Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Гүлжәмила Қамарова, волонтер: Волонтерлік бағытта үйренеріміз әлі де көп

Гүлжәмила Қамарова, волонтер: Волонтерлік бағытта үйренеріміз әлі де көп

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

– Мына қарбалас заманда уақыт – ең қымбат құндылық. Орны толмайды, қайта айналып келмейді. Осы құнды уақы­тыңызды сіз өзгелерге арнайсыз. Мейірім мен ізгіліктің бастауын қайдан алдыңыз?

– Өмірде әркімнің қолдауға мұқтаж болатын сәттері кездеседі. Егер менің уақытым, көмегім немесе бірауыз ақылым біреудің мәселесін шешуге септігін ти­гізсе, соның өзі үлкен нәтиже деп есеп­теймін. Адамдар бір-біріне жанашыр болып, қолдау көрсете білсе, қоғам да мейірімді әрі берекелі бола түседі. Әрине, болмысымыздағы бауырмалдық тектен тамыр тартады. Ол ана мен әкенің, ортаның тәрбиесімен беки түседі. Азаматтардың ризашылығын көрген соң, сол құндылық өмірлік ұстанымыңа айналады. Еріктілікпен оқушы кезімнен айналыссам да, мұның мәнін халық әбігерге түскен пандемия тұсында кәдімгідей сезіндім. Ел абдырап, жұртты қорқыныш билегенде, үйі­мізде отыра алмадық. Қолдан келгенше, дәрі-дәрмек, оттегі баллондарын тасыдық, ас-ауқатын қамдап, тұрмысы тұралаған жандарға барынша демеу болып, қолдау көрсеттік.

Осылайша, 2020 жылы Ұлттық волонтер­лік желіге қосылдым. Артынша аймақ­тық үй­лестіруші деңгейіне дейін өстім. 2022 жылы Астана қаласы бойынша жобаны жүзеге асыруға шақырды. Уақыт өте келе республикалық үйлестіруші атандым. Қазір халықаралық ынтымақтастық пен волонтерлік бастамаларды дамыту бағытын басқарамын. Негізгі жұмысым – төтенше жағдайлардың алдын алу және әрекет ету, экология мен жануарларды қорғау салаларындағы бірқатар жобамен байланысты.

– Волонтерлер елдегі орман өрті, тас­қын кезінде де алдыңғы қатардан ­табылып, елге пайдасын тигізді. От пен судың ортасында жүргендердің өмірі мен денсаулығы қаншалықты қорғалған? Оларға құқықтық не мате­риалдық қолдау көрсетіле ме?

– Волонтерлер еңбегін бір сөзбен ба­ғалау қиын. Бәрі мәселені қай қырынан қа­рағаныңызға байланысты. Мысалы, мем­лекет тарапынан волонтерлерді ынта­лан­дыру мен қолдау бағытында бір­қа­тар шара қабылданды. Гранттық жүйе жұ­мыс істейді, конкурстар мен арнайы бағ­дарламалар жүзеге асырылады. Қоғам мен бизнес те белсенді қатысып, әлеу­мет­тік жобаларға инвестиция құю арқылы во­лонтерлік қызметтің шынайы құндылығын, әлеуетін көре бастады.

Өзге мемлекеттер секілді 5 желтоқсанда Халықаралық волонтерлер күнін атап өткенімізбен, үздік волонтерлерге әзірге ақшалай сыйақы берілмейді. Көбіне волонтерлер негізгі жұмысынан сұранып, жоғалған адамдарды іздестіру шараларына немесе төтенше жағдай кезіндегі гуманитарлық штабтар мен дала асханаларына көмектесуге шығады. Бұл іс уақытты, күшті, кейде жеке қаржыны да талап етеді.

Елімізде волонтерлердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Әсіресе күрделі, қауіпті ортада жұмыс істейтін еріктілер қызмет барысында жарақат алуы ықтимал. Бірқатар мемлекетте, егер адамның зиян шегуі оның волонтерлік қызметін атқару кезінде болғаны ресми түрде расталса, мемлекет сақтандыру төлемдері не арнайы қолдау шараларын көрсетіп, белгілі бір өтемақы ұсынады. Әр елде тетігі әртүрлі болғанымен, негізгі идея бір – қауіпті жағдайда қоғам үшін еңбек етіп жүрген волонтерлердің қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету.

Волонтерлік қызметті еңбек өтілі есебіне қосу мәселесінің де айтылып жүр­геніне біраз болды. Бос уақытын ерікті жұмысқа арнап, жаңа дағды мең­гер­ген, күрделі әлеуметтік жобаларды іске асырған, жауапкершілік арқалаған азамат­тардың тәжірибесі кәсіби дамудың бір бө­лігі ретінде танылғаны әділ болар еді. Кей елдерде волонтерлік қызмет арнайы құжаттарда тіркеліп, кейін білім грант­тарына, жұмысқа орналасуға немесе ман­саптық мүмкіндіктерге әсер етеді. Ме­ніңше, бұл қадам азаматтарға үлкен мотивация әрі қолдау.

– Тағы қандай мәселелерді назардан тыс қалдырмау қажет?

– Мемлекеттік бюджет қысқарғанына қарамастан, грант бағдарламаларының жалғасуы елдің волонтерлікті дамытуды маңызды бағыт ретінде көретінін айғақтайды. Дегенмен инфляция мен шығындардың өсуін ескере отырып,
20212022 жылдары бекітілген грант мөлшері қазіргі экономикалық жағдайға мүлдем сай келмейді. Бұл өз кезегінде ірі жобаларды сапалы іске асыруды қиындата түседі. Сондай-ақ волонтерліктің негізгі қағидаттарын бұзбай, қоғамдық көлікте, әсіресе әлеуметтік, экологиялық төтенше жағдайлар саласындағы жобаларға үнемі қатысатындарға арналған жеңілдік немесе белгілі бір тарифтер енгізу де маңызды. Волонтерлерге жүйелі психологиялық қолдау көрсету, әсіресе төтенше жағдайлар, іздестіру, осал топтармен жұмыс сияқты дағдарыстық бағыттарда еңбек ететіндерге керек дүние.

Кей адамдар волонтерлердің еңбегін қалыпты, міндетті секілді қабылдайды. Алғыстан бұрын, көмек жеткіліксіз деп сын да айтылып қалады. Еріктілердің күшіне сеніп қалатындары тағы бар. Осы тұрғыда «волонтер» ұғымын, қызметін кеңінен түсіндіріп насихаттауды тоқтатпау керек.

– Сол насихатты балалар арасында жүргізген жөн бе?

– Волонтерлік негіздерін оқытуды мектептен емес, тіпті балабақшадан бастау қажет. Себебі адамның дүниетанымы, негізгі құндылықтары бала кезден қалыптасады. Егер жастайынан қоғам өміріне белсене қатысуды, көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіруді көріп өссе, ол үшін бұл «ерекше әрекет» емес, өмірдің табиғи, қалыпты бөлігіне айналады. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге, айналасындағы мәселелерді байқауға және немқұрайды қарамауға үйренеді. Ең бастысы – балаларға анық әрі қолжетімді нақты іс-әрекетпен түсіндіру қажет.

Меніңше, мектепте сыныптан тыс «қайырымдылық сабақтары», волонтер­лік клубтар, әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық жобалар секілді іс-шараларды енгізуге болады.

– Еріктілерге түрлі тренинг пен семи­нар­ларға қатысудың маңызын түсін­дірсеңіз.

– Бүгінде елімізде 14 түрлі бағытта жұмыс істейтін 300 мыңнан аса волонтер тіркелген. 20 миллионға жуық халқы бар мемлекетке  бұл – өте жақсы көрсеткіш. Мұндай көлемде волонтерлік қозғалысты дамытуға  жаңа тәсіл қажет, енді назарды кәсібилендіруге, яғни тереңірек, сапалы оқытуға бағыттауымыз керек. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдайды. Мысалы, биыл 30 қаңтарда Астанада өткен Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылының ашылуына арналған республикалық форум қорытындысында Президент кәсіби экологиялық волонтерлерді даярлау бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді.

Қазіргі уақытта аталған бағдарламаны Экология және табиғи ресурстар министр­лігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе әзірлеп жатыр. Біз де жұмыс тобына қатысамыз. Кәсібилендірудің нақты мысалы ретінде Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлескен жобаны да атап өтуге болады. Оның негізінде мобильді волонтер топтары құрылып, әзірленген бағдарлама негізінде олар қысқамерзімді бір айлық оқыту курсынан өтеді. Одан бөлек, 2023 жылдан бері ТЖМ оқу полигонына құтқарушылар және басқа құрылымдармен бірге бір апта бойы далада жаттығулар өткіземіз. Жалпы, волонтерлік бағытта үйренеріміз әлі де көп.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Зейін ЕРҒАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see163

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see161

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see160

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see153

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see152

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see149

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see147

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see143

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see143

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see140

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see138

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see135

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see134

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see133

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see132

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see128

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see126

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see123

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see120

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары