Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды

Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақ­тастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі, Шығыс көршілер мен Орталық Азия елдеріне несие беру жөніндегі инвестициялық банкі және басқа да ұйым өкілдері қатысты.

Отырыста еліміздің инфра­құ­рылымын салу мен жаңғырту жөнін­дегі жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды. Сондай-ақ макро­экономикалық тұрақтылықты нығайту, адам капиталын дамыту, өнімді инновациялар мен ЖИ технологияларын енгізу туралы бастамаларға назар аударылды.

Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы елімізде экономиканың сер­пінді өсуіне, азаматтардың өмір сапа­сын жақсартуға бағытталған дамудың жаңа кезеңі басталғаны айтылды. Өз кезегінде, құқықтық базаны жетіл­діру еліміздің инвестициялық тар­­тымдылығын арттырып, жоба­лар­ды жүзеге асыруға қажетті кепілдіктерді қамтамасыз етеді.

Экономикалық саясат мәселесіне қатысты Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) макроэко­но­микалық тұрақтандыру және халық­тың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған бірлес­кен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Былтырғы қазан айынан бері жылдық инфляцияның баяулауы байқалды. Бұл – жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралардың нәтижесі.

«Біз баға қысымын, инфляция дең­гейін төмендету жөніндегі саясатты табанды түрде жалғастыруға ниет­тіміз. Үкіметтің, Ұлттық Банк және Қар­жы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақ­тылықты қамтамасыз ету және халық­тың әл-ауқатын жақсарту жөнін­дегі бірлескен бағдарламасы жүзеге асырылуда. Биыл біз азаматтардың нақты табысын кем дегенде 2-3%-ға арт­тыруды алдымызға мақсат етіп қой­дық. Бұл – жүзеге асырылып отырған ауқым­ды жұмыс», деді Премьер-министр.

Дүниежүзілік банктің фискалдық сая–сат және экономикалық өсу бағытының өңірлік басшысы Антонио Нучифора мен Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Амина Ларэш макроэкономикалық тұрақтылықты жалғастыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Экономикалық өнімділікті одан әрі арттыруға, жеке сектордың тұрақты экономикалық өсудің драйвері ретіндегі рөлін кезең-кезеңі­мен нығайтуға басымдық берілді.

Бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұ­мыс туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері пікір білдірді.

Президент кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агент­тігінің төрағасы Әсет Ерғалиев мем­лекеттің үлесін төмендету, нақты экономиканы несиелеудегі банк секторының рөлін күшейту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Бұл мемлекеттік капитал мен жеке капи­тал арасындағы бәсекелестікті бол­дырмауға жол ашады. Азық-түлік инф­ляциясының деңгейін төмен­дету мәселесіне қатысты сауда нарық­тарының тиімділігін одан әрі арт­тыруға, көтерме-тарату орталық­тарының инф­рақұрылымы мен логистиканы да­мы­туға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және басқа да бағыттарға назар аударылды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова инфляцияны төмендету мақсатында фискалдық саясатты ақша-несие саясатымен үйлестіру жүзеге асып жатқанын хабарлады. Қазір инфляцияны тұрақтандыру үшін ақша-несие жағдайын туғызуға, инфляциялық болжамдарды нығай­туға бағытталған дәйекті ақша-несие саясаты жүргізіліп жатыр. Несие­леудің шектен тыс өсуін, әсіресе тұ­тыну­шылық несие сегментінде шектеуге мүмкіндік беретін макро және микропруденциалдық құралдар бел­сенді қолданылып жүр. Мәселен, Ұлттық банк дерегінше, 2024 жылы халыққа берілген несиенің барлық түрінің өсімі 21,9%-ды құраса, былтыр бұл көрсеткіштің өсуі 8,7%-ға дейін баяулады. Осылайша, Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА қабылдаған шаралар олардың тиімділігін көрсетті әрі инфляциялық үдерістерге тежегіш ретінде әсер етіп отыр.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру шеңберінде азық-түлік инфляциясы деңгейін төмендетуге қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Мәселен, негізгі бағыттардың бірі – нарықты қажетті өніммен толтыру, импортты алмастыруға баса назар аудара отырып, өнім өндіру көлемін ұлғайту, азық-түлік тауарларын бөлшек саудада өткізудің ашықтығы мен баға қолжетімділігін қамтамасыз ету, ӘМАТ өндірушілерін қолдау әрі оның номенклатурасын уақытша кеңейту, ұстамды тарифтік саясатты жүзеге асыру, оның ішінде сыртқы сауда мен ақша-несие сая–саты бағыты бар. Нәтижесінде, бірінші тоқсанда инфляцияның біртіндеп төмендеуінде оң динамика байқалады. Инфляцияны төмендетудегі қарқынды сақтау мен жалғастыру мақсатында қосымша қадамдық алгоритм әзірленді.

Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан адам капиталын, кәсіпкерлікті және жасанды интеллект саласындағы нарықтарды дамытуға бағытталған институционалдық жобасы да сөз болды.

Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев эконо­миканың негізгі секторларында инновацияларды коммерцияландыруды жеделдету мен қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі тәсілдерді атап өтті. Мәселен, экожү­йені дамыту құралдары туралы нақ­тыланды, соның ішінде ЖИ, үлкен деректер мен аддитивті технологияларды дамыту арқылы бағдарламалар мен халықаралық өзара іс-қимылды кеңейту іс-шаралары бар.

Премьер-министр Олжас Бектенов цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Цифрландыру мен жасанды ин­­теллектіні дамыту – негізгі ұлттық басымдықтардың бірі. 2026 жыл елімізде Цифрландыру жылы деп жарияланды, атап айтқанда, жасанды интеллектіні жаппай енгізу, цифрлық сервистерден интеллектуалды мемлекеттік платформаларға көшу және экономиканың барлық сек­торында деректерге негізделген тәсіл­­дерді кеңінен енгізуге басым­дық бе­рілу­де. Біз бұл бағытта озық қар­­­­қын­­­мен ілгерілеуіміз керек», дей келе Олжас Бектенов Халық­ара­лық қар­­жы ұйым­дарының өкіл­дерін ЖИ саласын­д­ағы белсенді ынтымақ­тастыққа шақырды.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында кәріздік тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялау жобасына қатысты қарыз сомасының азаюына байланысты борыштық жүктемені оңтайландыру нәтижелері қаралды. Бұл Еуропалық қайта құру және даму банкінің қол­дауымен «Энергетикалық және комму­налдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан жүргізілген рәсімдердің қорытындысында жоба параметрлері жұмыс көлемін қысқар­тусыз оңтайландырылғанын баяндады. Мәселен, қол қойылған EPC-келісімшарт несиелік келісімнің бастапқы сомасынан шамамен 7,9 млрд теңгеге төмен. Халықаралық серіктестің ұстанымын ЕҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан жеткізді.

Отырыста Үйлестіру кеңесінің құрамын кеңейту мәселесі де қаралды. Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының Кеңес құрамына кіруі туралы ұсынысқа қолдау көрсетілді. Сондай-ақ Үкіметтің халықаралық қаржы ұйым­дарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында биыл­ғы ақпан айынан бастап Кеңестің шешімдерін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар орындауға міндетті екенін атап өткен жөн.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымда­рымен белсенді өзара іс-қимылының маңыздылығына назар аударып, тиісті мемлекеттік органдарға отырыста айтыл­ған ұсыныстарды зерделеуді тапсырды.

«Біз сіздердің белсенді жұмыс­тарыңызды және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді жоғары бағалаймыз. Үкімет өзара тиімді серіктестікті нығайтуға бағыт­талған диалогке, кеңестерге және ұсы­ныстарға әрдайым ашық әрі дайын. Мемлекет пен халықаралық қаржы ұйымдарының бірлескен үйлесімді күш-жігері құрылымдық реформаларды іске асыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және озық тәжірибелерді енгізуге қосымша серпін береді», деді О.Бектенов.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:13

Фарабитанудың елеулі белесі

Ғылым • Бүгін, 08:45

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

АҚШ-Иран: Уақытша мәміле бейбітшілікке бастаса игі

Әлем • Бүгін, 08:35

Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек

Ғылым • Бүгін, 08:30

Оралда көпір құрылысы басталады

Құрылыс • Бүгін, 08:25

Димаш туралы деректі фильм

Өнер • Бүгін, 08:23

Ақылы жол: Тариф өсті, сапа қайда?

Мәселе • Бүгін, 08:20

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10

Оғыз өркениетін ұлықтаған көрме

Саясат • Бүгін, 08:08

Туристік маусымға әзірлік жайы талқыланды

Туризм • Бүгін, 08:05

Сенатор Моңғол елшісімен кездесті

Саясат • Бүгін, 08:02

Халықаралық қаржы ұйымдарымен серіктестік нығаяды

Саясат • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Сәуір 2026 10:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see182

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see122

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see116

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see115

Бразилия басшысы Трампқа Украина бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізуді ұсынды

22 Тамыз 2026 11:14see114

Қазақстандық әйел Тоқаев сыйлаған сағатты 3 миллион теңгеге жуық бағаға сатылымға шығарды

22 Тамыз 2026 17:54see114

Қазақстанда сауда өсімі баяулады: халық азық түлікке көбірек ақша жұмсап жатыр

22 Тамыз 2026 09:51see112

Ақшолақов ескі мектепті жөндеудің тиімділігіне күмәнданды

22 Тамыз 2026 17:55see111

4 жасар баланы құтқарып қалды: Қарағанды облысында жасөспірім марапатталды

22 Тамыз 2026 12:23see111

Колумбия президенті 15 департаментте экономикалық төтенше жағдай жариялады

22 Тамыз 2026 17:52see111

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see111

Біздің нүктеміз жасыл түспен жанды . Сарапшылар Қазақстан рейтингінің көтерілуі туралы

22 Тамыз 2026 15:09see110

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see110

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see109

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see109

Имам садақа дастарханына қатысты дауға нүкте қойды

22 Тамыз 2026 11:03see108

16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

22 Тамыз 2026 09:33see108

Тұрғын үй жалдау ақысы жарты бағамен: Қазақстанда кім көмек ала алады

22 Тамыз 2026 10:48see108

Сайлауалды үгіт насихат кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды

21 Тамыз 2026 16:50see106

Сенбіде жеті қалада ауаның ластану қаупі жоғарылайды

22 Тамыз 2026 09:16see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары