Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Халықтың табысы 98,9%: өсім бар, бірақ әл ауқат неге артпай отыр

Халықтың табысы 98,9%: өсім бар, бірақ әл ауқат неге артпай отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсанның қорытындысы бойынша халықтың нақты кіріс индексі өткен жылғы деңгейге 98,9%-ды көрсетті. Жан басына шаққандағы орташа табыс 238 070 теңге. Табыстың номиналды өсімі +10,2%, ал нақты өсім (инфляцияны ескергенде): -1,1%.

— Нақты кірістің төмендеуі, экономиканың өсуі әлі де халықтың әл-ауқатына толық әсер етпейтіндігін көрсетеді. Яғни пайданы қайта бөлу мәселесі туындайды. Мұндай жағдай жұмыспен қамтуды арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ жаңартылған Халықтың табысын арттыру бағдарламасында қаралған жалақыны арттыру жөніндегі шаралардың өзектілігін көрсетеді, — деп хабарлады ведомстводан.

Жылдық динамика және нүктелік мәндер

Нақты кірістер жағдайы туралы объективті көріністі тек жылдық көрсеткіш беретінін бірден атап өтеміз. Ол маусымдық ауытқулар мен бір реттік инфляциялық ахуалды жұмсартады. Бұл нақты ұзақмерзімді трендті көрсетеді.

— Желтоқсанда қызу талқыланған халықтың нақты табысының -6% деңгейінде төмендеуі туралы тезис жедел деректерге және «Желтоқсан-желтоқсанға» қағидаты бойынша негізделген. Яғни бір жылдағы жиынтық динамика емес, бір ай шеңберіндегі көрсеткіштің өзгеруін көрсетеді. Бір айдағы деректі (атап айтқанда, желтоқсандағы жедел деректі) экономикалық тұрғыдан жыл бойына сипаттама ретінде пайдалану негізсіз және әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес, — делінген хабарламада.

Неліктен нақты табыс ЖІӨ-мен бір уақытта өспейді

Халықтың нақты табыс индексінің төмендеу себебінің бірі, жалақы бизнестің пайдасына қарағанда баяу қарқынмен өсіп отыр. Сарапшылардың бағалауы бойынша, компаниялардың 50%-дайы жалақыны үнемдеп, 10%-дан асырмаған. Кейбіреулері бұрынғы деңгейде қалдырған. Бұл алшақтықты тудырады: ЖІӨ өнеркәсіп, қызмет көрсету және экспорт арқылы өссе де, бірақ нақты жұмысшының жалақысына бұл ақша кідіріспен келеді.

Неліктен жалақының өсу қарқыны бәсеңдеп отыр

— Еңбекақы қоры компаниялардың тұрақты шығындарын білдіреді. Бюджетті қалыптастыру кезінде көбінесе ірі кәсіпорындар, шығынға ықтимал тәуекелдерді салады. Бұлар бүгінде негізінен сыртқы сипатқа тәуелді. Олардың ішінде логистикалық тізбектің үзілуі, тұрақсыз геосаяси жағдай, санкциялық шектеу, әлемдік бағалар мен валюта бағамының құбылмалылығы және басқалары бар. Бизнес әсер ете алмайтын осы факторлардың барлығы жалақыны белсенді түрде арттыру мүмкіндігін шектейді, — деп хабарлады министрліктен.

Қазақстанда жалпы экономикадағы (ЖІӨ) жалақының үлесі шамамен 31%. (2024 жылғы қорытынды бойынша). Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 40%-дан жоғары. Үкіметтің міндеті — кірістерді әділ бөлу, бизнес тек дивидендтерге ғана емес, кірісті еңбекақыға да көбірек жұмсауы тиіс. Аталған мәселелер жүйелік мәселе ретінде аталған. 

Сонымен қатар, халықтың табысы жалақы есебінен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік трансферттер мен басқа да кірістер есебінен қалыптасады. Оның динамикасы экономиканың өсу қарқынынан өзгеше болуы мүмкін.

Өткен жылдың 4 тоқсанның қорытындысы бойынша жалдамалы емес жұмыстан түскен табысқа халық табысының 8,3%, зейнетақыға 17,9%, жәрдемақыға 3,3% және т. б. сәйкес келді.

Үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі басымдықтары мен жоспарлары

Азаматтарымыздың нақты табысының өсуін қамтамасыз ету — мемлекеттік саясаттың басты басымдығы. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚНРДА-ның 2028 жылға дейінгі бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. Оның мақсаты нақты кірістердің +2-3% деңгейінде өсуін қамтамасыз ету. Бұған инфляция деңгейін 2026 жылы 9-11%-ға, 2027 жылы 5,5 — 7,5% — ға, 2028 жылы 5-7% — ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Бағалар баяу өскен кезде жалақы да көп болады.

Бұл үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Теңдестірілген тарифтік саясат

Үкімет өткен жылғы қазанда енгізген коммуналдық қызметтер мен ЖЖМ тарифін көтеру мораторийі өз міндетін орындады. Үкімет инфляцияны тұрақтандырды. Ол алтыншы ай қатарынан баяулап, өткен жылғы қыркүйектегі 12.9%-дан наурызда 11.0%-ға дейін төмендеді. Реттелетін қызметтерге қатысты бұл табиғи монополиялар субъектілерінің операциялық шығындарын оңтайландыру есебінен жүзеге асырылды.

Мораторий кезінде ҰЭМ ТМРК «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде қайта есептеу жүргізді.

1 сәуірден бастап тарифтік саясат ұстамды түрде жүргізілетін болады. Азаматтарға қаржылық жүктеме мейлінше аз болмақ. ӘМАТ өндірушілері үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімі бағасын ұстап тұру үшін, ал олардың кеңейтілген тізіміндегі 31 түріне (бұл азық-түлік себетінің 23,4%) электр энергиясы мен темір жол тасымалы тарифті 70%-ға дейін төмендететін болады. Әлеуметтік осал топ үшін коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынды өтеу арқылы атаулы қолдау шаралары сақталады.

Nota bene: Реттелетін қызмет тарифі мен ЖЖМ бағасының өсуінен инфляцияға салым ағымдағы жылы 0,35 пайыздық тармақтан аспайды.

Бюджет шығыстарын қатаңдату

Контрциклдік бюджет саясаты шеңберінде республикалық бюджет шығыстарының және Ұлттық қордан трансферттердің өсуін шектеу жөніндегі Бюджет кодексінде көзделген фискалдық қағидалардың қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.

Республикалық бюджет шығыстарының ұстамды өсуі және олардың тиімділігін арттыру есебінен олардың ЖІӨ-ге үлесі 2026 жылы 15,1%-ға дейін қысқарады.

Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемін қысқартудың жүйелі саясаты жалғастырылады. 2026 жылы соңғы 5 жылда алғаш рет республикалық бюджет Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлінбей, орындалуда. Салыстыру үшін: 2025 жылы 3 трлн 250 млрд теңге нысаналы трансферт бөлінді. Осылайша, ағымдағы жылы бұл қаражат фискалдық арна арқылы экономикаға қосымша инфляциялық қысым көрсетпейді. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2 770 млрд теңге мөлшерінде айқындалды.

Республикалық бюджет тапшылығы 2026 жылы ЖІӨ-ге 2,5%-дан 2028 жылы ЖІӨ-ге 0,9%-ға дейін төмендетіледі.

Бюджет шығыстарын оңтайландырудың осы көрсеткіштерінің барлығы бюджет саясатының тиімділігін арттыруға және бюджеттің кіріс базасын кеңейтуге бағытталған шараларды іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл, қолданыстағы және тиімсіз салық жеңілдіктерін тексеру, банк секторының қауіпсіздік қорын арттыру және үй шаруашылықтарының артық борыштық жүктемесіне жол бермеу, цифрлық технологияларды қолдана отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын атаулы қолдау шараларын күшейту жөніндегі шаралар кешені есебінен.

Халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасы

Қазір Үкімет жұмыспен қамтуды ынталандыру, жалақыны арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрақты жұмыс орындарын құру жөніндегі шараларды қамтитын 2029 жылға дейін халықтың табысын арттырудың кешенді бағдарламасын қалыптастыруда. Бұл шаралар:

— коммуналдық сала қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің және ауыл шаруашылығының жалақысын ұлғайту,

— еңбекақы төлеу қорының үлесінің өсуі,

— өңдеу өнеркәсібінде жаңа жұмыс орындарын құру,

— экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдау,

— комиссиялар мен төлемдер арқылы халықтың қаржылық ауыртпалығын төмендету,

— ірі кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларын іске асыру және басқалар.

2026 жыл біздің азаматтарымыздың табыстарының өсу трендін қалыптастыруға қатысты айқындаушы болады. Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік деректердің ашықтығы мен дұрыс түсіндірілуін қамтамасыз ету үшін әдіснаманы үнемі түсіндіру тәжірибесін жалғастырады.

Бұған дейін 1 жылдың ішінде Ұлттық қордың ақшасы екі рет ортайып, қайта өскенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 16:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары