Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

Жезқазғанда әлемдік деңгейдегі геологиялық кластер ашылды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мұнда орнатылған заманауи техникалық жабдық әлемде небары жеті орталықта ғана бар, ал кластердің өзі Орталық Азия бойынша ең ауқымды әрі алғашқы нысан болып саналады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геология саласының дамуы ел экономикасының өсуі үшін маңызды шарт екенін бірнеше рет атап өтті. Президент кен өндіру секторын басқару жүйесін жаңғыртуды және Қазақстан аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін айтарлықтай арттыруды міндеттеді. Геокластер құру осы басымдыққа сай және геологиялық барлауды жаңартуға қажетті практикалық негізді күшейтеді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Геологиялық кластер – Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы нысан. Оқу орталығы мен зертханалық кешеннің бір жерде орналасуы геологиялық ақпаратты жедел алуға және соның нәтижесінде барлау жүргізу барысында дереу шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жобаға 11 млрд теңге шамасында инвестиция құйды. Құрылысты мердігер ретінде отандық Tansu Construction компаниясы жүзеге асырды. Алаңда 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Геологиялық кластерді басқару "Kazakhmys Barlau" ЖШС-ға тапсырылды.

Кластер құрамында еліміздегі ең ірі керн сақтау қоймасы жұмыс істейді. Оның сыйымдылығы 200 мың қума метр керн сақтауға жетеді және бастапқы геологиялық деректердің ұлттық мұрағатын қалыптастырады. Бұл кез келген уақытта бастапқы деректерге оралып, жұмыс істейтін геологиялық модельдерді нақтылауға және барлау жұмысы барысында тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді.

Зертханалық блок аналитикалық зерттеу саласындағы әлемдік көшбасшы – австралиялық ALS компаниясымен бірлесіп жасалды. Бұл геохимиялық дерек сапасының жоғары және халықаралық стандартқа сай болуына кепілдік береді.

Кластерде ұңғымалық кернді автоматты түрде сканерлеуге арналған Ancorelog (Германия) технологиясы және алынған ақпаратты өңдеу үшін жасанды интеллект (ЖИ) негізіндегі LithoLens бағдарламалық жасақтамасы қолданылады. Олар кернді талдау жылдамдығын бір ауысымда 60-тан 240 қума метрге дейін арттырады.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аталған технологияларды кешенді қолдану кен орындарын геологиялық болжау модельдерін жедел құруға және алынатын ақпараттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз Қазақстан геологиясын дәлірек, жедел, әрі технологиялық тұрғыдан озық ететін инфрақұрылым ашып отырмыз. Бастапқы деректерді сақтау, зертханалық талдау, цифрлық өңдеу және мамандарды оқыту – осының барлығы бір алаңға біріктірілді. Бұл – еліміздің минералдық-шикізат базасын тұрақты дамытуға қызмет ететін жаңа деңгей", – деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев ашылу салтанатында.

Іс-шараға бір топ Мәжіліс депутаты қатысты. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, елімізде геологиялық кластер құру үшін берік заңнамалық негіз қалыптасып жатыр. Ол толықтай ұлттық экономиканы ілгерілетуге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін болады.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекске өзгерістер енгізілуде. Осы аптада Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда қабылдап, Сенатқа жолдады.

Бұл түзетулердің негізгі мақсаты – индустриялық сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру. Жаңа заң бірінші кезекте осы отандық геологияны жандандыруға ерекше серпін береді.

"Жаңа нормаларға сәйкес, қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдерде инвестиция шегін едәуір ұлғайтып жатырмыз. Бұдан бөлек, қол қою бонустарынан түскен қаражаттың кемінде 50 пайызы мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерделеуге жіберілетін болады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын заңдастырдық. Инвесторларға қажетті процестердің бәрі сол портал арқылы іске асады. Бұл инвестор тартуға, оларға қажетті қызмет көрсетуге жол ашады. Демек, ашықтық, әділдік пен бәсекелестік болады деген сөз. Жаңа заң Жезқазғанда құрылған геологиялық кластер сияқты инвестициялық жобаларды ілгерілетуге зор септігін тигізері сөзсіз. Тұтастай алғанда, мұның бәрі ел экономикасын дамытуға, халықтың тұрмысын жақсартуға жол ашады", – деді Еділ Жаңбыршин.

Кластердің базасында Colorado School of Mines-пен бірлескен заманауи геофизикалық зертхана жұмыс істейді. Ол әлемдік өндірушілердің озық құрал-жабдығымен жасақталған. Іске қосу-реттеу жұмысын, техникалық қызмет көрсетуді және сертификатталған жөндеуді "Qazaq Geophysics" ЖШС мамандары жүзеге асырады. Зертхана елдің ғылыми-зерттеушілік әлеуетін дамыту үшін құрылған. Мұнда геофизика, аспап жасау және робототехника салаларының білікті мамандары даярланады.

Кластердің диспетчерлік орталығы "Kazakhmys Barlau" ЖШС-ның геологиялық барлау жұмысын басқарудың біртұтас нүктесі болып табылады. Мұнда көлік, бұрғылау қондырғылары мен барлық аналитика нақты уақыт режимінде бақыланады.

Бұдан бөлек кластер құрамына оқу-әдістемелік блок кіреді. Ол мамандарды даярлау және қайта даярлауға арналған және болашақта құрылатын Ұлытау университетінің бағдарламаларымен интеграцияланады. Бұл университеттің түлектері бірден үш диплом: университеттің өз дипломы, Satbayev University және әлемдегі алғашқы Colorado School of Mines филиалының дипломын алады. Бұл жоба тек білім мен экономиканы ғана емес, аймақтың болмысын да өзгертеді. Кластер аумағында мұражай бар.

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Геологиялық кластер Жезқазғанның ғылыми-өндірістік әлеуетін нығайтады. Жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіби өсу мүмкіндігін кеңейтеді және аймақтың ғылыми-техникалық базасын күшейтеді. Жоба Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасын жалғастырып, Қазақстанның заманауи геологиялық мектебінің дамуына үлес қосады.

"Бес жыл бойы біз ғылымды, білім мен өндірісті біріктіретін жоғары технологиялық хаб құрумен айналыстық. Жобамыз әлемнің жетекші геологиялық орталықтарының тәжірибесіне негізделген және саланың халықаралық көшбасшыларымен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Құрылған кластер барлаудың заманауи әдістерін енгізуге, жаңа құзыреттерді дамытуға және Қазақстанның геологиялық саласының болашағын айқындайтын кәсіби орта қалыптастыруға мүмкіндік береді", — деді "Kazakhmys Barlau" ЖШС Бас директоры Ғалым Нұржанов.

"Қазақмыстың" геологиялық кластерінің ашылуы – өңір үшін де, тұтас сала үшін маңызды оқиға. Бұл жоба геологияны цифрландыруды жеделдетіп, зерттеу әлеуетін арттырады және Қазақстанның геологиялық барлау саласын халықаралық деңгейге шығарады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары