Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Келешегі кемел Кендірлі

Келешегі кемел Кендірлі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Туристік әлеуеті зор Маңғыстауда теңіздің жайдақ жағалауындағы алтын құм үстіне орналасқан Кендірлінің орны бөлек. Кендірлінің келешекте отандық және шетелдік саяхатшылар табан тірер арнайы туристік орталық болуы – ел Үкіметінің басты назарында.

2024 жылғы 13 маусы­мда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ту­ризмді дамыту жөніндегі ке­ңес­те Үкіметке Маңғыстау об­лысының әкімдігімен бірге Кас­пий жағалауындағы туризм инфрақұрылымының сапасын арттыру мақсатында қонақүй және мейманхана бизнесінің әлемдік брендтері мен франшизаларын тартумен белсенді айналысуды, жағалаудағы ку­рорттық аймақтарды дамы­ту, сондай-ақ Кендірлі дема­лыс аймағын дамыту ісін жедел­детуді тапсырды.

2023 жылғы 6 желтоқ­сан­да Кендірлі ауылының бас жоспары Жаңаөзен қалалық мәслихатының шешіміне сәй­кес бекітілді. Ауылдың бас жос­парлау жобасын әзірлеуші «Градкомплекс» ЖШС, қазір жасыл сутегі мен жаңартыла­тын энергия көздеріне қатысты инвестициялық жобалардың ретіне қарай бекітілген бас жоспарға түзетулер енгізіліп жатыр.

Бүгінде туристік қызмет көрсетудің алғашқы қадам­да­рына аяқ басқан аймақта бір уақытта 256 демалушы қа­былдау мүмкіндігіне ие көлемі 50 га «Кендірлі» демалыс базасы жұмысын жүргізеді. 2002 жылы «Service Management Group» ЖШС басқаруына бе­рілген нысанға әсіресе жаз мез­гілінде келушілер саны ар­тып келеді. Демалыс базасын­да ке­лушілерге «Кендірлі» меди­ци­налық-сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Емдеу курсына бірден 100 адамға дейін қабылдай алатын дәрігерлік орталыққа емделушілер негізі­нен мұнай-газ саласының қыз­меткерлері қабылданып, ал жеке демалушыларға дәрігерлік қабылдау-қарау орындары бар. Сондай-ақ теңіз жағалауын­дағы «Ақбөбек» балалар сауық­ты­ру лагері – балалардың сүйікті демалыс орны. 250 орындық лагерьде 2021 жылы 1497, 2022 жылы 1500, 2023 жылы 1670, 2024 жылы 1918 бала демалды.

Болашаққа ауқымды жұ­мыс­ты жоспарлаған демалыс база­сының курорттық аймақ ре­тінде өз әлеуетін дамытуда таң­даған негізгі бағыттары қандай?

Алдымен аймақта ең жо­ғары даму әлеуеті бар негізгі бағыт деп жағажайлық демалыс бағыты айтылады. Бұл бағыт бойынша жыл бойы туристерді қабылдайтын дамыған туристік инфрақұрылым құру жоспарланып отыр. Екінші бағыт – өңірдің табиғи ресурста­рын пайдаланып, денсаулықты ны­ғайту, қалпына келтіру мақсатында медициналық-са­уықтыру орталықтарын дамы­туды қамтитын сауықтыру туризмі болса, үшінші бағытта эко-этномәдени туризм тұр. Туристердің бос уақытын то­лық­тыру мақсатында мәдени және танымдық турларды ұйым­дастыру, қонақтарға Маң­ғыстаудың көз тартатын табиғи орындары мен тарихи жерле­рін таныту-таныстыру осы ба­ғыттың еншісінде. Сондай-ақ жыл бойы туристерді тарту, олардың бос уақытын тиімді өт­кі­зуге түрлі ойын-сауық өт­кізу және спорттық нысандар салуды жоспарлаған ойын-сауық туризмі таңдалған.

Жаңаөзен қаласынан 70 ша­қырым қашықтықтағы Кендірлі жерінде ірі туристік жобаның бой көтеруі мұнайлы қаланың дамуына үлес қосады, яғни Жаңаөзен қаласының әлеу­меттік-экономикасын дамыту мәселесі Кендірлі демалыс ай­мағын өркендетуге байланысты болып отыр. Жаңаөзен қаласын дамыту бағытындағы жү­ктеме мен жұмыссыздық са­нын азайту, сондай-ақ ту­ризмді қалыптастыру мен ауыл­шаруашылықты дамыту мақ­сатында Қарақия ауданынан жалпы көлемі 304436,3 гек­тар жерді Жаңаөзен қаласы­ның әкімшілік-аумақтық бағы­ны­сына алу жұмысы жүріп жатыр.

– Оның ішінде, көлемі 112 988,2 гектар жағалау аума­ғын­дағы жерді, көлемі 139 899,1 гек­тар теңіз айдынындағы жерді Жаңаөзен қаласының әкімші­лік-аумақтық бағынысына беру бойынша жұмыс жүргізіліп, ­ел Үкіметіне келісім алуға жолданды. Нәтижесінде, Үкіметтің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі №755 қаулысы бойынша, туризм саласын дамыту негізінде Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Үкімет тарапынан Қарақия ауданы аумағынан жалпы көлемі 112 988,2 гектар болатын жер бөлігін Жаңаөзен қаласының шекарасына (шегіне) қосу арқылы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы №58 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 ақпандағы №19/217 «Маңғыстау облысының Жаңа­өзен қаласы мен Қарақия ауда­нының шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне келісім берілді. Бү­гінде облыс әкімдігімен осы шешімді әділет органдары­на тіркету жұмысы жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, Қарақия ауданы және Жаңаөзен қаласы әкімдіктерінің ұсынысымен Болашақ ауылын Жаңаөзен қаласының әкімшілік бағыны­сы­на алу бойынша облыс әкім­дігі мен маслихатының бірлес­кен шешімін қабылдау шаралары алынды.

Жаңаөзен қаласын және туризмін дамыту бағытындағы жүктемелерді азайту мақса­тын­да шаһарға берілген жер телі­мінен алдағы уақытта тиіс­ті уәкілетті органдардың келі­сімі негізінде Кендірлі ауы­лы­­ның әкімшілік-аумақтық бағы­нысына берілуі жоспарланған, дейді Кендірлі ауылының әкімі Медет Тоқтасынов.

Айтуынша, іргелес көрші Қарақия ауданынан Жаңаөзен қаласына берілетін аумақтың ішінде 600-ге жуық тұрғын­ның мекені Болашақ ауылы да бар. Жаңаөзен қаласы әкімінің тапсырмасына орай, қала әкімдігінің қызметкерлері жақында Болашақ ауылы­на барып, тыныс-тіршілі­гі­мен, тұрғындарымен, инфра­құрылымымен, жалпы ахуалымен танысты.

Кендірліні заманауи инфра­құрылыммен жабдықтау да ке­зеңмен жүріп жатыр. Респуб­ликалық маңызы бар «Жетібай-Жаңаөзен-Түрікменстан» автомобиль жолының бір бөлегіне орташа жөндеу жұмысы, анық­талған келесі бөлігіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу бас­талды, бұл жөндеу жұмысы 2025–2026 жылдар аяқталады.

Келешекте отандық авиа­ком­паниялар Кендірліден Аты­рауға, Ақтөбе мен Орал­ға, Астанаға, сондай-ақ Қызыл­орда-Алматы бағытына және Кен­дірліден Нөкіс, Баку, Астра­ханға халықаралық әуе желі­лерін ашу жоспарлап отыр.

Былтыр 2 қыркүйекте Мем­лекет басшысы халыққа Жол­дауында Кендірлі курорт­тық аймағының әлеуетін арттыру мақсатында Кендірлі аума­ғынан әуежай құрылысын салу жөнінде тапсырма берді. Тап­сырмаға сәйкес, Кендірлінің солтүстік бөлігінен 599 га жерге әуежай құрылысын салу бағытында жұмыс басталды.­ Аумағында параметрлері 2200х35 метрге созылған ұшу-қо­ну жолағы, сағатына 150 жолау­шы өткізетін терминал салынады. Болашақта жолаушылар ағынының болжамы жылына 29 750 – 59 500 жолаушыны құрайды деп шамаланады. Кендірлі курорттық аймағынан 14 шақырымда орналасатын әуежай құрылысын жүргізу үшін Жаңаөзен – Кендірлі тас жолынан Кендірлі әуежайының учаскесіне дейінгі ұзындығы 8,9 шақырым болатын уақытша жол әзірленді. 2026 жылдың көктеміне дейін аяқталады деп жоспарланған құрылыс өз ырғағымен жүріп жатыр.

Кендірлі үшін ғана емес, тұтас Маңғыстау өңіріне ма­ңызды саналатын ауызсу мәсе­лесі туристік орталықта тәулігіне 50 000 м³ қуаттылығы бар су тұшыту зауытын салумен шешімін таппақ.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Ak Su KMG» ЖШС тапсырыс берген Тоқмақ жеріндегі жобаның негізгі құрылыс жұмысын 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау, технологиялық жабдықты монтаждауды 2025 жылғы сәуірдің соңына дейін аяқтап, зауытты 2025 жылғы мамырда іске қосу жоспарланған болатын. Жоспарға сай Тоқмақ су тұ­шыту зауытының құрылыс жұмысы толық аяқталып, нысан іске қосылды.

Келешегі Маңғыстау үшін тың бағыт, жаңа экономика­лық басым сала – туризммен ты­ғыз байланысты Кендірлі аума­ғы қазір қат-қабат, сан-сапат жобалар мен жұмыс ала­ңына айналды. Кендірлі шыға­нағы аймағындағы жы­лы құмды жағажайлар, теңіз­дің жылы ағысы мен суы­ның төмен тұздылығы, суға шо­мылу маусымының ұзақ­тығы аталған аумақта туризм­ді дамытуға оң әрі зор бағ­дарлар жасауға мүмкіндік бере­ді. Мамандар «Кендірлі» курорт­тық аймағы жобасын жү­зеге асыру нәтижесінде жылына отандық және Түркия, Қатар, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран және басқа шетелдерден 600 мыңнан астам турист келеді, 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп есептейді.

– Кендірліде көз алдымызда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жобаның өңірді тек отандастарымыз үшін ғана емес, сонымен қатар шетелдік туристер үшін де тартымды ететін демалыс және сауықтыру кластерін құруды көздейтіні қуантады. Болашақта Кендірлі мыңдаған тұрғынның сүйікті, жайлы мекеніне айналған заманауи, көрікті қала болумен бірге, еліміздің, тарихы мен мәдениетін, табиғатын, өнері мен дәстүрін, ұлттық ерекшелігін, қонақжайлық қасиетін шетелдерге танытатын туристік орталық болатынына сенеміз, дейді Кендірлі ауылы әкімі аппараты ММ бас маманы Зарина Жанәділова.

«Жас тілегі – қабыл» деген, Кендірлінің Зарина сынды жас­тардың ұлтжандылықпен еңбек етіп, ел дамуына үлес қосатын ірі қаласына айналарына біз де сенімдіміз.

 Маңғыстау облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 09:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары