Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Еуропада оқу: мүмкіндігі мен машақаты тең жол

Еуропада оқу: мүмкіндігі мен машақаты тең жол

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Сарапшылардың айтуынша, білім беру дипломатиясы Еуропалық одақтың жұмсақ күш страте­гия­сының негізгі элементі саналады. Біз қазақ­стан­дықтарға тегін оқуға мүм­кіндік беретін шетелдік универси­тет­тер­ді шолып көрдік. 

Еуропаның жұмсақ күші танктер мен санкциялар ар­­қылы емес, аудиториялар мен кі­­тапханалар, академиялық ер­кін­дік пен студенттік мобильділік ар­қылы да жұмыс істейді. Бұл сая­саттың алдыңғы мысал­да­ры­ның бірі – Erasmus Mundus және Erasmus+ бағдарламалары. Екеуі­нің мақсаты, мерзімі, оқу түрі жа­ғынан айырмашылығы бар. Erasmus+ бағытының ерекшелігі – оған Еуропалық одаққа кірмейтін мем­лекеттің студенттері де қатыса ала­ды. Мысалы, Қазақстан Еуро­па­лық одақтың мүшесі болма­ға­ны­мен, студенттер Erasmus+ ар­қы­лы Еуропа елдеріндегі оқу ор­нында тегін оқи алады. Бағ­дар­ламаның атауы ретінде ни­дер­лан­дық ғалым, философ Эразм Рот­тер­дамскийдің есімі алынған. Ол өмір бойы білімін жетілдіру жо­лын­да Еуропаның көптеген елі мен қаласында еңбек етіп, сонда өмір сүрген. 

– Бұл бағдарламаларға сту­дент­­тер де, жоғары оқу орнын бі­тір­ген жастар да қатыса алады. Бір­ақ бағдарламаның шарты қа­тал. Erasmus+ арқылы бакалав­риат, магистратура, докторантура сту­денттері академиялық ұтқыр­лық­пен ауысып оқи алады. Шарт­ты оқу мерзімі 3-12 ай болғанымен, көбіне студенттер алты ай, яғни бір семестр ауысып оқиды. Ал Eras­mus Mundus бағдарламасы шетелдік магистратурада толық грантпен оқуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға тапсыру үшін сіздің қай университетте оқығаныңыз немесе ол оқу орнының Erasmus+ келісімі болуы маңызды емес. Кез кел­ген үміткер тәуелсіз кандидат ре­тінде Еуропаның жетекші уни­верситеттеріне өтініш беріп, ма­гистр­лік білім ала алады, – дейді осы бағдарламаның түлегі Айым Тауасар. 

Оқу тегін, өмір сүру қымбат

Қазір «Еуропаға оқуға түсуге кө­мек­тесеміз» деген агенттік жар­на­малары желіде толып тұр. Де­ген­мен Италияға оқуға түскен Гүл­баршын Нұрханның айтуын­ша, ниеті бар жан шын кіріссе, өз күшімен Еуропалық оқу грантын ұтып ала алады. 

– Мен қазір Италияның Рим қа­ласындағы Tor Vergata уни­вер­си­тетінде Туризм мамандығында ма­гистратурада оқып жатырмын. Еуропаға оқуға түсу қиын емес. Ең бас­тысы, ағылшын тілін білуің керек. Бакалавр дипломың болса, құ­жаттарды дұрыс жинап, тап­сыр­саң болғаны. Еуропалық уни­вер­си­теттер белсенді, жақсы көр­сет­кіш­терге жеткен студенттерге ша­қыру жібереді. Ең қиыны – виза алу. Италияға оқуға түсіп тұр­саң да саған виза бермеуі мүм­кін. Ал виза алудың өзіндік талап­тары бар. Елшілік барлық құжат­қа, есеп­шоттағы қаржыға тесіліп қа­рай­ды. Виза алып болғаннан кейін ол жақтан шәкіртақы алуға тап­сыру қажет. Италияда оқуға тап­сыру процесі өте баяу жүреді. Қа­зақстан сияқты цифрланбаған. Құжат қабылдау жағы қиындық тудырады, – дейді Гүлбаршын Нұрхан.

Оның айтуынша, Еуропада са­баққа келіп, келме­ге­нің­ді қатты тексермейді. Бірақ ем­­тихан тапсыруыңды қа­да­ғалай­ды. Ол жақта емтиханның уақы­тын өзің таңдайсың. Тіпті, бір ай­да бірнеше рет тапсыруға да бо­лады. Біздің университеттермен са­лыстырғанда, емтихан тапсыру­дың стресі азырақ. Егер дип­ло­мың­да ағылшын тілінен жақсы же­тістіктер болса, кейбір гума­ни­тар­лық мамандықтарға IELTS тап­сырмай-ақ түсуге болады. Ол үшін мотивациялық хатты жо­ғары деңгейде толтыру керек.  

– Ал Италияда жұ­мыс істеу үшін инта­лиян­ша міндетті түр­де білуің керек. Се­б­ебі халық өз мә­дениетін, та­ри­хын құрмет­тей­ді. Универси­тет­те инталиянша үй­рететін курстар бар. Италия мә­де­ниеті мүл­дем басқа халық. Олар жұмысқа қатты бе­ріл­мей, барын­ша жайлы өмір сүреді. Үнемі күліп, бір-біріне жылы сөз айтып жү­­реді. Біз түскен мамандыққа еу­ро­палықтар көп түспейді. Сон­дық­тан ТМД-дан түскен студент­тер өте көп. Италия өздері игерме­ген грантты шетелдік студенттерге бө­леді. Ал шәкіртақы, жатақха­на­ны беру әр қаласында әртүрлі. Рим­де тіпті үш уақыт ыстық та­мақ­қа талон береді. Біз пәтер жал­дап тұрып жатырмыз. Бір бөлме екі адам­ға айына 600-700 мың теңге шы­ғады. Ол жақта өмір сүру қым­бат. Сондықтан қосымша жұмыс іс­теу үшін ағылшынша немесе ита­лиянша, испанша білу керек, – дейді Гүлбаршын Нұрхан.  

Кәрі құрлықта гранттар толық игерілмейді

Жалпы, Еуропа бүгінде ай­қын демографиялық өз­герістер кезеңін бастан өткеріп отыр. Халықтың қартаюы үдеп, ең­бекке қабілетті жастардың үлесі жыл сайын азаюда. Сонымен қа­тар еуропалық жастардың өздері мек­теп бітіре сала жоғары оқу ор­­­нына түсуге бұрынғыдай асық­пай­ды. Көпшілігі gap year алып, жұм­ыс істеп көруді, саяхаттауды не­месе кәсіби бағытын кейінірек таңдауды жөн санайды. Осының салдарынан бірқатар елде уни­вер­ситеттердегі оқу орындары мен грант­тар толық игерілмей қа­лып отыр. Білім жүйесінің әлеуеті бар, инф­рақұрылым дайын, бірақ оны тол­ты­ратын студент саны жет­кіліксіз. Дәл осы жерде шетел­дік сту­денттерге деген қызығушылық арта түседі. Еуро­пада білім алу бойын­ша са­рап­­шы Дәурен Зеке­новтың ай­туын­ша, Поль­ша, Ита­лия, Сло­ва­кия, Гре­ция, Германия, Франция сияқ­ты мем­лекеттерде ана тілін біл­сеңіз, те­гін білім алуға мүм­кін­дік көп. 

– Еуропаға кез келген қазақ­стан­дық түлек ҰБТ тапсырмай-ақ, грант­қа оқуға түсе алады. Ол үшін ең бастысы құжаттарды дұрыс дайындап, университетке өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру. Қа­жет­ті құжаттардың толық тізімі әр жоғары оқу орнының ресми сай­тын­да көрсетіледі. Алайда прак­ти­када бәрі соншалықты оңай емес. Интернеттегі ақпарат кей­де ескірген, кейбір маңызды де­таль­дар толық түсіндірілмейді не­месе әр университеттің өз ішкі та­лаптары болады. Бұған қоса, ви­за рәсімдеу кезінде күтпеген нюанс­тар шығып жатады. Дәл осы бюрократиялық кедергілер көпте­ген қазақстандық студенттің Еуро­пада оқу мүмкіндігін шектеп отыр, – дейді сарапшы. 

Енді «Еуропаның қай ел­де­рін­де грант алуға мүмкіндік көп?» де­ген сұраққа жауап іздеп көрсек. Ойымызға бірінші келетіні – Нор­вегия. Норвегиялық студенттердің шамамен 10%-ы – шетелдіктер. Мұн­да оқудың артықшылығы – ем­тихандар болмайды және ағыл­шын тілінде оқу мүмкіндігі қарас­ты­рылған, кемшілігі – баспана мен тамақ қымбат. Норвегияның мем­лекеттік университеттерінде оқу тегін, бірақ университетке бай­ланысты семестрлік 30-70 еуро төлеу керек. Екінші, Грекия уни­вер­ситетіне түсу үшін емтихан тап­сырудың қажеті жоқ, бірақ за­манауи грек тілін білу немесе курс­тардан өту қажет. Үздік ат­тес­тат мүмкіндігіңізді айтарлықтай арт­тырады. Оқу ақысы мемле­кет­тік университеттерде шетелдіктер үшін тегін, тіл үйренудің бірінші жы­лы ғана ақылы (760-830 еуро). Уни­верситетке қабылдау серти­фикаттар конкурсы негізінде жү­зеге асады. Грекияда студенттерге жеңілдіктер беретін жыл сайынғы әкімшілік алым (шамамен 500-700 еуро) бар: оқу материалдары мен жеңілдетілген тарифтермен та­мақ­тануға жұмсалады. 

Үшінші орында – Чехия. Мұн­да жоғары білімнің артықшылығы тілді үйрену жылдамдығы мен өмір сүрудің жеңіл болуымен бай­ла­нысты. Чехия ТМД-дан келген сту­денттерді ықыласпен қабыл­дай­ды, бірақ сертификатты рас­тап, емтихан тапсыру қажет. Оқу ақысы мемлекеттік универси­тет­терде чех тілінде – тегін. 

Төртінші, Германия универ­си­теттері. Жоғары оқу орнына түсу оңай емес, бірақ мүмкіндік те бар­шы­лық. Оқу тегін, бірақ семестр­лік төлем деп аталатын төлемді тө­леу керек. Университетке бай­ла­нысты семестрге 100-ден 300 еу­роға дейін болады. Бұл кітапха­на, асхана, студент билеті және жеңілдетілген жол жүру билетін пайдалану ақысына жұмсалады. 

Бесінші орында Аустрия тұр. ТМД елдерінен келген үміткер­лер­ге қойылатын талаптар Герма­ния­ға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Тіл білмесеңіз де, мектептен кейін бірден оқуға түсе аласыз, ал оқуды бітіргеннен кейін олар сізге жұ­мыс іздеуге уақыт береді. Оқу ақы­сы мемлекеттік универ­си­тет­терде тегін, тек семестрлік төлемді төлеу керек. Ол ТМД елдерінің тұр­ғындары үшін 360 еуродан жо­ғары тұрады.

Еуропалық мемлекеттер үшін халықаралық сту­дент­­­тер­ді тарту – уақытша шара емес, стратегиялық қадам. Бірін­шіден, бұл университеттердің қар­жылық және академиялық тұ­рақтылығын сақтауға көмек­те­седі. Екіншіден, еңбек нарығына бейім, жас әрі білімді кадрлардың легін қалыптастырады. Үшін­ші­ден, ұзақ мерзімде демографиялық теңгерімді жұмсартудың бір те­ті­гіне айналды. Қазақстан сияқты елдерден келетін студенттер бұл жүйе­де ерекше орын алады. Бос қал­ған гранттарды игеріп қана қой­май, еуропалық қоғамға жаңа сер­пін, мәдениет пен еңбек әлеуе­тін әкеледі. Ал Еуропада білім ал­ған жастардың бір бөлігі оқуын аяқтаған соң сол елдерде қалып, экономикаға тікелей үлес қоса бас­тайды.

Осылайша, Еуропаның шетел­дік студенттерге ашықтығы де­мо­графия, экономика және білім беру дипломатиясы тоғысқан праг­матикалық саясатқа айналып отыр.

Көктем ҚАРҚЫН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:230
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see139

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see139

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see137

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see136

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see136

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see135

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see135

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see134

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see133

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see130

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see128

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see127

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see120

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see119

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see117

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see117

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see116

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see116

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары