Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ғұмырын ұстаздық пен ғылымға арнаған профессор Досмұхамед Кішібекұлы

Ғұмырын ұстаздық пен ғылымға арнаған профессор Досмұхамед Кішібекұлы

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Сыр бойының кең де көкорай даласы – жас Досмұхамедтің алғашқы ұстазы, алғашқы рухани мектебі еді. Күннің алтын нұры құм арасында діріл қағып жатқан жусанға төгіліп, өзеннің салқын самалы бетке көтерілген сайын бала жүрегі тыныштық пен үмітке толатын. Қарапайым табиғат көрінісі оған тұтас бір әлем болып көрінетін: құм арасындағы құмырсқаның қимылы, қалың шөптің сыбдыры, көктемгі жауынның иісі, құстардың еркін самғауы – бәрі Досмұхамедке өмірді сүюді, әр құбылыстан сабақ алуды үйретті. Ол табиғаттың үнін тыңдап өсті. Сол үн арқылы адам өмірінің нәзік те терең сырын ұғынуға тырысты.

Ауыл ақсақалдары айтатын батырлық жырлар – оның балалық жүрегіне ерлік пен әділдіктің алғашқы нұрын сепкен әңгімелер болатын. Қараша үйдің іргесінде отырып тыңдайтын аңыздарда кейде шындық, кейде қиял араласатын. Бірақ әрқайсысы жас бала санасына адамдықтың, жауапкершіліктің, әділет үшін күресудің мәнін ерте сіңірді. Жырдағы батырлардың асқақ болмысы, әділет жолындағы айқастар, қиындықты жеңуге шақырған терең ойлар – оған да «мен де ертең осындай бола аламын» деген сенім ұялатты.

Сыр елінің еңбек адамдарының қарапайым тірлігі де Досмұхамедтің дүниетанымына ерекше ықпал етті. Таң алдында егін басына баратын дихан, малын өріске айдайтын шопан, күн астында тер төгіп қауын-қарбыз өсіретін қарапайым ауыл адамдары – бәрі оған шыдам мен қайраттың нағыз үлгісі ретінде көрінді. Жұмыссыздық пен жалқаулықтан сүрінген адамдардың тағдырын көре жүріп, еңбек – адамды өсіретін күш, ал әрекетсіздік – оны әлсірететінін түсінді. Осы көріністердің бәрі баланың көкірегінде өмірге деген үлкен құрмет қалыптастырды.

Ашаршылық жылдарының елге түскен ауыртпалығы да оның есінде өшпес таңба болып қалды. Ауылдың біртіндеп жұтаң тартуы, үй иелері күн санап азаюы, адамдардың үнсіз күресі – мұның бәрі жас жүрекке өмірдің қаталдығын ғана емес, қиындыққа мойымайтын рухтың бар екенін көрсетті. Сол кезеңде ол төзімділік пен үмітке деген берік сенімді бойына жиып өсті. Қандай ауыр кезең болса да, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығы, елдік салтына адалдығы оның адамгершілік туралы түсінігін тереңдете түсті.

Сол кездің өзінде-ақ ол аспанға ерекше құштар болатын. Аспан – оған еркіндік, биіктік, арман символындай көрінді. Көк жүзінде еркін қалықтаған құстарды көрген сайын бала: «Бір күні мен де биікке ұшамын» деп армандайтын. Бұл арман оның болмысын бекітіп, өмірлік жолына ықпал еткен қуатты күшке айналды.

Арман ақыры оны 1944 жылы әскери ұшқыштар даярлайтын училищеге алып келді. Бұл жаңа әлем тәртіп пен жауапкершілікті талап етті. Мұнда әрбір жаттығу, әрбір оқу сағаты – жан мен тәнді шыңдайтын үлкен сынақ. Аспанға көтерілген сәттерде ол биікті ғана бағындырып қоймай, өз ішіндегі қорқынышты да жеңе білді. Жел мен дауылдың тосын мінезі, ұшақтың әрбір қозғалысын сезіне білу қажеттілігі жас жігіттің бойында есеппен ойлауды, шешімді нық қабылдауды қалыптастырды. Тіпті құтқарушы парашютті қалай ашу керектігін үйреткен бір ғана сабақтың өзі оған жауапкершіліктің шегін түсіндіргені анық.

Майданға аттануына небәрі бірнеше күн қалғанда соғыстың аяқталуы – оның рухани әлемінде күрделі сезімдер тоғыстырды. Бір жағынан, ол аман қалды. Екінші жағынан, өзінің батырлық армандарын іс жүзінде дәлелдей алмай қалғандай күй кешті. Бірақ аспандағы әрбір самғау оның мінезін қалыптастырып, өмірлік табандылықтың негізін қалап еді. Оның бойындағы төзімділік, батылдық, салмақты ойлау – кейін ғылымға деген адалдығының тірегіне айналды.

Соғыстан кейінгі кезеңде ол өз өмірін ғылым жолына арнауға бел буды. Қызылорда педагогикалық институтындағы алғашқы қадамдары оның білімге деген құштарлығын айқындап берді. Сабақтағы әрбір пікірталас, кітапханадағы ұзақ ізденістер, құрбыларымен ой бөлісу – бәрі оның ойлау мәдениетін байытып, рухани дүниесін кеңейтті.

1950 жылы Мәскеуге аспирантураға жолдама алуы – жас ғалымға жаңа мүмкіндіктер әлемінің есігін ашты. Кеңестік ғылым ордасының мол қоры, жаңа адамдармен таныстық, тың деректерге қол жеткізу оның шығармашылық өрісін кеңейтті. Диссертациясына 1953 жылғы пленум материалдарын қосу туралы ұсыныс түскенде, ол оларды тек көшіріп қана қоймай, мазмұнын терең талдап, философиялық тұрғыдан қайта саралап шықты. Бұл оның ғылымға адалдығының, талғампаз ойының айқын дәлелі еді.

Мәскеу тіршілігінің өз қиындықтары да болды. Жатақхана тапшылығы ушығып тұрған шақта ол Қ.И. Сәтбаевқа хат жолдап, кеңес сұрады. Ұлы ғалым жас зерттеушінің талабын түсініп, қолдау көрсетіп, С.И. Вавилов арқылы Астория қонақүйінен уақытша орын алып беруі – Досмұхамед Кішібекұлына көрсетілген зор сенім болатын. Бұл сенімді ол кейін еңбегімен де, адамдық болмысымен де толық ақтап шықты. Д.А. Қонаевтың оқу мерзімін ұзартуға рұқсат беруі де оның ғылымдағы болашағына деген құрметтің айғағы еді.

1964 жылдан бастап Досмұхамед Кішібекұлы өмірінің соңына дейін Қазақ Политехникалық институтында, бүгінгі Сәтбаев университетінде, үздіксіз қызмет етті. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ол осы қарашаңырақтың ғылыми рухын қалыптастырған, талай буын философтарды тәрбиелеген бірегей ұстазға айналды. Дәрістердегі өзіне тән өткір ой, ғылыми талғам, ұлттық дүниетанымға сүйенген терең пайым талай студенттің дүниетанымын өзгертіп, ғылымға деген ықыласын оятты. Университет қабырғасында өткен әрбір жылы оның есімін кемелдікпен байланыстырып, ұстаздық жолын мәңгілік ел жадында қалдырды.

2025 жылы ұлы ойшылдың аты университеттің өзінде жаңаша жаңғырып, заманауи білім аудиториясы ресми түрде ашылды. Бұл аудитория  тек бір бөлме емес, кемеңгердің идеяларын дәріптейтін, жас буынды ұлттық рух пен ғылыми адалдыққа баулитын символдық орталыққа айналды. Ол – Досмұхамед Кішібекұлының ұлт ғылымына сіңірген өлшеусіз еңбегінің бүгінгі ұрпаққа көрсетілген тағзымы.

99 жасқа толарына аз ғана уақыт қалғанда, өткен жылы ол дүниеден өтті. Бірақ ол селкіп кеткен орын емес – артына жол сілтейтін жарық із, үлкен мектеп қалдырған тұлға. Қазақ ғылымы, ұлттық философия, ұстаздық жол – бәрі оның өмірімен ажырамас байланыста мәңгі жалғаса бермек.

Уақыт өте келе Досмұхамед Кішібекұлы тек ғалым ғана емес, ұлттық руханияттың биік өкіліне айналды. Оның 680-ге жуық еңбегі, 50-ден астам монографиялары мен оқулықтары қазақ дүниетанымын терең талдауға, ұлттық менталитет пен мәдениеттің іргелі мәселелерін саралауға арналды. Ол жаңа философиялық мектептің негізін қалап, ұлттық ойдың көкжиегін кеңейтті. Оның еңбектерінде қазақ болмысының өз ерекшелігі, тарихи тәжірибесі, рухани әлемі жан-жақты ашылды.

Досмұхамед Кішібекұлы ешқашан жеңіл жолды іздеген емес. Ол шындықты іздеді. Баймырза Хайт секілді ойшылдардың идеяларын талдап, кейде олармен үндесіп, кейде өзгеше пікір білдіріп отырды. Бірақ әрдайым ғылыми шындықты ту етіп, адалдық жолынан таймады.

Оның ғылыми мұрасы – өткеннің елесін ғана емес, болашаққа бағыт беретін темірқазық. Ұлттық сана, рухани мұра, мәдени код, тарихи жады – бәрі оның еңбектерінде терең талданып, жаңа ғылыми деңгейде ұсынылды. Сондықтан да Досмұхамед Кішібекұлының еңбектері – бүгінгі жас ұрпаққа ғылымға адал қызмет етудің, арманға адал болудың, елге жан-тәнімен еңбек етудің шынайы үлгісі.

Сыр бойында аспанды аңсаған бала – уақыт өте келе қазақ ғылымының биігінен табылған кемел тұлғаға айналды. Оның ғұмыр жолы – білімге деген шексіз құрметтің, еңбектің, табандылықтың, елге деген адалдықтың айқын көрінісі. Жас ұрпақ үшін ол – рухани шамшырақ, ғылыми ойдың көшбасшысы, елдің интеллектуалды келешегіне жол ашқан дара қайраткер.

Досалы САЛҚЫНБЕК,

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің профессоры,

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі

Ермахан ҚАЛМЫРЗА,

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің  аға оқытушысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 15:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары