Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

Тарихи бетбұрыс көкжиегі

Тарихи бетбұрыс көкжиегі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы осындай тағдыршешті кезеңнің, ұлы өзгерістердің табалдырығында тұр.  2026 жылдың 15 наурызына белгіленген жалпыұлттық референдумды жай ғана кезекті саяси шара немесе құрғақ статистикалық дауыс беру үрдісі деп қарастыруға болмайды. Бұл – мемлекеттігіміздің іргетасын қайта бекітіп, жаһандық өркениет көшіне ілесудің, жасампаздық пен өрлеудің даңғыл жолына түсудің тарихи әрі саяси маңызы зор қадамы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стра­тегиялық бастамасымен және тікелей қам­қор­лығымен әзірлен­ген жаңа Кон­ституция жобасы (3-ші Конс­ти­туция) – еліміздің саяси құры­­лымын түбегейлі жаң­ғыр­тып, Әділ­етті Қазақстанның мызғымас құқықтық қаңқасын қалыптас­тыратын түбегейлі, ірге­лі құжат.

Бұл тарихи қадамның терең саяси, әлеуметтік, фило­со­фиялық және онтологиялық түпкі мәні – мемлекеттік даму үлгісінің түбе­гейлі өзгеруінде жатыр. Егер өт­кен индустриялық дәуірлерде мем­лекеттің геосаяси салмағы мен қуаты оның жер қойнауын­дағы қазба байлық­тарымен неме­се әскери-қорғаныс әлеуетімен өлшенсе, бүгінгі жасанды интел­лект, цифрлық тех­нологиялар және технологиялық тоғысу за­ман­ында ұлттың бәсеке­ге қабілет­тілігі және адами капи­талдың сапа­сымен айқындалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата Заң­ның ең басты тұжырымда­ма­лық жаңалығы – мемлекеттің дәстүрлі ресурстық модельден қарқынды зияткерлік модельге конституция­лық деңгейде ауысуы болса керек.

Осы стратегиялық мақсатқа сәй­к­ес, жаңа Конституцияның жоба­сы адами капитал мен адам құқықтарын жоғары құндылық ретінде дәріптей отырып, Қазақ­станның білім беру, ғылым және инновациялар саласын дамытуды мемлекеттік саясаттың стратегия­лық басымдығы ретінде бекітеді. Бұл бағыттарды Ата Заң аясында айқындау – уақытша қалыптасқан жағдай емес, керісінше, еліміздің өркениетті даму жолындағы өмір­шеңдік қажеттілігі және ең шешу­ші факторы болып саналады.

Мемлекеттің даму деңгейі тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адам құқығының сақ­талу деңгейімен де өлшенетіні ақи­қат. 2026 жылғы Конституция жобасы – әділеттілік пен құқық үстемдігінің жаңа, биік стандарт­тарын бекітетін «Адам бостанды­ғының жарғысы» іспетті. Құжат­тың ең басты ерекшелігі – оның адамға бағдарланған сипатында. «Әділеттілік» және «Заң мен Тәр­тіп» қағидаттары конституциялық деңгейде бекітіліп, мемлекеттік аппараттың кез келген әрекеті осы қағидаттарға қайшы келмеуі тиіс екені айқын көрсетілген.

Заман ағымына сай, цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс рет­інде, 21-бапқа енгізілген өзгеріс­тер жеке өмірге қолсұғылмаушы­лықты жаңа сапалық деңгейге көтереді. Енді цифрлық техно­логиялар арқылы жеке деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және сақтаудан қорғау – конституция­лық кепілдікке ие болмақ. Бұл өзгерістермен қатар, сот жүйесі мен адвокатураның рөлі де едәуір күшейтілді. Адвокаттық қызметке арналған арнайы баптың енгізілуі, азаматтардың құқықтық кепіл­діктерін міндетті түрде түсіндіру қағидатының бекітілуі және кінә­сіздік презумпциясы қағидатта­рының нығаюы – құқықтық нем­құ­рай­лылыққа тосқауыл қоятын және азаматтардың құқықтық қор­ғалуын халықаралық стан­дарт­тарға сай қамтамасыз ететін маңызды шешімдер болып табы­лады.

Әділеттілік ұғымы тек заң ал­дын­дағы ғана емес, әлеуметтік тең­дікті де қамтиды. Эконо­ми­ка­лық және педаго­гикалық тұрғы­дан алғанда, білім беру саласын­дағы конститу­ция­лық кепіл­дік­тер­дің кеңеюі – «білім эконо­ми­касына» өтудің нақ­ты іргетасы саналады. Азамат­тардың тегін орта біліммен қатар, техникалық және кәсіптік білім алуға мемле­кеттік кепілдік алуы – жастарға берілген үлкен мүмкіндік және әлеу­меттік өрлеу сатысы. Консти­туцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – оның адам мүддесін бәрінен жоғары қоятын сипатын­да. Адам құқықтары мен бостан­дық­тары жаңа кіріспеде жалаң ұран түрінде ғана емес, бүкіл Ата Заңның барлық бөлім­інде қызыл желі болып тарты­лып, құ­жаттың мағыналық темір­қазы­ғына айналады.

Әсіресе, Конституция жоба­сының 3-бабында білім, ғылым және инновацияны дамытудың мемлекеттік стратегияның негізгі бағыты ретінде нормативтік тұр­ғыда бекітілуі – тарихи бетбұрыс саналады. «Елдің болашағын ми­нералды ресурстар емес, азамат­тардың жетістіктері мен адами капитал айқындайды» деген қағи­да – заман талабына берілген дәл және жүйелі жауап қана емес, ұлт­тық сананың жаңғыру бағдары. Бұл конституциялық нормалар білім беру жүйесінің, соның 

іш­інде болашақ ұлт ұстаздарын даяр­лайтын педагогикалық сала­ның мәртебесін жаңа биікке көтеріп, ғылымды ұлттық эконо­ми­каның басты қозғаушы күшіне айналдыруға кең құқықтық дәліз ашады. Заманауи сын-қатерлерге жауап ретінде мемлекеттік қам­қор­лық аясы тек дәстүрлі әлеу­мет­тік саламен шектелмей, жаңа виртуалды кеңістіктерді де қамти­ды. Ата Заңда азаматтардың цифр­­лық ортадағы құқығын қорғау туралы алғаш рет арнайы норма­ның енгізілуі – Қазақстан­ның жаһандық технологиялық кеңістікте өз ақпараттық дербес­ті­гін сақтап қалуға деген страте­гия­лық ұмтылысын білдіреді. Бұл – біртұтас зияткер ұлт қалып­тас­тырудың заңдық деңгейдегі сенімді кепілі ғана емес, елдіктің жаңа дәуірдегі жаңғыру нышаны болмақ.

Мұндай заманауи даму үдеріс­тері ұлттық бол­мы­сымыз бен та­ри­хи мемлекет­тілік дәстүрлеріміз­бен тығыз астарласып, өзара үй­ле­сім тапқан. Осы ретте билік жүйесін жаңғыр­тудың ең маңызды қыры ретінде Құрылтай институ­тының қайта түлеуін ерекше атап өткен жөн. Ұлттық мемлекетті­ліктің тарихи тамырына үңілсек, «Құрылтай» ұғымы қазақ дүниета­ны­мында әрқашан бірлік, алқалы кеңес пен ортақ жауапкершіліктің символы болған. Сондықтан да жаңа кон­сти­туциялық реформа аясын­да бір палаталы Парла­мент – Құ­рыл­тайдың құрылуы билік тепе-тең­дігін далалық демо­кратиямен са­бақ­тастырып, мем­ле­кеттік инс­ти­тут­тарды халыққа барынша жақындатудың теңдессіз үлгісіне айналмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөн­індегі бұл бастамасы – саяси жүйе­ні кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуі­рінде Қазақстан­ның әлеуметтік-экономикалық даму­ына қуатты серпін беруді көздейтін стратегия­лық жоспар­дың өзегі. Пре­зи­дент­тің Жолдау­ында жария­ланған бұл реформа жаһандану мен цифр­ландыру үдерістеріне беріл­ген жүйелі жауап болып табылады.

Құрылтайдың 145 депута­тының пропорционалды сайлау жүйе­сі негізінде 5 жылға сайлануы саяси партиялардың инсти­ту­цио­налдық рөлін арттырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.

Сонымен қатар  Құрылтай заң шы­ғару билігінің жоғары органы ретінде кеңейтілген өкілеттіктерге ие болады. Үкіметтің Құрылтай ал­дындағы есептілігі артып, пар­ла­менттік бақылау функциялары айтарлықтай күшейтіледі.

Бұл өзгерістер «Күшті Прези­дент – ықпалды Құрылтай (Пар­ламент) – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты мазмұнмен толықтырады. Бір палаталы Құ­рыл­тай (Парламент) – мемлекет­тік басқаруды орталықсыздандыру мен билік тармақтары арасындағы теңгерімнің жаңа кезеңі деуге толық негіз бар. 

Мұндай ауқымды стратегия­лық мақсаттарға қол жеткізу үшін мем­лекеттік басқару жүйесі мен құқық қорғау тетіктерін жетіл­діру­дің маңызы зор. Реформа шең­­берінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін демократия­ландыру және сот билі­гінің адам құқықтары мен бостан­дықта­ры­ның шынайы, тәуелсіз кепілі рет­індегі рөлін арттыру ерекше мәнге ие. Конституциялық бақылаудың қосымша институт­тарын енгізу – мемлекеттің тек қағаз жүзіндегі формалды норма­ларға емес, аза­маттардың мүдде­лерін іс жүзінде қорғауға негізделген әділетті құ­қық­тық орта (экожүйе) қалып­тас­тыруға деген саяси ерік-жігерін айғақтайды.

Осы құқықтық іргетас не­гіз­інде жаңа Консти­туцияда мемле­кеттің әлеуметтік жауапкершілігі жаңа сапалық деңгейге көтерілуде. Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау сала­ла­рындағы кепілдіктер күшей­тіл­ді. Білім алу құқығы енді адам құ­қық­тарының ажырамас бөлігі ретінде қарас­ты­рылуы – мемле­кет­тің тікелей түрде міндеті болып табылады.

Рухани саладағы тағы бір маң­ызды жаңалық – «тарихи-мә­дени мұраны сақтау» мен «төл мә­­ден­иетті қолдау» қағидаттары­ның ал­ғаш рет мемлекеттік сая­саттың негізгі қағидаты ретінде айқын­далуы. Бұрынғы редакция­ларда бұл мәселе жалпылама сипатта болса, енді азаматтардың тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті Конституция деңгейінде талап еті­летін міндет ретінде бекітіліп отыр. Бұл дегеніміз – бабадан қал­ған асыл мұра, тарих, салт-дәстүр енді мемлекеттің тікелей қамқор­лы­ғында және заңның қатаң қор­ғауында болады. Бұл өзгеріс ұр­пақ­тар сабақ­тастығын жалғап, ұлт­тық кодты келер ғасырларға бұз­бай жеткізу­дің құқықтық қал­қанын құрады. Соны­мен қатар неке институтын «ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы» деп ай­қын­дау – жаһандық құндылықтар­дың ал­масуы кезінде дәстүрлі от­ба­сы институтын қорғауға ба­ғыт­талған маңызды қадам болады.

Қорыта айтқанда, жаңа Кон­сти­туцияның жобасы – мемле­кет­тік құрылымның жай ғана кезекті құқықтық реформасы емес. Бұл – ұлттың саяси-рухани кем­елденуінің және өркениеттің жаңа сатысына көтерілуінің айқын көрінісі. Ұсынылып отыр­ған өзгерістерді терең зерделей келе, біз ел дамуының стратегия­лық бағдарларының түбегейлі өзгер­генін байқаймыз.

Біріншіден, бұл құжат – ин­тел­­лектуалдық ұлттың бағдар­ла­масы. Жер қойнауының байлы­ғы­на емес, адами капиталға, ғылым мен инновацияға басым­дық беру ар­қылы Қазақстан ши­кізат­тық эко­номикадан «білім эко­номика­сына» өтудің нақты құ­қық­тық ірге­тасын қалайды. Екіншіден, әділ­етті қоғам мен құ­қықтық мем­ле­кеттің жаңа моделі жасақталады. Бір палаталы Пар­ла­мент – Құ­рыл­тай мен Халық Кеңесінің құрылуы, билік тармақ­тарының өкілеттіктерін нақтылау, Үкімет­тің есептілігін арттыру – мұның барлығы демократиялық инсти­тут­тардың орнықты дамуын қам­та­масыз етеді. Үшіншіден, рухани егемендік пен ұлттық біре­гейлік нығайтылады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нақтылау, тари­хи-мә­дени мұраны қорғау мін­деттерінің енгізілуі – жаһандану толқынында ұлттық кодымызды сақтап қалу­дың мызғымас қалқа­ны болады.

Омархан ӨКСІКБАЕВ, 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 

Директорлар кеңесінің Төрағасы,

экономика ғылымдарының докторы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 06:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see118

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see108

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see101

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

06 Шілде 2026 22:35see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары