Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Грузин инвесторы Құрық портынан Әзербайжанға шығатын паромдарды іске қосады

Грузин инвесторы Құрық портынан Әзербайжанға шығатын паромдарды іске қосады

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Құрық – Әлят (Әзербайжан) бағыты бойынша Каспий теңізі арқылы тұрақты теңіз паром қатынасын ұйымдастыру жобасын Маңғыстау облысының әкімі мен Грузияның Қазақстандағы елшісі талқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидзе бастаған делегациямен кездесті.

Тараптар Маңғыстау облысы мен Грузия арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық, туристік және мәдени бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Каспий теңізі арқылы Құрық – Алят (Әзербайжан) бағытында тұрақты теңіз паром қатынасын ұйымдастыру жобасы талқыланды. «Georgian Industrial Group» бастамасымен іске асырылып жатқан жоба аясында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында екі паромды іске қосу жоспарлануда. 2027 жылға қарай паром флоты алты кемеге дейін ұлғаймақ. Бұл Каспий бағытындағы жүк тасымалы көлемін арттыруға, порт инфрақұрылымын дамытуға және «Транскаспий халықаралық көлік бағытының» тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстаудың инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталып, өңірдің географиялық орналасуы, көлік инфрақұрылымы және қолайлы инвестициялық ахуалы екі жақты серіктестік үшін маңызды фактор екенін айтты.

– Маңғыстау өңірі – еліміздің өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Біз мұнай-газ, көлік-логистика, туризм, өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп салалары бойынша өзара тиімді жобаларды дамытуға мүдделіміз. Әсіресе Каспий арқылы транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту бағытында бірлескен бастамаларға ашықпыз, – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Елші Леван Диасамидзе Грузияның көлік, логистика және туризм салаларында Қазақстанмен, соның ішінде Маңғыстау облысымен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы мен Грузия арасындағы 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы сыртқы сауда айналымы 1,9 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде грузин капиталының қатысуымен 51 кәсіпорын жұмыс істейді.

Бүгін, 16:46

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 17:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see149

Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды

25 Қазан 2026 16:13see146

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see145

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see144

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see143

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see142

Исхар Курбаев әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

25 Қазан 2026 18:29see136

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда

25 Қазан 2026 16:29see131

Қазақстандық курсант BoxRec рейтингінің үздік ондығына енді

25 Қазан 2026 15:54see127

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see121

Ресей Қазақстандағы ауқымды реформаларды құптайды елші Бородавкин

26 Қазан 2026 10:23see118

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see116

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see116

Тоқаев Лула да Силваны Бразилия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

26 Қазан 2026 09:51see116

Тоқаев Ақордада ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан 2026 12:30see116

Астанада Республика күніне арналған дәстүрлі бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды

25 Қазан 2026 12:52see115

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see114

Қарағанды ​​облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

25 Қазан 2026 14:26see111

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see111

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары