Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Газа экономикасы құлдырау кезеңінде

Газа экономикасы құлдырау кезеңінде

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Израиль премьер-министрі келісімнің жүзеге асу үдерісіне разы емес. Бейбіт жоспардың алғашқы кезеңі аяқталды. Енді екінші кезең басталуға тиіс. Алайда екі жақта бұған дайын емес. 

ХАМАС уағдаластық бойынша 28 тұтқынның сүйегін толық тапсыра алмады. Егер жағдай ретке келмесе, аймақта жағдайдың ушығатын түрі бар.

Израиль-ХАМАС келісімі бұзылуы мүмкін:

- Израиль мен ХАМАС бір-біріне әлі тіс қайрап отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған Газа жоспарына қатысты шарттар ішінара ғана орындалды. ХАМАС шартқа көнгенмен, қаруын тастайтын түрі көрінбейді. Ал Трамп бұған сенімді болды. Израиль тарапынан өлгендердің сүйегі де қайтпай жатыр. Өйткені құлаған үйдің астында қалған болмаса бомба түскен жерде көміліп қалған адам мүрдесін табу оңай емес. Топ өкілдері адам сүйектерін үйінді астынан табу үшін әуелі техника сосын уақыт қажет дейді. Алайда бұған Израильді сендіру қиын. Биньямин Нетаньяху бұл ХАМАС-тың кезекті айлы-шарғысы, әдейі істеп отыруы мүмкін дегенді алға тартады. Оылайша тараптардың пікірі тағы қақ жарылды. 

Ахмад Абдул-Хади, Ливандағы ХАМАС өкілі:

- Халқымызды қырып-жоюға бағытталған әрекеттерді тоқтатуға тырыстық. Иә, келісімге сәйкес, ХАМАС бас тартады. Алайда бұл кері шегіну емес. Жағдайға қарай, іс-әрекетті өзгертеміз. Тұтқындарды толық қайтару туралы уәдені орындаймыз. Оның жүзеге асу бүгін-ертең болатын нәрсе емес. Қаза тапқандарының денесін табуға уақыт керек.

Келісім жүзеге аспаса, зардабын тартатын халық. Газалықтарға тыныш өмір бұйырмай-ақ қойды. Аймақ экономикасы құлдыраудың аз-ақ алдында тұр. Инфрақұрылымның 85%-ы жарамсыз. 400 мың көпқабатты үй толық қираған. Су, электр желісі мен байланыс жүйелері түгел істен шыққан. Халықтың негізгі күнкөрісі - ауылшаруашылығы еді. Егістік алқаптарының түгі қалмаған. Мектептердің орны ғана жатыр. Бұл білім саласына салмақ салары сөзсіз. Барынан айырылған жұрт, қазір тақыр кедейге айналған. Соғысқа дейін кедейлік бойынша көрсеткіш 40 пайыз болса, қазір 90 пайызға жетті. Дүниежүзілік банк пен Біріккен Ұлттар Ұйымы бірлесіп жүргізген есеп бойынша, Газаның экономикалық әлеуеті қақтығыс әсерінен 83 пайызға әлсіреп, жұмыссыздық деңгейі 80 пайызға дейін күрт өскен.

Исса Ан-Наджар, тұрғын:

- Кедейлік деген тек материалдық жоқшылық емес. Бұл – өмір сүру жағдайы. Соғысқа дейін бізде ғимараттар, үйлер, фермалар, фабрикалар және кәсіпорындар болды. Өкінішке қарай, бәрі бір сәтте тып-типыл болды.

Газа қазір әлемнен оқшауланып қалған. Десе де геосаяси жағынан ықпалы басым. Сосын бұл жерге көз тігетіндер мен байлығын иеленгісі келетіндер көбейді. Қазір гуманитарлық дағдарыс ушығып тұрғанымен, болашақта экономикалық әлеуеті зор энергетикалық ресурстары мол тартымды аймақ бола алады. Өйткені стратегиялық тұрғыда орналасқан жері, климаты бәрі мінсіз. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқандықтан, Еуропа – Африка – Азия арасындағы тауар ағынына қосылуға мүмкіндігі бар. Бұл теңізге шығатын жол мен сауда, логистика саласына тың серпіліс береді. Топырағы құнарлы болғандықтан, соғысқа дейін цитрус жемістері, зәйтүн, көкөністер мен гүл экспортымен танымал болған. Тізе берсек артықшылығы көп-ақ.

Алайда бұл артықшылықтарды пайдалану үшін соғысты тоқтату, инфрақұрылымды қалпына келтіру және халықаралық қолдау қажет. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 09:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары