Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Батыс Қазақстан облысында аудандық сот қазақстандықтың өз әкесіне қарсы берген талап арызын қарады. Талап қоюшы әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіруді сұраған, деп хабарлайды Tengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық азамат колледжде күндізгі бөлімде оқитынын алға тартып, оқу мерзімі аяқталғанша әкесінен алимент өндіруді өтінді.
"Істі мәні бойынша қарағанға дейін судья тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін түсіндірді. Талап қоюшы мен жауапкер татуласу келісімін жасасып, оны бекіту үшін сотқа ұсынды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келісім шарттарына сәйкес, әкесі 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 2027 жылдың 25 маусымына дейін ұлына ай сайын 40 000 теңге төлеуге міндеттелді. Келісім жасалғаннан кейін талап қоюшы өз арызынан бас тартты.
Сот келісімді бекітіп, тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндіре отырып, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда 232 мыңнан аса алимент бойынша борышкер бар екенін, олардың басым көпшілігі ер адамдар екенін жазған болатынбыз. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарушылық өндірістер бойынша берешек көлемі 19 миллиард теңгеге жеткен.
Тамыз айының соңында Қазақстанда алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енді. Енді балаларды асырауға арналған ақша арнайы банктік шотқа аударылуы тиіс. Алушы мұндай шот ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына тапсыруы қажет.
Арнайы алимент шотындағы қаражат бұғаттаудан қорғалған. Сонымен қатар мұндай шоттың болмауы борышкерді алимент төлеу міндетінен босатпайды, ал пайда болған берешек есептен шығарылмайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 11:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















