Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Мал ұстағанның табысы неге мардымсыз?

Мал ұстағанның табысы неге мардымсыз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Меңдіқара өңіріндегі елді мекендер аудан орталығындағы «Милх» серіктестігіне сүт өткізіп, қосымша табыс тауып отыр. Алайда бүгінде жемшөп қымбат. Ал сүттің бағасы кейінгі екі жыл бойы өзгермей тұр. Ауыл тұрғындары аталған серіктестік бағаны өсірмесе мал басы азайып кетуі мүмкін деген қауіп айтады.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, қолдың сүті қара су құрлы болмай тұр. Мәселен, қосалқы шаруашылық иелері ала жаздай сүттің литрін 165 теңгеден өткізіп келген. Ал дүкен сөрелеріндегі газсыз судың бағасы одан әлдеқайда қымбат. Мәселен, бір литр «Asu» суы 359 теңге, ал «Tascay» суының бір литрі 405 теңге тұрады. Қайнардан шыққан дайын қара суды құтыға құйып, дүкен сөресіне қою көп шығын керек етпейтін шығар. Ал сүттің дәл бағасын анықтау үшін алдымен ауыл тұрғынының бір сиыр үшін жаздай бақташының еңбегіне беретін, алты ай қыс жемшөбіне жіберетін ақшасын, қора күтіміне, малдың астын тазалауға, сауынға кететін уақыты мен маңдай терінің өтемін есептеп алу керек сияқты. Мұның сыртында, ала сиырдың сүті ауыл тұрғындарының бірден-бір күнделікті табыс көзі екені ескерілуі қажет. 

Ауыл халқын алаңдатқан мәселеге облыстық мәслихат депутаты Ғайния Есеева мен аудандық мәслихат депутаты Ербол Қарымсақов араласып, біраз шаруа тындырыпты. Депутаттар ауыл аралап, жұртпен кездесіп, көпшілікпен ақылдаса отырып, елден сүт қабылдап жүрген «Милх» ЖШС директоры Сергей Блокқа ресми хат жолдаған.  Нәтижесінде,  кәсіпорын басшысы сүт бағасын 10 пайызға өсірген. Алайда компания басшысы белгілеген жаңа баға көптің көңілінен шықпай отыр.  

Тұрғындардың біразы сүттен түсетін табыс азайған соң, сиырын етке өткізіп жіберген. Боровской ауылының тұрғыны Наталья Вяткинаның айтуынша, ауылда мал басы, әсіресе, ірі қара саны азайып барады.

«Себебі сүттің бағасы арзан. Жұрттың көбі мал басын азайтып жатыр. Мүлдем етке тапсырып жатқандар бар. Таяуда сүт бағасын 181 теңгеге көтерді. Баға кем дегенде 230 теңге көлемінде болу керек. Зауыт бұрын бізге сүттің әр литрінен бөлек, майлылығына төлеп отыратын. Қазір ол да жоқ», дейді тұрғын.

Екі бас сиырын сатып жіберген Архипов ауылының тұрғыны Галина Кенжетаева сүт өткізгеннен гөрі ет өткізген тиімді деп отыр.

«Малдың қысқы жемшөбін, күзде арпасын алу қажет. Еттің сатып алу бағасы көтерілді, сондықтан 2 сиырымды етке тапсырдым. Енді 5 басты тағы сатсам ба деп ойлап отырмын. 10 жылдай сүт тапсырып келдік. Жаман болған жоқ. Алайда кейінгі жылдары табысымыз азайып кетті. Сүт бағасы көтерілмесе басқа да тұрғындар сияқты мен де малмен айналысуды қоюға мәжбүр боламын», дейді Галина Кенжетаева.

Боровскойда қосалқы шаруа­шылық ұстайтын Анаста­сияның 47 сиырынан 38 бас қалған. «Егер сүттің қабылдау бағасы көтерілетін болса, онда мал басы да көбейетін еді. Қазір сүттің бағасы арзан, ал жемшөп қымбат. Сатпай отыра берейін десем, мал ұстау жылма-жыл тиімсіз болып бара жатыр. Дүкендегі судың бағасы сүттен де қымбат», дейді мал иесі. 

Көктерек ауылының тұрғыны Баян Елтаева ауыл тұрғындарының еңбегі лайықты бағалануы керек екенін айтады. «Күн ара өсіп жатқан баға анау. Инемен құдық қазғандай, қайнаған еңбек ауылда екенін қаладағылар білсін. Нансыз, етсіз, сүтсіз қорек бола ма, бірақ сол тағамды жасап отырған ауыл тұрғындары ғой. Қымбатшылықты өздеріңіз білесіздер. Әр шаңырақ өз шама-шарқына қарай мал бағып отырған жай бар. Он бір ай бойы бір қалыпты сүт болмайды. 3-4 ай жақсы сүт аласың, сосын көлемі кеми бастайды. Бұлақтай ағып жатқан сүт жоқ. Желіннен шығар сүттің де мезгілі бар. Мұны өз қара басымды күйттегендіктен айтып жатқан жоқпын. Жолдасым екеуміз де зейнеткерміз. Мемлекет лайықты зейнетақысын беріп отыр. Сүттің бағасы дұрыс болмаған жерде, ауылға мал түгілі адам құтаймай қала ма деп қорқам», дейді Баян әжей.

Аудандық мәслихат депутаты Ербол Қарымсақовтың айтуынша, кейінгі жылдары жемшөптің қымбаттап кетуі ауыл тұрғындарының тұрмысын қиын­дата түскен. Бұл жағдай қосалқы шаруашылықтардағы мал басының азайып кетуіне тікелей ықпал етіп отыр.

«Ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі – мал шаруа­­шылығы ғой. Көптеген қосал­қы шаруашылық иесі үшін жалғыз тұрақты табыс көзі – сүт. Ең маңыздысы – «Милх» серіктестігі сүт өткізушілермен айына екі рет есеп айырысып отырады. Осының арқасында ауылдағы әр отбасының табысы еселеніп, күнделікті өмірге қажет дүниелерін сатып алуға, сол елді мекеннен көшіп кетпей,  мал ұстап тіршілігін түзеуге мүмкіндік беріп отыр. Егер қосалқы шаруашылықтар кооперативке біріксе, мемлекет тарапынан субсидия алуға болатын еді. Алайда бұл жағдайда ҚШ иелеріне салық төлеуге тура келеді. Салық пен мемлекеттік субсидия көлемі бірдей. Көп­ші­ліктің кооператив құруға ықылассыз болып отыруының себебі осында жатыр. Сондықтан жергілікті өнім өндірушілер ауылға қолдау көрсетіп, сүттің бағасын әлі де болса көтерер деген үміттеміз», дейді мәслихат депутаты.

Қостанай облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see157

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see143

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see140

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see139

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see139

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see138

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see137

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see137

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see135

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see135

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see135

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see135

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see135

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see134

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see133

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see133

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see133

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see132

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see132

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары