Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Финляндия Украина тарапынан жасалған арандатудан кейін үндеу жасады

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

Астана мен еліміздің 15 өңірінде жаңбыр жауып, тұман басады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

Иран АҚШ ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді: ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаун алып, Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Жалған бренд: Алматыда жүздеген Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді

Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Кұрбанов Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге ие болды.

Балқашта тозығы жеткен тұрғын үй қорының жаңаруы неге кейінге шегеріліп отыр

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған

Қызыр қонған Қызылжар : AMANAT партиясының қолдауымен республикалық командалық айтыс өтті

Астанада электр самокаттарға бақылау күшейеді: жыл басынан бері 45 жол апаты тіркелді

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

Шығыс Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін елді мекен аталды

Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

АҚШ пен Израиль Иранның АЭС іне шабуыл жасады

Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды

Үндістан Иран мұнайын ешқандай кедергісіз сатып алды

Тікұшақпен саяхат, этноауыл, агротуризм: Ақмола облысы туристерге не ұсынады

Денсаулықты күту: маңызды 4 кеңес

Күретамыр келешегі

Күретамыр келешегі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Жолдауда да, Ұлт­тық құрылтайда да теміржол саласын ұдайы дамыту қажеттігіне тоқталған еді.

Үкімет дерегінше, 2023 жылы теміржол ар­қылы тасымалданған жүк көлемі 246 млн тоннадан асқан, бұл былтырғымен сал­ыс­тырғанда 3,3 пайызға артық. Жол­ау­шыларды тасымалдау көлемі 2,5 пайызға артып, 17 млн-нан артық жолаушыны та­сы­малданған. 2024 жылғы теміржол көлігімен 19,2 млн жолаушы және 390,5 млн тонна жүк тасымалданыпты. Жолау­шылар тасымалы алдыңғы жылмен салыс­тыр­ғанда 5,5 пайызға көбейген. 2025 жылы тасымалдау көлемі 320 млн тоннаны құ­р­ап­ғ­ан. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кез­еңімен салыстырғанда 5,5 пайызға артық. Сондай-ақ 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол учаскесін жөндеу қарастырылған. Бүгінде 4,4 мың шақырым­нан астам жол жұмыстары орындалыпты. Сон­ың ішінде 1 575 шақырымы аяқталған. Жалпы, 775 локомотив пен 2,7 мың фит­ингтік платформаны жеткізу бойынша уағдаластықтар бар. Бүкіл ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғырту басталған.

Тасымалдың ұлғайғаны – табыстың артқанының белгісі

Кейінгі жылдары пойыздар жаңарып, сервис жақсара түскендігі мәлім. ҚТЖ дереккөздерінде, 2024 жылы компанияның кірісі 2,2 триллион теңгеге жеткен екен. 2025 жылғы кіріс 2,7 триллион теңге болса, таза пайда 9 еседен астам – 16 миллиардтан 158 миллиард теңгеге дейін ұлғайған. Жа­лақы қоры 286-662 миллиард теңгеге дейін өсіпті. Кейінгі жылдары 424 жаңа локомотив пен 369 жолаушылар вагоны сатып алынған. Алайда аталған көрсет­кіштермен тоқтап қалуға әсте болмайды. 

Әйтсе де, Еуразиялық франчайзинг қау­ымдастығының президенті Бекнұр Қи­сықов теміржол саласында қордаланған проблемалар бар деп отыр. Ол сонымен қоса, акция мен қаржы айналымын ашық ету керектігін айтып, ескірген вагондарды алмастыру қажет деп санайды. Экономист мәселеге біржақты баға беру саланы дамытпайтынын алға тартты. 

– Қазақстанның Еуразия кеңістігінде оңтайлы орналасқанын үнемі айтып келеміз. Теміржол тасымалы арқылы Қытай–Ресей, Орталық Азия, қала берді Таяу Шығысқа дейін жүк тасымалдауды діттейміз. Біз арқылы 3-4 мың шақырымды басып өтетін жолаушылар, жүк пойыздары транзит үшін төлейді. Нидерланды, Германия транзиттен қыруар табыс табады. Теміржол тораптары­нан түсетін кіріс, цифрлық жүйе арқылы қадағаланғаны дұрыс. Мәселен, саланы дамытуға 100 теңге салсақ, ол 1000 теңге болып қайтты ма, әлде басқа мақсаттарды жұмсалды ма, біліп отыруымыз керек. Әзірге бізде бұл мәліметтер ашық емес. АҚШ, Еуропа нарығындағы пойыз жол ком­панияларының акциясы ашық сатыл­ымда, ал бізде олай емес. Демек, біздегі инвесторларға теміржол бағытына қаржы құю, саланы дамытуға жол жабық деген сөз. Бәлкім, қоғамдық бақылау комиссиясын құрған абзал. Бізде 50-60 жыл болған ескі вагондар әлі қолданыста бар. Алматыдан Астанаға жету үшін 24 сағаттан артық уақыт жұмсайсыз. Жолаушылардың бәрі «Тұлпар-тальго» билетін сатып алып, қатынай ал­майды ғой. Голландияда 200 километр сағатпен заулайтын жылдам пойыздар бар. Осы мәселелерді жүйелеп, «Қазақстан темір жолын» дефолтқа емес, табысқа шы­ғуы қажет. Егер мықтап қолға алсақ, біршама уақыттың ішінде саланы барынша дамытуға болады, – дейді экономист. 

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компан­ия­сы акционерлік қоғамы Ардагерлер кең­есінің төрағасы, құрметті теміржолшы Берік Айтбеков елдің теміржол саласы онсыз да қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, жаңа технологиялық үдерісті игеріп, теміржол құрал-жабдықтарын шығаратын зауыттар ашылып, түгел цифрлық форматқа көшіп, салада жақсы өзгерістер қалыптасқандығын мәлімдеді. Дегенмен теміржол саласында қазақ тілінің толық қолданысқа енбегендігін жасырмады.

– Мен 47 жыл теміржол саласында істеп, зейнеткерлікке шықтым. 1960 жылы паровоздар 40-50 вагон сүйресе, 1980-90 жыл­дары элитавоздар 57-58 вагон тартты, қазіргі пойыздар 67-70 тіркеп, 7,5-8,5 мың тонна жүкті алып жүре алатын деңгейге жетті. Бұрын жүк тиеу-түсіру құжаттарға қолмен толтырылса, ал қазір бәрі цифрлық жүйеге көшті. Диспетчер жартылай автомат, толық автоматтандырылып, қазір тіпті цифровизация дамып, Астанада отырып бүкіл жақпен аудио, видео арқылы байланыса алады. Теміржолдың оңға-солға, қосалқы жолға бұрылатын құрылғысы өзіміздің Ақ­төбе зауытында шығарылып жатыр. Баяғыда оны Ресей, Украинадан әкелетінбіз. Екібастұзда жүк таситын вагондар құрас­тырылады. 20 жыл бұрын Испандық, Швей­цар­иялық вагон импорттайтын едік. Бүгінде Қызылжар өңірінде жолаушылар вагондары шығарылады. Кеңестік кезеңде жүк тасы­малдайтын пойыздар бастапқыда 30-40 кейін 60-70 сағатына километр жылдам­дықпен жүрген болса, қазіргілер 100-ге дейін барады. Ал жолаушылар пойызы сағатына 120 шақырым жылдамдықпен қатынайды. Кейінгі 2 жылда мамандардың жалақысы көбейді. Жалпы, теміржолдың даму көрсеткіштері бойынша Ресеймен теңбіз, Өзбекстаннан ілгеріміз, – дейді Қазақ­станның құрметті теміржолшысы. 

Инфрақұрылымдық жобалар іске асырыла бермек

Көлік министрлігінің бізге берген мәлі­метінше, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту шеңберінде теміржол саласында өткізу қабілетін арттыру мақ­сатында бірқатар негізгі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылыпты. Достық–Мойынты учаскесінің екінші жолдарында ұзындығы – 836 шақырым, нәтижесі – өткізу қабілеті 12-ден 60 пойызға артып, 5 есе көбейген. Алматы айналма теміржолы ұзындығы 75 шақырым, жүктерді жеткізу мерзімі 24 сағатқа дейін қысқарған және Алматы теміржол торабы 40 пайызға босапты.

Сонымен бірге, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Global DTC ком­паниясы арасындағы бірлескен жоба шең­берінде кедендік ресімдеу процестерінің ашықтығын арттыру және автоматтандыру мақсатында кедендік транзитті қағазсыз ресімдеуді көздейтін Tez Customs платфор­масында сервисті енгізу бойынша жоба істеп тұр. Осының нәтижесі Қазақстан мен Қытай шекарасында кедендік транзитті ресімдеу процесін автоматтандыру, транзит­тік декларацияларды ресімдеу және шығару уақытын жүк келген сәттен бастап 30 ми­нутқа дейін қысқарту, адами факторды барынша азайту, қағаз құжаттарының айналымын толық алып тастау көзделген екен. Сонымен бірге, жүктер қозғалысын online-мониторингі жүзеге асырады.

Көлік министрлігінің БАҚ-пен жұмыс басқармасының басшысы Дәулет Самбетбаев теміржол логистиканың дамуы бағытында атқарылып жатқан істерден толыққанды хабардар етті. 

– Теміржол саласында жалпы 1 700 ша­қырым жол бойында жұмыстар жүр­гізілуде. Оның ішінде 836 шақырымды құрайтын Достық–Мойынты толық іске қосылды. Бұл жоба аталған учаскеде өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, Шығыс–Батыс бағытындағы дәліздерді тартымды етеді. Сондай-ақ 75 шақырым учаскеде Алматыны айналып өту жобасы салынып, қазіргі таң­да пойыздардың жүріп өтуі жүзеге асыр­­ылуда. Бұдан басқа, Дарбаза–Мақтаарал 152 шақырым, Қызылжар–Мойынты 329 шақырым және Бақты–Аягөз 297 шақырым жобаларын іске асыру жалғасуда. Сонымен қатар Бейнеу–Маңғыстау, Шалқар–Бейнеу, Алтынкөл–Жетіген, Ақсу–Семей және Қыз­ылжар–Шалқар учаскелерінде модернизациялау жүргізуде. Қазақстан ай­м­ақтық және халықаралық серіктестерімен бірлесіп, транзиттік маршруттарды үйлестіру бойынша шаралар қабылдануда. Бұл әсіресе Солтүстік–Оңтүстік, Шығыс–Батыс бағыттары бойынша логистикалық ағын­дарды тұрақтандыруға септігін тигізеді. Бірік­кен ақпараттық жүйелер, «жасыл» дәліздер, электрондық кедендік рәсімдер және логистикадағы автоматтандыру тран­зиттік процестерді тездетіп, құжат айналымын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл коммерциялық операторлар үшін Қазақстан бағытын тартымды етеді, – деп түйді министрлік өкілі.

Тоқтетері, бүгінде Қазақстан арқылы өтетін 13 халықаралық транспорт дәл­іздерінің, бесеуі теміржолға тиесілі. 2030 жыл­ға дейін 557 заманауи құрамды жеткізу жоспарымен «Штадлер Қазақстан» отандық зауытында жаңа жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылмақ. PSA, Huawei және Wabtec сияқты жаһандық компаниялармен серіктестікте процестерді цифрландыру және тасымалдау қауіпсіздігін жақсарту ба­ғыты қолға алынған. Осылайша, шойын жол ел экономикасына үлкен септігін тигізіп, халықтың басты қатынас құралы болып қала бермек. Ал оның ұдайы дамуы сіз бен бізге мол пайда, елге елеулі кәде.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:43
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Ақпан 2026 05:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Финляндия Украина тарапынан жасалған арандатудан кейін үндеу жасады

04 Сәуір 2026 15:20see113

Ясауи кесенесіндегі Тайқазан орналасқан бөлме келушілерге қашан ашылады

03 Сәуір 2026 22:38see112

Астана мен еліміздің 15 өңірінде жаңбыр жауып, тұман басады

04 Сәуір 2026 02:14see108

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі сезілді

04 Сәуір 2026 12:08see108

Иран АҚШ ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді: ұшқышты іздеу жұмыстары жүріп жатыр

04 Сәуір 2026 11:40see108

Боксшы Санжар Тәшкенбай нокдаун алып, Азия чемпионатында жеңіліп қалды

04 Сәуір 2026 12:35see108

Жалған бренд: Алматыда жүздеген Louis Vuitton сөмкесі тәркіленді

04 Сәуір 2026 02:14see107

Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Кұрбанов Әлем кубогы кезеңінде жүлдеге ие болды.

05 Сәуір 2026 21:13see107

Балқашта тозығы жеткен тұрғын үй қорының жаңаруы неге кейінге шегеріліп отыр

05 Сәуір 2026 17:17see106

Жамбыл облысында жүргізуші куәлігінен айырылған азамат қайтадан рөлге отырған

04 Сәуір 2026 05:46see106

Қызыр қонған Қызылжар : AMANAT партиясының қолдауымен республикалық командалық айтыс өтті

04 Сәуір 2026 12:08see105

Астанада электр самокаттарға бақылау күшейеді: жыл басынан бері 45 жол апаты тіркелді

03 Сәуір 2026 22:38see105

Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

04 Сәуір 2026 18:47see104

Шығыс Қазақстандағы ең көп ішімдік ішетін елді мекен аталды

05 Сәуір 2026 17:27see104

Валентина Хальзова 1/4 финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

04 Сәуір 2026 15:45see104

АҚШ пен Израиль Иранның АЭС іне шабуыл жасады

04 Сәуір 2026 15:20see104

Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды

04 Сәуір 2026 21:12see104

Үндістан Иран мұнайын ешқандай кедергісіз сатып алды

05 Сәуір 2026 17:54see103

Тікұшақпен саяхат, этноауыл, агротуризм: Ақмола облысы туристерге не ұсынады

05 Сәуір 2026 08:23see102

Денсаулықты күту: маңызды 4 кеңес

05 Сәуір 2026 22:01see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары