Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Геосаяси тәуекелдер мен мүмкіндіктер: Алматыдағы New Vision Forum да әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады

Геосаяси тәуекелдер мен мүмкіндіктер: Алматыдағы New Vision Forum да әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

11-13 маусым аралығында Алматы қаласында жыл сайынғы New Vision Forum өтеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл – тұрақты бизнес-қоғамдастықтарды қалыптастыруға арналған аймақтағы басты іскерлік шара. Форум жұмысына 4 000-нан астам кәсіпкер мен 200 жетекші компания өкілдері технология және басқару саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жиналады.

Бағдарлама аясында әлемдік деңгейдегі спикерлер мен танымал сарапшылар сөз сөйлейді. Олардың қатарында Жозе Мануэл Баррозу (Еуропалық комиссияның экс-төрағасы), Дон Тэпскот (цифрлық экономика және блокчейн сарапшысы), Люк Джулия (Siri негізін қалаушылардың бірі), Джон Грей (әйгілі «Еркектер Марстан, әйелдер Венерадан» бестселлерінің авторы) және Саша Мишо (Glovo негізін қалаушы) бар.

Жобаның бастамашылары – Мақсат Құрбенов пен Қанат Көпбаев ашық диалог алаңын құруды мақсат етіп отыр. Форумға қазақстандық бизнестің көшбасшылары: Айдын Рахымбаев (BI Group), Елдар Әбдіразақов (Centras Group), Арманжан Байтасов (Tan Media Group), Әділ Тасболатов (Royal Flowers) және тағы басқа беделді тұлғалар қатысады. Сондай-ақ шараға бизнес визионерлері, мемлекеттік орган өкілдері, инвесторлар, креативті индустрия және технология саласының новаторлары шақырылған.

«Форумда әлемдік деңгейдегі сарапшылар мен қазақстандық мықты көшбасшылар ой бөліседі. Әсіресе, Жозе Мануэл Баррозудың қатысуы біз үшін ерекше маңызды. Ол – он жыл бойы Еуропалық комиссияны басқарған және Португалияның премьер-министрі болған әлемдік деңгейдегі саясаткер. Мұндай сарапшылармен диалог құру жаһандық геосаяси жағдайды талдауға және отандық бизнестің әлемдік экономикадан өз орнын табуына мүмкіндік береді. Оның халықаралық институттарды басқарудағы тәжірибесі біздің жобаларды Қазақстан шекарасынан тыс жерлерге шығару үшін қажетті бірегей көзқарас береді», – дейді форум негізін қалаушы әрі бас директор Мақсат Құрбенов.

Жеке тиімділік пен технологиялардан бөлек, New Vision Forum-ның басты тақырыптарының бірі – геосаясат және отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығару стратегиясы болмақ. Қазіргі таңда кәсіпкерлер үшін жаһандық трендтерді жіті түсіну аса маңызды. Форумда компанияларды масштабтау, шетелдік серіктестер табу және жаңа экономикалық шынайылыққа бейімделу жолдары қарастырылады.

«Әлем тез өзгеруде, сондықтан қазақстандық бизнес халықаралық аренада батыл әрекет етуі тиіс. Біздің кәсіпкерлердің жаһандық деңгейдегі компаниялар құру үшін әлеуеті де, жігері де жетеді деп сенемін. Біз New Vision Forum-ды әрбір кәсіпкер үйреншікті шеңберден шығып, өз ісіне жаңа қырынан қарай алатын еркін кеңістік ретінде қалыптастырдық», – деп атап өтті Kusto Group қосалқы құрылтайшысы, форум төрағасы Қанат Көпбаев.

Форум барысында қатысушылар ортақ міндеттерді талқылап, тәжірибе алмасу арқылы өз жобалары үшін оңтайлы шешімдер қабылдай алады.

Айта кетейік, өткен жылдары бұл жаһандық алаңда 200-ден астам спикер сөз сөйлеп, стратегиялық диалог пен көшбасшылық шешімдер әзірлеудің тиімді платформасына айналды. Шараға 100-ден астам экспонент-компания қатысып, жүздеген сессиялар мен воркшоптар өткізілген болатын.

Биыл New Vision Forum-да 5 000-нан астам қатысушы бас қосады. Бағдарлама компаниялардың өсуіне септігін тигізетін нақты бизнес-кейстерді талдауға бағытталған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл шара құрылтайшылар мен топ-менеджерлерге, инвесторлар мен маркетологтарға, сондай-ақ креативті және технологиялық командалар үшін де өте пайдалы болмақ. Іскерлік бағдарламамен қатар, қатысушыларға нетворкинг, интерактивті аймақтар мен технологиялық көрмелер ұсынылады.

Билет құнына New Vision Expo көрмесіне кіру, шеберлік сабақтарының жазбалары, жабық сессияларға қатысу және арнайы пакеттер аясындағы мәдени бағдарламалар енгізілген.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Nobel Fest. Форум Алматы қаласының әкімдігі қолдауымен өтуде. Ресми әуе тасымалдаушысы – Air Astana. Форумның ресми серіктестері: Kusto Group, білім беру компаниясы Q Group, қазақстандық ASIYA бренді, Berik and Bayan Kaniyev Foundation, KIT Business Community, Chatium және MYD Production. Сондай-ақ  іс-шара серіктестері ретінде “Нұрбанк” АҚ мен Kusto Home өңірдегі бизнес, білім беру және инновациялар жөніндегі диалогтың дамуын қолдауда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 14:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары