Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Қазақстанда Президент туралы заңға өзгерістер енгізілуде

Қазақстанда Президент туралы заңға өзгерістер енгізілуде

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Заң жобасының негізгі ережелері туралы әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, заң жобасы сегіз тарау мен 43 баптан тұрады. Құжатта Қазақстан Президенті мен вице-президентінің құқықтық мәртебесі айқындалып, сондай-ақ жоғары билік органдарының қызмет ету мәселелері реттеледі.

"Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының символы әрі кепілі. Конституцияның Президентке арналған үшінші бөлімі "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласын жүйелі әрі қисынды түрде дамытады", - деді министр.

Әділет министрінің сөзінше, заң жобасының бірінші тарауы Президенттің мәртебесін, соның ішінде қызметке кірісу рәсімін, өкілеттік мерзімін, сондай-ақ лауазымда болуына байланысты шектеулерді ашып көрсетеді.

Президент сайлауының тәртібіне, ант беру және өкілеттік мерзімдеріне қатысты ережелер кезектен тыс сайлау институтынан бас тарту ескеріле отырып нақтыланған.

Бұл ретте Сәрсембаев 2022 жылы енгізілген, суперпрезиденттік басқару формасынан алшақтауға бағытталған тұжырымдамалық шектеулер өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Сөз президенттіктің бір реттік жеті жылдық мерзімі, Мемлекет басшысының партиясыздығы, сондай-ақ оның жақын туыстарына арналған шектеулер туралы болып отыр.

Заң жобасының екінші тарауында Президенттің ішкі және сыртқы саясатты қалыптастыруға, Құрылтай, Үкімет және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға қатысты өкілеттіктері, сондай-ақ кадрлық және нормативтік шығармашылық функциялары жазылған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Заң жобасына сәйкес, Президент Бас прокурорды, Конституциялық Соттың, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Жоғары аудиторлық палатаның, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық банктің төрағаларын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді және Мемлекеттік күзет қызметінің бастығын жеке өзі тағайындайды.

Құрылтайдың келісімімен Президент вице-президентті, премьер-министрді, Конституциялық Соттың 10 судьясын, Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларын тағайындайды және сайлайды.

Жеке баппен алғаш рет Президенттің Халық Кеңесіне қатысты өкілеттіктері бекітіліп жатыр. Атап айтқанда, Президент оның құрамын бекітіп, ұйымдастырушылық инфрақұрылымын қалыптастыра алады.

Президент жарлықтарының заң күші болуы мүмкін

Заң жобасында Президент жарлықтарына қатысты мәселелерге ерекше назар аударылған.

Атап айтқанда, заң жобасының төртінші тарауында Конституцияда көзделген жағдайларда, дәлірек айтқанда - Құрылтай өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ол уақытша болмаған кезеңде Конституциялық заң немесе заң күші бар жарлықтар шығару мүмкіндігі қарастырылған.

Министрдің айтуынша, бұл Конституцияда көрсетілген шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік басқарудың жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ алтыншы және жетінші тараулар Президент қызметін қамтамасыз ету мәселелерін және экс-президенттердің мәртебесін реттейді. Ережелер Конституцияның жаңа редакциясына сәйкес келтірілген. Соның ішінде құжатта редакциялық өзгерістер, Құрылтайды ескере отырып нормаларды түзету, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік саяжайлар туралы ережелерді алып тастау қарастырылған.

Заң не үшін қабылданып жатыр?

Әділет министрі сөзінше, Конституциялық заңның қабылдануы келесілерге мүмкіндік береді:

"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын институционализациялауға; жоғары мемлекеттік биліктің жұмыс істеу тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға; Президент өкілеттіктерінің конституциялық институттармен жүйелі байланысын қамтамасыз етуге; вице-президент институтын енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіруге; заңнаманы билік тармақтарының өзара іс-қимылының жаңа конституциялық моделіне бейімдеуге.

"Конституциялық заңның қабылдануы президенттік институтты одан әрі жетілдіруге, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға, саяси жаңғыруды дамытуға және жаңа Конституцияға сәйкес әділдік, заңдылық пен құқық үстемдігі қағидаттарын іске асыруға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік: шілдеде республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енеді. Тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда кім вице-президент бола алады: Парламент түзетулерді қарастырып жатыр

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары