Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Қазақстан Үкіметі халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті

Қазақстан Үкіметі халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға ниетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынға Дүниежүзілік банктің (ДБ), Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК), Азия даму банкінің (АДБ), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), Ислам даму банкінің (ИДБ) өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесіне Премьер-министр басшылық етті. Кеңес құрамына сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев, ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев енді.

Отырыс жұмысын аша отырып, Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық қаржы институттарының құрылымдық реформаларды жүзеге асырудағы және экономиканың сапалы өсуіне бағытталған озық тәжірибелерді енгізудегі стратегиялық рөлін атап өтті.

«Үйлестіру кеңесінің жұмысын және халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін қайта форматтау ел Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Бұл мемлекеттің беделді қаржы институттарымен ынтымақтастыққа қаншалықты деңгейде көңіл бөлетін көрсетеді. Бізде бірлесіп жүзеге асырылған табысты жобалар мол. Десе де, одан да көп нәрсе жасауға болатынына сенімдімін. Еліміздің әлеуеті өте зор, сіздердің қолдауларыңызбен оны барынша жүзеге асыра аламыз деп ойлаймын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Күн тәртібінде – ел экономикасына мультипликативті әсер беретін жобаларға халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуын арттыру мәселесі.

Жиында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайту саласына қатысты нақты бастамалар, ел өңірлерінің қаражатты өз бетінше тарту мәселелері қаралды. Сондай-ақ көлік әлеуетін одан әрі дамыту, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламаларын кең ауқымда тарату бойынша МҚҰ-мен бірлескен бірқатар жоба ұсынылды.

МЖӘ тетігін қолдану мәселесін талқылау барысында «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» Заңның жаңа редакциясы атап өтілді. Ол бірқатар рәсімді оңтайландыру арқылы жобалардың сапасын арттыру және жоспарлау мерзімдері мен бюджеттік шығыстарды қысқарту үшін «Бағдарламалық МЖӘ» тетігін енгізуге бағытталған.

ХҚК-мен бірлесіп бүгінде энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, сумен жабдықтау және көлік салаларында 7 ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 2,7 трлн теңгеге 1 100-ден астам МЖӘ шарттары (аяқталғандарын қоса алғанда) жасалды.

Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстандағы өкілі Зафар Хашимов нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіруге, жобаларды конкурстық іріктеу рәсіміне, сондай-ақ халықаралық алаңдарда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін белсенді ілгерілетуге қатысты ұсыныстарын айтты.

«Азия даму банкі Қазақстанның серіктесі болып саналады және Үкіметті, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үшін жағдайды жақсарту жөніндегі бастамаларда қолдауға дайын. Біз МЖӘ жобаларының пулын анықтауды маңызды деп санаймыз. Бұл сенімді инвесторларды тартуға көмектесіп, қазақстандық нарықтағы бәсекелестікті күшейтуге ықпал етеді. Аталған тәсіл АДБ-ның бұған дейінгі берген ұсынымдарына сәйкес келеді және біз МЖӘ орталығының осы маңызды кезеңді ілгерілетудегі белсенді рөлін жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті АДБ өкілдігінің директоры Утсав Кумар.

ЕҚДБ-ның ҚР-дағы басшысының орынбасары Асқар Намазбаев валюталық тәуекелдерге бюджет бөлу, әкімшілік кедергілерді қысқарту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру кезінде МЖӘ тетіктерін пайдалану және тағы да басқа мәселелерді көтерді.

Көтерілген мәселелер бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ерболат Досаев өз пікірлерін білдірді.

Премьер-министр ТКШ саласында, оның ішінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде, сондай-ақ цифрлық технологияларды дамыту мен жасанды интеллектіні енгізу саласында халықаралық қаржы институттарымен әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Отырысқа қатысушылар республикалық маңызы бар қалалардың инвестициялық жобаларға қаржыны өз бетінше тарту тетігін талқылау барысында Үкіметтің өңірлердің бюджеттік дербестігін нығайту жөніндегі дәйекті жұмысын атап өтті. Бірқатар салық түсімі республикалық деңгейден жергілікті деңгейге берілді. Жаңа Бюджет кодексінде жергілікті бюджеттердің қаржылық өкілеттіктерін кеңейтетін және олардың тұрақтылығын арттыратын нормалар бекітілген. Бүгінде Алматының Халықаралық қаржы институттарынан тікелей қарыз алу мүмкіндігі бар. Fitch халықаралық агенттігінің қаланың кредиттік рейтингін «BBB+»  деңгейінде растауы да сыртқы қаржыландыруды тарту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. ХҚК және ЕҚДБ өкілдері Алматының экологиялық жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Дүниежүзілік банктің инвестициялық кепілдіктер бойынша берілетін қарыз қаражатын тарту арқылы «ҚТЖ» ҰК-ның күрделі салымдар бағдарламасына назар аударылды. Онда теміржол желілерін реконструкциялау, қалпына келтіру, жөндеу, локомотивтер және жолаушылар вагондарымен қатар, электр жылжымалы құрамын сатып алу қарастырылған.

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михнев елдің транзиттік әлеуетін күшейтудің маңыздылығына тоқталып, осы бағдарламаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға бағытталған «Өрлеу» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» және АДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осы бағдарлама бойынша келесі жылы ШОБ-ты жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржыландыруға қосымша қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді.

Үкімет айналасында шағын және орта кәсіпкерлік белдеуін дамытатын, экономиканың өсіміне және елдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жобаларды қолдайды. Бұл ретте ШОБ – халықты жұмыспен қамтудың негізгі көзі. Осыған байланысты, Премьер-министр атап өткендей, ШОБ-ты қолдау шараларымен кеңінен қамту мемлекет үшін басым бағыт болып қала береді. Сондықтан жұмыстың осы бағытын назардан тыс қалдырмау маңызды.

«Президент пен Үкімет халықаралық қаржы ұйымдарымен тиімді өзара іс-қимылға баса назар аударады. Бұл мемлекетке бюджеттік мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана отырып, ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сіздер жаһандық ауқымды қамтып отырсыздар, сондықтан да әртүрлі мемлекеттердегі белгілі бір мәселелердің қалай шешіліп жатқанымен таныссыздар. Сол себепті бизнес-ахуалды жақсартуға, инвестициялар тартуға және экономикалық тұрғыда басқа да мәселелерге қатысты ұсыныстар болса, біз оларды қуана қабылдаймыз. Жалпы, Үкімет барлық қаржы институттарымен сындарлы жұмыс істеуге ниетті», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына қаржы институттарынан алынған қарыздардың сапалы және мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі мен басқа да құрылымдарға барлық айтылған бастамалар мен ұсыныстарды пысықтау жүктелді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 16:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see120

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see116

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see116

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see115

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see113

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see111

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see111

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see109

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары