Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Химия саласының келешегі сараланды

Химия саласының келешегі сараланды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алқалы жиын алдында М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төр­ағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки, «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ҒЗИ бас директоры,  ҰҒА құрметті президенті, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынов баста­ған бір топ ғалым қазақ­тың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ескерткішіне гүл шоғын қойды. Әрі қарай қонақтар оқу орнының химия саласындағы ғылыми жетістіктерімен, жобаларымен танысып, «Химиктер туына» өзде­рінің естелік қолтаңбасын қал­дырды.

Конференцияның салтанатты ашылуында университет ректоры Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құт­тықтау хатын оқып берді. Академик М.Жұрынов Әуезов уни­верситетінің химия ғылымын да­мы­туға, қажетті мамандар даяр­лауға мүмкіндігі мол екенін жет­кізді.

«Елімізде конституциялық реформа іске асып, жаңа дәуірге қадам бастық. Осындай өзгерістер шағында ғылыми конференцияның ұйымдастырылуын маңызды деп санаймын. Сон­дық­тан басқосудың өтуіне мұрындық болған барша азаматқа, әсіресе университет ректорына ерекше алғыс білдіремін. Жалпы, ел экономикасы күш-қуатының тең жартысынан астамы химия саласы мен металлургияға негізделген. Елімізде 100 млн тоннаға дейін мұнай өндіріледі. Оның 20%-ы республиканың 3 мұнай өңдеу зауытында өңделеді. Келешекте ол аздық етуі мүмкін. Сол себепті төртінші МӨЗ салу мәселесі қазір күн тәртібінде тұр», деді М.Жұрынов.

Академик басқаратын «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ҒЗИ бүгінде осы мәселемен тікелей айналысып жатқанын жеткізді. Ғалым сондай-ақ Үкімет құрған комиссиямен бірге еліміздегі мұнай-химия өнеркәсібінің болашағы жөнінде тұжырымдама әзірлегенін айтты. Бүгінде бұл құжат Үкімет тарапынан бекітілді. Тұжырымдаманың бір тармағында елімізде төртінші МӨЗ салынып, Мұнай-химия инс-титуты құрылу керек деген талаптар көрсетілген. Мұнай өнімдерін өңдеудің ғылыми жұмысымен Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрхимия институты 1969 жылдан бері айналысып келе жатса, енді бұл жауапкершілікті жаңадан құрылған «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» ҒЗИ өз міндетіне алып отыр.

«Қазақстанда мұнай 75–80%-ға, АҚШ-та 95-98%-ға дейін өңделеді. Төртінші МӨЗ мұнай өңдеу көрсеткішін 95%-ға жеткізеді. Зауыттан жанармайдан бөлек, мұнай химиясының көптеген өнімі шығарылады. Атырау, Павлодар, Шымкенттегі МӨЗ-дер терең жаңғыртудан өтті. Соның ішінде Шымкенттің «ПетроКазахстанОйлПродактс» ком­паниясы үлкен модерни­за­ция­лық жұмыстар атқарды. Нәтижесінде, мұнай өңдеу көлемі 6 млн-нан 12 млн тоннаға өсті. Павлодар мен Атыраудағы МӨЗ-дердің жаңғыртудан кейінгі мұнай өңдеу қуаты қосымша 1 млн тоннға ғана ұлғайды. Төртінші мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 10 млн тоннаны құрайды. Сол кезде Қазақстан мұнай өнімдерімен өзін ғана емес, Орталық Азияны да толықтай қамтамасыз етеді. Мұнай дегеніміз – нағыз энергия көзі. Электрокардан басқа кез келген көлік жанармаймен жүреді. Кәсіпорындар отын ретінде мұнайдан шыққан өнімдерді пайдаланады. Қазақстан жерас-ты қазба байлықтарын шикізат күйінде сатпай, одан дайын өнім жасап шығаратын мемлекет болуға тиіс. Мәселен, елімізде 2 атом электр стансасы салынады. Оған қажетті отын өзімізде өндіріледі. Бірақ уран шикізаты арзан күйінде сыртқа экспортталады. Егер оны өзіміз байытсақ, оның бағасы 3-4 есе өсер еді», деді Мұрат Жұрынов.

Академиктің өзі осы университетте оқығанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, жоғары оқу орны 1943 жылы алғаш рет Шымкент құрылыс материалдары институты болып құрылған. Соғыс жылдарынан кейін кеңес өкіметі химия саласына бет бұрып, білім ордасы Қазақ технология, артынша Қазақ химия-технология институты болып аталды. М.Жұрынов электрохимия кафедрасының алғашқы түлегі болды. Университте қалып мұғалім болып жұмыс істеп, сол кафедраны басқарды. Студент шағында оқу ордасының қазіргі негізгі ғимаратының құрылысына атсалысты. Ғалым оқу орнын 15 жыл басқарған ректор Сұлтан Сүлейменовтің іскерлігінің арқасында көптеген игі істер атқарылғанын жеткізді. ҚазХТИ кеңестік заманда елімізге ғана емес, КСРО-ға танымал іргелі оқу орны болды. Тоқсаныншы жылдардың басында химия саласы құлдырап, инженерлік кадрларға қажеттілік азайған тұста оқу орны бірнеше институтты біріктіріп жаңа университет ретінде ірге қалады. М.Жұрынов Білім министрі болып тұрған кезінде оқу ордасына мемлекеттік мәртебе бергенін атап өтті.

«Химия өндірісі елімізде қайта жанданады. Өйткені мұнай өңдеу көрсеткішін 95%-ға жеткіземіз деп отырмыз. Жаңадан металургиялық зауыттар іске қосылады. Балқашта өндірілетін мыс – осы металдың әлемдегі ең таза түрі. Тіпті Қазақстанның мысы Лондондағы биржаның эталоны саналады. Осы дәрежеге қайту – біздің міндет. Елімізде алюминий, цинк, магний секілді қазба байлықтардың неше түрі шығады. Енді осы металдарды шикізат күйінде сатпай, одан машина, небір құрылғылар жасап шығарсақ, оның экономикалық тиімділігі 5 есеге дейін артады. Ол үшін ғалымдар мен тиісті мамандар керек. Сондықтан бар үміт – бүгінгі білімді жас­тарда. Алматы қаласы химия ғылымының орталығы делінеді. Өйткені онда бірнеше іргелі инс­титут бар. Алайда химия технологиясы саласында Шымкенттегі Әуезов университетінің әлеуеті өте зор. Себебі оқу ордасында ғылыми база бұрыннан қалыптасқан. Әрі химия ғылымын зерттеп жүрген ғалымдар бүгінге дейін осында сабақ береді. Сондықтан жас-тар алдыңғы толқын ағалардың ғылыми еңбектерін жалғастырып, жалпы университет маман даярлау ісіне ерекше көңіл бөлуге тиіс. Оқу ордасының түлегі ретінде мен осыны қалаймын», деді академик.

Ғалымның айтуынша, төртін­ші МӨЗ салуға елімізде 3 өңір үміткерлікке таңдалып отыр. Ол – ең бірінші Атырау облысы. Оның себебі – бұл аймақ мұ­най кені шикізатының көзі. Екін­ші үміткер –  Ұлытау облысы. Жаңадан құрылған өңірді көтеру үшін МӨЗ осы облыстан салынуы мүмкін. Үшінші таңдау Шымкент қаласына түсіп тұр. М.Жұрынов төртінші мұнай өңдеу зауыты республиканың үшінші мегаполисінен бой көтереді деген болжам келешекте шындыққа айналуы мүмкін екенін жасырмады. Ғалымның пікірінше, зауытты оңтүстік өңірде салудың бірнеше тиімді тұсы бар. Біріншіден, өз мұнайымыз өңделеді. Егер Ресейге жақын аймақтан бой көтерсе, көрші ел мұнайы тәуелділік туын­дауы ықтимал. Екіншіден, Шымкентте жылына 12 млн тонна мұнай өңдейтін алып кәсіпорын бар. Үшіншіден, мұнай саласы өнеркәсібіне қажетті мамандарды Әуезов университеті секілді жергілікті жердегі жоғары оқу орындары даярлап шыға­ра­ды. Сондықтан Шымкент респуб­ликадағы химиялық техно­ло­гия­ның орталығы болуға тиіс деген ой білдірді академик. Химия ғылымының әлеуетін күшейту үшін Әуезов университеті Мәс­кеудің Менделеев атындағы химия технологиясы институтымен байланыс-ты нығайту керектігі жөнінде де пікір айтты.

Сонымен бірге конференция­да белгілі ғалымдар Михаил Наурызбаев пен Әбдуали Баешовтер де сөз сөйледі. Бұл аза­­мат­тар еліміздегі химия саласы ғы­лымының дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалар есептеледі. М.Наурызбаев 1988–1991 жылдары қазіргі Әуезов университетіне ректор болған тұсында КСРО Жоғары оқу орны министрлігінің аттестациясынан өтпеді деген желеумен білім ошағына жабылып қалу қаупі төнгенде, сақтап қалған. Сондай-ақ оның кезінде университеттің 8 қабатты оқу ғимараты, зертханалар бой көтерді. ҚазХТИ жанынан мектеп ашып, жыл сайын 300 оқушыны химия, математика пәндеріне тереңдетіп оқытты. Химиялық өндіріс экономикасы және құрылыс индустрия-сы атты жаңа факультет құрды. Әр жылда Атырау, Маңғыстау облыстарынан 100 маманнан даярлауға арнайы келісім түзді. Электрхимиялық өндіріс технологиясы кафедрасын басқарып, диссертациялық кеңестің мүшесі болды. Ал Ә.Баешов – 600-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Ерекше жаңалықтар ашқаны үшін «КСРО Құрметті өнертапқышы» атағын иеленген. Электрхимия, металургия, экология тақырыбындағы ғылыми еңбектері елімізден бөлек, шетелде де танымал. Ауыспалы тоқ электрхимиясы атты жаңа химия саласының негізін қалау­шы. 2000 жылдан бері Әуезов уни­вер­ситетіндегі диссертациялық кеңес­тің жұмысына белсене араласып, докторанттардың ғылыми еңбектерін талдады.

Конференция аясында осы аталған ғалымдармен бірге академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, 500-ден астам ғылыми еңбек пен 120 өнертабыстың авторы Абдурасул Жарменовке де «Университеттің құрметті профессоры» атағы берілді. А.Жарменов – металургия, минералдық шикізат­тар­ды өңдеу саласында үлкен еңбек сіңірген тұлға. Оның ойлап тапқан технологиясымен алтын қрамдас кендерді, қатқан шайырларды өңдейтін 20-дан астам қондырғы іске қосылды. Ал инновациялық ыстық циониттеу деп аталатын ғылыми жаңалығы елімізде – бірінші, әлемде екінші қолданылған технология саналады.  

Ғылыми басқосу барысында қонақтар университет жанынан бой көтерген «Химиктер аллеясының» салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ғалымдар мен делегация мүшелері талай жыл ректор болып оқу ордасын Қазақстан мен КСРО-ның жетекші университеттер қатарына қосқан тұлға Сұлтан Сүлейменовтің ескерт­кішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Осы жиында жаңа аллея химия ғылымын дә­ріптеп, болашақ ғылыми бас­тама­ларға шабыт берер кеңістік болады деген пікір айтылды.

Халықаралық конференция әрі қарай секциялық отырыстармен жалғасын тапты. Онда 8 тақырып бойынша ғылымның ең өзекті мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, қазіргі химияның іргелі және қолданбалы аспектілері, бейорганикалық заттар мен материалдардың инновациялық технологиялары, органикалық синтез және мұнай химиясы, фар­мацев­тикалық инженерия мен биотехнологиялық процес­тер, экология және жасыл химия, сондай-ақ химиялық өндіріс­тер­дің тұрақты дамуы мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар силикатты, металлургиялық және компози­ция­­лық материалдар, мұнай-газ тех­нологиялары мен шикізатты өңдеудің химиялық процестері және педагогикалық химия мен химиялық білім берудің заманауи трендтері секілді бағыттар бойынша да мазмұнды пікір алмасулар ұйымдастырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:184
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Маусым 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары