Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан су шаруашылығын цифрландырады

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

Үкімет археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгендерге жазаны күшейтуге неге қарсы

Қазақстанда мейрамхана бизнесі қалай дамып жатыр

Балық аулауға тыйым салынған кезеңдегі су көлігінің қозғалысы: ережелер бекітілді

Қазақстанда ЮНИСЕФ пен бірлесіп Сәтті бастау бағдарламасы іске асырылады

Еуропа автоөндірісі тоқтай ма?

Балаңды орысша оқытпа, мәңгүрт болып қалады Алматыдағы мектеп дауы

Швеция мен Норвегия Украинаға жоғары жылдамдықты катерлерді берді

Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды

Қазақстан Финляндиямен ынтымақтастықты энергетика саласы бойынша қай бағытта өрбітпек

Үкімет елдегі банктерге көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін

Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу джитсудан қарсылас шақ келтірмеді

Қостанай облысында Көрнекі ақпарат визуалдық ақпарат мәдениетін дамыту жобасы аяқталды

Әлем қандай әдемі

Еліміздегі әрбір мал сканерден өтеді

Әлеуметтік желі арқылы қоғамның тыныштығын бұзған блогерлердің тізімін жасау керек Нартай Сәрсенғалиев

Қазақ тілін дамыту бағыты айқындалды

Ғылымды дамытқан ел озады

Ғылымды дамытқан ел озады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысының Жолдауындағы бастамаларға үн қосқан ректор: «Жаңа экономика мен жасанды интеллект дәуірінде білім сапасы мен ғылыми ізденіс – басты қаруымыз. Ал табиғат пен тарихымызды сақтап, туризмді дамыту – ұлттық руханиятты нығайтудың кепілі», – деп атап өтті.

– Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Ой-пікір білдірсеңіз.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын тыңдағанда мына нәрсеге назар аудардым. Осыдан үш жарым жыл бұрын «Жаңа Қазақстан» идеясымен елімізде үлкен трансформация басталған еді, соның нәтижесінде Ата заңымыздан бастап мемлекеттік басқару жүйесінде, қоғамдық өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қоғам күткен өзгерістер болғандықтан, өте тез жүріп жатыр. Ал енді, бірнеше жылға жоспарланған үлкен өзгерістерді басқару үшін оларды жылдық жоспарлармен нақтылап отыру шарт. Себебі жаһандық саясат бір орында тұрған жоқ және айналамызда болып жатқан өзгерістер бізге де әсер етуде. Оларды дер кезінде саралап, тиісті шаралар қабылдап, жолымыздан жаңылмау үшін жылдық іс-қимыл әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру өте маңызды. Сондықтан Президентіміздің биылғы Жолдау тақырыбын «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» деп атауы бекер емес, ол жаһандық мәселелерді назарға ала отырып, алдыңғы жылдары қолға алынған ауқымды реформалардың логикалық жалғасы деп түсіну керек.

Сонымен қатар қазіргі таңда Жасанды интелектінің ықпалымен ғылым, білім, медицина, мәдениет салалары түбегейлі өзгеріп жатыр. Дамыған елдерде Жасанды интеллект экономиканың қозғаушы күшіне айналғаны үшін, көптеген елдің сыртқы және ішкі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе.

Осы орайда, Қазақстанда Жасанды интеллектінің әлеуетін оң бағытта пайдалануды қолға алғандардың бірі – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті деп айтсақ артық болмас. Себебі  соңғы екі жылдан бері бұл тақырыпқа көп көңіл бөліп, бірнеше маңызды жобаны қолға алдық. Мысалы, жуырда Инженерия факультетінде «Жасанды интеллект» лабораториясының лентасы қиылды. Дайындығы бір жыл бұрын басталып, жан-жақты талқылаудан өткен, оқу ордамыз үшін аса маңызды, берері мол қадам болды. Енді студенттеріміз жаңа лабораторияда Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін бағдарламалар мен қосымшалар, кескінді цифрлық өңдеу, машиналық оқыту сияқты т.б бағыттарда зерттеу жасай алады.

Сондай-ақ өткен оқу жылында ұстаздарымыздың қажырлы еңбегі нәтижесінде Инженерия факультетінде «Жасанды интеллект және деректерді талдау» білім беру бағдарламасы ашылып, 2025-2026 оқу жылынан бастап бұл бағдарламада оқитын шәкірт қабылдадық. Енді студенттеріміз жасанды интеллектіге негізделген қосымшаларды әзірлеуден бастап, оны толық жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңдерді меңгере алады. Қазірдің өзінде 4-курс студенттері Ислам Абдулахадов пен Миләз Хинизов  YasawiGPT  атты тың жобаны қолға алды. ChatGPT секілді мүмкіндіктерге ие бұл бағдарлама қазақ тілінде және интернеті жоқ жерде де жұмыс істей алады. Жоба авторлары оны одан әрі жетілдіруді жоспарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы бағыт бойынша көп қолдау көрсетіп жатқанын атап кету керек. Биылдың өзінде Ахмет Ясауи университетінің Инженерия факультетінде жасанды интеллектіге бағытталған 2 жоба қаржыландыруға ие болды. Оның бірі – мемлекеттік гранттық қаржыландыру аясында, екіншісі – мемлекеттік бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру негізінде жүзеге асырылады. Екі жобаның жалпы бюджеті 400 млн теңгені құрайды. Бұл жобалар өз кезегінде көптеген жаңа мүмкіндік әкелетініне еш күмән жоқ.

– Жолдауда жасанды интеллект, цифрландыруға мықтап көңіл бөлінді. Цифрлық дамудың адамзат тыныс-тіршілігіндегі алар орны тура айтып берсеңіз...

– Бүгінде барлық сала заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, пайдалануды талап етеді. Цифрландырусыз және ЖИ қолданбайтын ұйымдар бара-бара бәсекеге қабілеті төмендейтінін ұмытпаған абзал. Бірақ  сонымен қатар ЖИ және цифрландыру біршама қауіп-қатер мен тәуекелдерге де себеп болады. Сондықтан жасанды интеллект арқылы цифрлық трансформацияны басқару – өте күрделі әрі жаңа сала. Мүмкіндіктерді жақсы пайдаланып, қауіп-қатерлерден сақтана алатындай шешімдер қабылдау керек. Ол үшін білікті мамандар қажет. Университеттердің рөлі мен маңызы дәл осы жерден бастау алады.

Еліміз цифрлық жүйе құру бойынша едәуір жетістіктерге ие, потенциалы жоғары деп бағалаймын. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Жасанды интеллект қамтитын барлық бағытта фокусты нақтылап, арнайы министрлік құруды тапсырды. Ендігі кезекте әрбір маман және мекеме "біз не істей аламыз?" деген сұраққа жауап іздеп, цифрлық сауатты арттыру бойынша көп жұмыстар атқару қажет. Мысалы, жоғарыда атап кеткендей, университетіміз жасанды интеллект зертханасын ашып, білімгерлердің заманауи сапалы білім алып, инновациялық жобаларға қатысуына барлық жағдайды жасап отырмыз. Алдағы уақытта, ЖИ көмегімен студенттердің стартап жобаларын қолдауға бағытталған арнайы хаб құру секілді жоспарымыз да бар. Қазірдің өзінде студенттеріміздің жасап шығарған бағдарламалары облыстағы мемлекеттік мекемелердің назарын аударып, жақсы ынтымақтастыққа әкеліп отыр. Ол жайында жақын арада еститін боласыздар деп ойлаймын.

– Елімізде «Еңбек адамы», кадр мәселелеріне ұдайы көңіл бөліне бастады. Ал ЖОО маман дайындайтын ұстахана іспетті. Сіздерде білімді маман, білікті кадр дайындап, оның еңбекке араласуы  бойынша қандай істер қолға алынған?

– Еңбек адамының маңызы мен рөлін түсіну, оған жіті көңіл бөлу, осылайша барлық салада еңбекқорлық пен еңбексүйгіштік құндылықтарын дәріптеу – қоғам дамуы тұрғысынан аса өзекті. Себебі соңғы уақытта қоғамымыздың дертіне айналған, оңай жолмен ақша табуға ұмтылыс көптеген адамның өміріне қасірет әкеліп, қаншама адам алаяқтардың құрбаны болды, маңызды қызметте отырған лауазымды кісілердің жемқорлық әрекеттерінен білім және денсаулық саласына оразан зор зиян келді. Мұндай жағдайдың орын алғанының бірнеше себебі болғанымен, ең негізгісі адал еңбек ұғымының құнсызданғанынан туындап отырғанын ұмытпау керек. Түбінде жемқорлар мен алаяқтардың өмірі жақсы аяқталмайтынын, адал табыс пен өмір сүрудің қаншалықты құнды екенін сөзбен емес іспен дәлелдеп, дұрыс рөл модельдерді қалыптастыру өте маңызды. Сондықтан  студенттерімізге еңбек еткен адам жоғары жетістіктерге жететінін ұғындырып қана қоймай, өмірлік ұстанымдарына айналғанын қалаймыз. Адал еңбекті дәріптеудің ең тиімді жолы – меритократия принципі. Мысалы, біздің университетке ақылы оқуға түскен студенттер еңбектеніп, жақсы оқып, группасының ішкі рейтинг бойынша ең жоғары ұпайға ие болса, кез келген уақытта, әртүрлі себеппен босаған мемлекеттік грантқа немесе түрік квотасына ауысуына мүмкіндігі бар екенін жақсы біледі. Сонымен қатар жылда ең үздік  және түрік тілін жетік меңгерген 40 студентке Түркияда екі апта бойы керемет демалыс сыйлаймыз. Осындай студенттердің оқу мен адал еңбекке ынтасын арттыруға бағытталған көптеген бастама бар.

Оқу ордамыз іргетасы қаланған уақыттан бері 100 мыңнан аса түлек шығарды. Сонымен қатар университетіміз тек Қазақстанда ғана емес, түркі әлемінде, қала берді басқа да шет мемлекеттерде қызмет ететін кадрлар даярлап шығарды. Оның дәлелі – бүгінде көптеген елде, сан салада елеулі еңбек етіп жүрген түлектеріміз.

Жыл сайын университетімізде болашақ кадрлардың сапасын арттыру, оларға озық жоғары білім беру жолында түрлі бағдарламалар мен шешімдер қабылданады. Ол үшін студенттерді оқу орда қабырғасында жүргеннен бастап, дұрыс кәсіптік бағдар алуына, түрлі мекемелерден тәжірибеден өтуіне ықпал етуге тырысамыз. Осы мақсатта университетіміз біршама маңызды білім алаңында қадамдар жасап, отандық және шетелдік мекемелермен өзара ынтымақтастық меморандумын түзді.

Мысалы, оқу ордамыз Түркия Республикасының авиация және ғарыш саласы бойынша үздік өнеркәсібімен байланыс орнатты. Ол – TUSAŞ, «Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібі». 10 мыңнан аса қызметкері бар компания – әскери және азаматтық ұшақ жобаларымен танымал. Онда мамандар тікұшақтарды жобалау, өндіру және жаңғырту, сонымен қатар заманауи авиация жүйелерді біріктірумен айналысады. Биылдан бастап, дәл осы компанияда Инженерия факультетінің үздік 50 студенті тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Басқа мамандықтарды былай қойғанда, оқу ордамыздың теолог мамандығын аяқтаған студенттеріне сұраныс жоғары. Өткен оқу жылында Теология факультетінің бітіруші түлектерді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде және Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттеріне тұрақты жұмысқа тарту бойынша келісімдерге қол қойылды. Осындай түрлі сала бойынша мықты мамандарға ие орындарда студенттеріміз тәжірибеден өтіп, өздерін жақсы қырынан танытып, бір бөлшегіне айналатынына сенім мол. Шәкірттерімізге Қаныш Сәтбаевтың: «Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жылтырай да жарқырай береді», – деген сөзін үнемі еске салып тұрған абзал.

– Ел Президенті туризм бағытына баса назар аударып отыр. Ал тоғыз жолдың торабында орналасқан, ежелгі Жібек Жолының ең беделді қаласы, бүгінгі түркі әлемінің рухани ордасы ол – Түркістан. Қасиетті өңірдің туристік әлеуетін арттыру үшін, біз бен сіз нендей игі іс істеуіміз керек?

– Туризм мәселесі – университеттің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Біз – күллі түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан шаһарында бой көтердік. Оқу ордамызда туризм кафедрасы бар. Қаламызда Туризм және меймандостық университеті құрылған кезде негізгі кадрлар біздің оқу ордамыздан барып, сол университеттің аяғынан тік тұруына атсалысты. Университетіміздің ғылыми әлеуеті жоғары мүмкіндіктерге ие. Әсіресе, Түркия Республикасының алдыңғы қатардағы туризм мекемелерімен сенімді серіктестік қарым-қатынас орнаттық. Ол мекемелерде студенттеріміз тәжірибеден өтеді. Бұл болашақ маман даярлау үрдісінің сапалы өтуіне үлкен септігін тигізеді. Қазірдің өзінде  Түркістан қаласындағы кез келген ірі туристік мекемесіне кірсеңіз, бірнеше тілді меңгерген, білікті маман боп біздің түлектер алдыңыздан шығады.

Сонымен қатар  біздің университет Түркістан қаласында ғылыми ивент туризмнің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Әсіресе, соңғы 4-5 жылдың көрсеткішіне қарайтын болсаңыз, университетіміз тек  Қазақстанда емес, бүкіл Орталық Азияда көш бастап келеді.

Мысалы, жылына орташа есеппен 10-12 ірі халықаралық іс-шара өтеді. Оған шамамен 3 000 ғалым қатысады, соның 30%-ы шетелден келеді. Жыл сайын 40-қа жуық елдің ғалымдары университетімізге, Түркістанға арнайы ат басын бұрады. Әрине, бұл динамикада Түркістанның жаңа келбеті мен көне қаламызға мемлекет тарапынан жасалынған ауқымды инвестициялардың үлесі зор. Осы орайда біздің барлық жобамызға қолдау көрсетіп келе жатқан Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімшілігіне зор алғыс айтқым келеді.

Сонымен қатар  университетіміз наным-сенім туризмі саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Қаламызда Ясауи бабамыздың кесенесі мен оның рухани мирасының орны ерекше. Бір ғана Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көру үшін жылда 2 миллион турист Түркістанға табан тірейді. Наным-сенім туризмі аясында келген туристер үшін Ясауи бабамыздың өмірі мен еңбектері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат жерлерін зерттеп, көпшілікке ұсыну өте маңызды жұмыс. Себебі «Түркістанда түмен баб, Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз бап, Бабтардың бабы Арыстан баб» деген сөз бекер шықпаса керек. Ендігі кезекте осы бабтардың кім екенін зерттеп, жарыққа шығару жұмыстары бірінші кезекте біздің ғалымдарымыздың еншісінде деп ойлаймын.

Мамандандырылған туризм бағыттарының тағы бір түрі – Медицина туризмін дамыту. Бұл саланы дамыту үлкен инвестициялар мен сапалы адам ресурстарын қажет етеді. Сондықтан университетімізде ауқымды жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі – «Ана жұрттан ата жұртқа денсаулық көпірі» жобасы. Соңғы 3 жылда айтулы жоба аясында оқу ордамызға Түркия Республикасынан 100-ден аса дәрігер келді. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге дәріс оқып қана қоймай, емханамызда ауыр науқастарға диагностика жасап, кеңес беріп, күрделі оталарға қатысады. Екінші – ғалымдарымыз құны 4 млрд теңге болатын «Мега» жоба иегері атанды. Жобаның зерттеушілері құрамында Қазақстан, Түркия, Германия, Венгрия және басқа да көптеген елдің 100-ден астам жетекші ғалымдары бар. Медицина, биотехнология және экология салаларын қамтитын жоба Медициналық туризм алаңын дамыта түседі деп сенеміз.

– "Таза Қазақстан"  жалпы республикалық акциясы, тазалық мәдениеті мектептен жоғары оқу орындарына дейін қамту керектігі айтылды. Қоршаған ортаны экологиялық тұрғыда таза ұстап, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін қайтпек керек?

– "Таза Қазақстан" жалпы республикалық акциясы экологиялық мәдениет, денсаулық сақтау мен рухани тазалық секілді бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Университет ұжымы мен студенттері де аталмыш акцияға белсене қатысады.

Атап айтқанда, оқу орда кампус алаңдарында жиі сенбілік өтеді. Оның мақсаты – тазалық сақтау ғана емес, еңбек пен бірлік, деннің саулығы мен қоршаған ортаны аялауға дәріптеу.

Сонымен қатар  университеттердегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін іс-шаралар, семинарлар өтеді. Мысалы, былтыр «Тұрар Рысқұлов атындағы аллея» ашылды. Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай ашылған аллеяда ғалымдар 130 түп шынар ағашын отырғызды. Сондай-ақ университетімізде өткен «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында – ТМҰ мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының аллеясы ашылды. Келген әрбір қонақ ағаш екті.

Жалпы, ағаш отырғызу рәсімі оқу ордамызда маңызы іс-шаралармен қоса дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын игі іс. Бұл арқылы халқымыздың игі дәстүрін жалғастырып, жастарға үлгі болуға атсалысамыз. Соңғы жылдары университет аумағында 1 000-нан аса ағаш отырғызылды.

– Данышпан Төле би бабамыз «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру» депті. Біз бабалардан бері келе жатқан ұстанымдарды ескеріп, Әділетті Қазақстан құру жолында тағы қандай үлес қоса аламыз?

– Төле би бабамыздың даналығы – әділет пен арды сақтаудың мәңгілік құндылық екенін көрсетеді. Бұл – қазақтың дәстүрінде терең орныққан ұстаным. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Конституцияның 30 жылдығында: «Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті жарғысы – нағыз дала заңының үлгілері. Дала заңының қазығы Ата заңымызға дейінгі тарихи жолдан өтті» деп атап өтті.

Әділетті Қазақстан құру жолында әр азамат өз бойынан осы құндылықтарды таба білуі тиіс. Бұл тұрғыда университетімізде жуырда қайта құрылған Заң факультеті айрықша рөл атқарады. Бүгінде факультетте бакалавриаттан бастап магистратура мен докторантураға дейінгі деңгейлерде құқық саласының мамандары даярланып жатыр. Арнайы жабдықталған оқу кабинеттері, сот залдары мен тәжірибелік аудиториялар студенттердің білімін нақты іспен ұштастыруға мүмкіндік береді.

Университеттің алғашқы заң түлектерінің бірі – қазіргі Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Әбілхасымқызы Азимова. Бұл – Ясауи университетінде алған білімнің ел басқару ісіне адал қызмет ететін тұлғаларды тәрбиелеп шығаратынына нақты дәлел.

Біздің миссиямызда көрсетілген ашықтық, әділеттілік, адалдық, еңбекқорлық ұстанымдары – сырттан келген идеология емес, халқымыздың ғасырлар бойғы дәстүрінен бастау алған құндылықтар. Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, «мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек» қасиеттері әрбір студенттің бойына сіңсе, ол Әділетті Қазақстанның берік іргетасына айналады.

Әңгімелескен Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым ұзартылды

29 Қазан 2025 11:42see109

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан су шаруашылығын цифрландырады

29 Қазан 2025 08:24see108

Ямайкада дүлей дауылдан үш адам көз жұмды

29 Қазан 2025 08:14see108

Қысқы Олимпиаданың басталуына тура 100 күн қалды

29 Қазан 2025 04:04see108

Үкімет археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгендерге жазаны күшейтуге неге қарсы

29 Қазан 2025 12:29see107

Қазақстанда мейрамхана бизнесі қалай дамып жатыр

30 Қазан 2025 00:15see107

Балық аулауға тыйым салынған кезеңдегі су көлігінің қозғалысы: ережелер бекітілді

30 Қазан 2025 09:28see106

Қазақстанда ЮНИСЕФ пен бірлесіп Сәтті бастау бағдарламасы іске асырылады

30 Қазан 2025 17:30see106

Еуропа автоөндірісі тоқтай ма?

29 Қазан 2025 13:11see106

Балаңды орысша оқытпа, мәңгүрт болып қалады Алматыдағы мектеп дауы

29 Қазан 2025 14:09see106

Швеция мен Норвегия Украинаға жоғары жылдамдықты катерлерді берді

30 Қазан 2025 17:30see105

Бұқар жырауда жаңа ветеринарлық пункт ашылды

29 Қазан 2025 11:52see104

Қазақстан Финляндиямен ынтымақтастықты энергетика саласы бойынша қай бағытта өрбітпек

30 Қазан 2025 09:34see104

Үкімет елдегі банктерге көмек көрсетуді тоқтатуы мүмкін

29 Қазан 2025 17:54see104

Абдулла Батырбек Азия ойындарында джиу джитсудан қарсылас шақ келтірмеді

29 Қазан 2025 20:10see104

Қостанай облысында Көрнекі ақпарат визуалдық ақпарат мәдениетін дамыту жобасы аяқталды

29 Қазан 2025 15:29see103

Әлем қандай әдемі

29 Қазан 2025 07:58see102

Еліміздегі әрбір мал сканерден өтеді

29 Қазан 2025 09:23see102

Әлеуметтік желі арқылы қоғамның тыныштығын бұзған блогерлердің тізімін жасау керек Нартай Сәрсенғалиев

29 Қазан 2025 12:04see102

Қазақ тілін дамыту бағыты айқындалды

29 Қазан 2025 21:39see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары