Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

“Тексеріп жатырмыз, бірақ хайп болуы мүмкін“ полиция қазақстандық рэпердің шулы мәлімдемесі туралы

“Тексеріп жатырмыз, бірақ хайп болуы мүмкін“ полиция қазақстандық рэпердің шулы мәлімдемесі туралы

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы Полиция департаменті қазақстандық рэпер Әнуар Баймұхаевтың (De Lacure) көпшілік алдында айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін әртіс YouTube-шоуының түсірілімі кезінде қоғамда резонанс тудырған оқиғаны айтып берген болатын, деп хабарлайды Tengri Life.

Мән-жайы

"Мне стыдно" атты әлі жарыққа шықпаған бағдарламаның үзінділері әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін, жұртшылық музыкант пен оның достарының әрекетіне құқықтық баға беруді талап етті.

Анықтама: Анықтама: "Маған ұят" (Мне стыдно) - бұл ойын-сауық бағытындағы YouTube-шоу. Бағдарламаға комиктер, блогерлер және шақырылған қонақтар қатысады. Олар өз өмірлеріндегі жеке, ыңғайсыз немесе "ұятты" оқиғаларын бөліседі.

Оқиғаның мән-жайы рэпер қатысқан түсірілімде болған көрермендердің сөзінен кейін тарай бастады. Олардың айтуынша, сөз De Lacure баяндаған өткен шақтағы бір оқиға туралы болған.

Куәгерлердің сөзінше, рэпер достарымен көшеде келе жатып, көмек сұраған айқайды естігенін айтқан.

"Олар жарақат алып, жерде көмекке шақырып жатқан әйелді тауып алған. Ол (достарының - ред.еск.) есімдерін де атады. Олар көмекке келіп, оны киіндіре бастаған. Алайда бір сәтте достарының бірі өзгелерінен шыға тұруды өтініп, "әрі қарай өзі көмектесетінін" айтқан. Олар шығып кеткеннен кейін, әйел зорланған. De Lacure-дың айтуынша, олар сыртта тұрып, іште не болып жатқанын түсінген", - деп жазды шоудың куәгерлерінің бірі болуы мүмкін көрермен.

Полиция пікірі

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек полицияның тиісті тексеру жұмыстарын бастап кеткенін хабарлады.

"Егер деректер рас болса, міндетті түрде құқықтық баға беріледі. Алайда тәжірибеде кездесетініндей, кейде танымалдылық (хайп) үшін не болса соны айта салуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайды да жоққа шығармаймыз", – деді Салтанат Әзірбек ӨКҚ кулуарында.

Сонымен қатар ол ақпарат расталған жағдайда, кінәлілер жауапкершіліктен құтылмайтынын атап өтті.

"Егер бұл жайт расымен болған болса, заң аясында тиісті жаза міндетті түрде қолданылады", – деп толықтырды ведомствоның ресми өкілі.

Журналистер сондай-ақ рэперді қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатқан-жатпағанын сұрады. Салтанат Әзірбек бұл туралы айту әлі ерте екенін жеткізді.

Дау неден шықты?

Белгілі комик, шоу жүргізушілерінің бірі Зарина Байболова подкасттардың бірінде жарыққа шықпай қалған жобаның шығарылымы туралы айтып, команданың оны неге жариялаудан бас тартқанын түсіндірді.

Кейінірек Зарина Байболова әлеуметтік желілерде түсірілім кезінде не болғанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның айтуынша, бағдарлама 2025 жылдың 20 сәуірінде Алматыда жазылған.

Оның айтуынша, сол күні қатарынан бірнеше шығарылым түсірілген, ал рэпер қатысқан шоу ең соңғысы болған. Ол өз оқиғасын айтқан сәтте түсірілім тобы шаршап қалған еді, деп нақтылады комик. Жүргізуші сол сәтте тиісті деңгейде реакция білдіре алмағандарын мойындады. Ол "бұл шынайы оқиға ма, әлде ойдан шығарылған ба немесе жай ғана арандату ма, ол кезде түсініксіз болғанын" атап өтті.

"Бірден бағдар таба алмай, тиісті реакция танытпағанымыз үшін кешірім сұраймын", - деп жазды ол.

Оның сөзінше, ең құрығанда түсірілімді тоқтатып, сахнадан шығып кету керек еді. Алайда залда 100-ден астам көрермен отырғанын ескерген топ түсірілімді жалғастыруға тырысқан. Бойжеткен бұл жағдайдың сырт көзге орынсыз көрінгенін және қазақстандықтардың наразылығын түсінетінін айтты.

Кейінірек тілшімізбен сөйлесу барысында ол полицияға арыз түскенін растады.

Анықтама: Зарина Байболова - танымал қазақстандық комик, стендап-әртіс және сценарист.

Кейінірек Әнуар Баймұхаев жағдайға қатысты пікір білдіріп, бұл оқиғаның осыдан 15 жыл бұрын, өзі 16-17 жаста болғанда орын алғанын мәлімдеді. Ол зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайтынын жеткізіп, "нашар оқиғаны таңдағаны және сол сәтте мұның ешқандай күлкілі емес екенін түсінбегені үшін" кешірім сұрады.

Анықтама: De Lacure есімімен танымал Әнуар Баймұхаев - қазақстандық рэп орындаушы, әндер авторы және продюсер. Музыкамен 2009 жылдан бері айналысады және нью-скул стилінде жұмыс істейді. Көпшілікке "Esindi Jina", "Kul", "Quma" тректері арқылы танымал.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 12:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары