Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Мәдени байланыстардың кемел көкжиегі

Мәдени байланыстардың кемел көкжиегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазан айының соңғы күндерінде Солтүстік Қазақстан облысының Татарстандағы күндері өтті. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы облыс делегациясының құрамында Қазан қаласына барды.

Қазақ пен татар халық­тарының тілі ортақ, діні ортақ, ділі ортақ, мәдениеті де ортақ екені белгілі. Қазан төңкерісіне дейін қазақ­тың көптеген тұлғасы Қазан қаласының оқу орындарында білім алды. Солардың қатарында Ахмет Бірімжан, Мұхамеджан Қарабаев, Иса Қашқынбаев, Жансұлтан Сейдалин, Уәлихан Танашев, Әбубәкір Ал­дияров, Садық Аманжолов, Арынғазы Боштаев сияқты қайраткерлер бар. Қазан қаласы алдымен қазақ қайраткерлерінің ізі мен қол­дарының табы қалған шаһар ретінде қадірлі.

Татарстан Республикасының Ұлт­тық кітапханасында «Қазақ­станның әдеби аспаны» атты көр­ме ашылды. Осы көрмеде еншімізге қазақ әдебиеті алып­тары­­ның шығармаларымен қатар осы заманғы қадамдарын үш тілде та­ныс­­тыру құрметі бұйыр­ды. Қазандықтар клас­сиктеріміз Абай, Мағжан, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов шығармаларымен жақсы таныс екендіктерін аңғартты. Соның ішінде кітапханамыздың атын алған Сәбит Мұқановтың татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқаймен достығы туралы әңгіме екі жақ өкілдерінің аузынан көп айтылды. Сәбең Ғабдолла Тоқайды «Шығыс поэзиясының алыбы» деп жоғары баға берген. Осы жерде әдебиеттің мәдениеттерді жақындастырудың ерекше кілті екеніне әбден көзіміз жетті.

Елімізден апарып, көрмеге қойылған барлық басылымдарды Татарстан Респуб­ли­касының Ұлт­тық кітапханасына сый­ға тарт­тық. Ұлттық кітапхана мен С.Мұ­қа­­нов атындағы Солтүстік Қазақ­стан облыс­тық кітапханасының арасындағы ын­ты­мақ­тастық туралы меморандумға қол қойдық.

Көрмеден соң Ұлттық кітапха­наға саяхат жасадық. Ол екі ғима­раттан тұрады екен, ежелгісі XVIII ғасырда салынған бұрынғы Қонақ ауласында орналасқан, екіншісі – жаңа корпус. Кітапха­на 1865 жылы ашылып, қазір бар­ша Ресейдің ірі мәдени орталы­ғы­на айналып отыр. Кітапхана­ның қорында 3 миллионнан артық дана кітап бар, соның ішінде сирек қолжазбаларды, көне фолианттар мен бірегей архив материалдарын қамтиды. Қордағы коллекциялар – әлемнің 50 тілінде. Кітапхана іргесінің қалануы ХІХ ғасырда орыс ағартушысы И.Второвтың ­­903 ­атаулы 1 908 дана кітабын қа­ла­­лық муниципалитетке сый­лауы­нан бас­талған. Осынша кітапты қай­да сыйғызарын білмеген қала басшылығы кітапхана тұрғызуға мәжбүр болған екен.

Кітапхана қоры кітаптар ғана емес, әлемнің барлық елдерінен жазылып алынған газеттер, журналдар, карталар және т.б. басылым өнімдеріне толы. И.Второв­тың үлгісімен талай адам кітап қор­ларын кітапханаға мұраға берген көрінеді. Сондықтан мұнда ұрпақтар жалғастығы деген түсінік те жиі айтылады.

Кітапхана басшылығы мен ұжы­мы жылы көңілдерімен ақ­жар­қын күй­де қарсы алды. Әсі­ресе кітапхана­ның басшысы Мәдина Фатыхқызы­ның жарқын көңі­ліне тәнті болдық.

Есте қалған ерекше оқиғалар да аз болған жоқ. Соның ішінде татар жаз­­басының ежелгі руникалық сим­вол­дарынан кириллицаға де­йін 287 әріп­ті пайдаланғаны есте қалды. Де­мек татар әде­бие­тімен егіз дамыған қазақ жаз­баларында да соншалық әріп бол­ғаны ғой. Кітапхананың жаңа ғи­маратындағы осы заманғы техно­логиялар да ұмытылмас әсер қал­дырды. Олар бұрынғы дәстүрді жал­ғастыра отырып, жаңа инно­вациямен жымдаса үйлескен.

Мәдени күндер аясында Қазан қала­сы­ның басқа кітапха­нала­рымен де таныс­тық. Шаһарда Ұлт­тық кітапхананың 50 фи­лиалы бар екен. Соның ішінде №13 «Сан­дуғаш» атты филиал өзінің адамға, оқыр­манға деген қызметін айрықша сәнді, жо­ғары мәдениетпен көрсеткендігімен есте қалды.

Бейбітгүл ӘБІЛМӘЖІНОВА,

С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысы кітапханасының директоры

ПЕТРОПАВЛ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 12:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары