Қазақстанда мұндай баға соңғы онжылдықтарда тіркелмеген.

Архивтік статистикаға сүйенсек, 2000 жылдың наурызында Қазақстанда сиыр етінің келісі шамамен 214 теңге болған. 2010 жылдың қаңтарында орташа баға 641 теңгеге жетті, бұл сол кезеңдегі бағам бойынша шамамен 4,5 доллар еді.

Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылады

Қазіргі нарықтағы баға деңгейі

Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, 2026 жылдың ақпан айының бірінші онкүндігінде:

Сиыр еті (сүйексіз) – орта есеппен 4,9 мың теңге/кг

Жылқы еті – 4,1 мың теңге/кг

Қой еті – 3,9 мың теңге/кг

Аймақтар бойынша баға айырмашылығы сақталған. Мысалы:

Астана – 6,1 мың теңге/кг

Петропавл – 5,6 мың теңге/кг

Қонаев – 5,2 мың теңге/кг

Павлодар – 4,1 мың теңге/кг

Семей және Талдықорған – шамамен 4,2 мың теңге/кг

Бағаның өсуі – инфляциялық қысымның көрінісі

Ет және ет өнімдерінің қымбаттауы – соңғы айлардағы азық-түлік инфляциясының негізгі факторларының бірі.

2026 жылдың ақпанында ірі қалаларда сиыр етінің бағасы жылдық есепте орташа 26,8%-ға өсті. Кейбір өңірлерде өсім одан да жоғары болды:

Жезқазған – 48,2%

Көкшетау – 40,9%

Түркістан – 37,2%

Жылдық инфляция динамикасы 2025 жылдың күзінен бастап үдей түсті. Қыркүйекте ет бағасының өсімі 19,1% болса, желтоқсанға қарай 22,6% деңгейіне жетті. Ең қатты қымбаттау сиыр еті (32,1%) мен қой етінде (28,8%) байқалды.

Сиыр еті неге қымбаттады?

Әлемдік нарықтағы жағдай

Ет бағасының қымбаттауы тек Қазақстанға тән құбылыс емес. Дүниежүзі бойынша мал азығының, ветеринариялық дәрілердің және логистикалық қызметтердің қымбаттауы өнімнің өзіндік құнын арттырып отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының дерегіне сәйкес, әлемдік ет бағасының индексі өткен жылы 116,7-127,9% аралығында болған. 2026 жылдың қаңтарында индекс 123,8% деңгейінде тіркелді.

Фермерлер инвестициясы өсіп жатыр

Ет бағасының тұрақтылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығымен тікелей байланысты. Баға тым төмен болса, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер шығындарын өтей алмай қалуы мүмкін.

Өткен жылы мал шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 47,4%-ға өсіп, 32,7 млрд теңгеге жетті. Инвестицияның шамамен 73%-ы ірі қара мал өсіру кешендерін дамытуға бағытталған.

Алайда бұл өсім көбіне 2024 жылы төмен базадан қайта қалпына келу сипатында болды. 2025 жылы инвестиция көлемі біршама тұрақтана бастағаны байқалады.

Теңгерімді саясат қажет

Сарапшылардың пікірінше, ет бағасын жасанды түрде төмендету ауыл шаруашылығының дамуына кері әсер етуі мүмкін. Бірақ бағаның халықтың сатып алу қабілетінен шектен тыс алшақтауы да тұтыну нарығына қауіп төндіреді.

Сондықтан негізгі міндет – фермерлік шаруашылықтардың табысын арттыра отырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Өйткені азық-түлік нарығындағы тұрақтылық экономикалық және әлеуметтік тепе-теңдікке тікелей байланысты.

Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді

Соңғы жаңалықтар

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан

Қоғам • Бүгін, 18:35

Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Ата заң • Бүгін, 18:25

Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді

Ата заң • Бүгін, 18:13

Антарктика суларында алғаш рет акула табылды

Әлем • Бүгін, 18:04

Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды

Әлем • Бүгін, 17:58

Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 17:57

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер

Қысқы спорт • Бүгін, 17:56

Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды

Теннис • Бүгін, 17:49

Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 17:48

Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады

Футбол • Бүгін, 17:39

Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?

Экономика • Бүгін, 17:31

2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?

Экономика • Бүгін, 17:25

Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 17:14

Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті

Ата заң • Бүгін, 17:11

Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды

Аймақтар • Бүгін, 17:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 19:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see181

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see122

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see115

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see114

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see112

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see108

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see108

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see108

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see107

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see106

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

22 Тамыз 2026 09:16see105

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

21 Тамыз 2026 16:50see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары