Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Атыраудағы айрықша бетбұрыс

Атыраудағы айрықша бетбұрыс

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мұнайлы өңірдің әлеуметтік-спорттық инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеру мақсатында 2021–2025 жылдар аралығында 36 спорт кешені мен 25 воркауд жаттығу алаңын салу жоспарланып отыр. Биыл Мақат, Қызылқоға, Исатай, Махамбет, Индер аудандарында спорт кешендері пайдалануға беріледі.

Атырау облысының әкімі Серік Шәп­ке­новтің айтуынша, бұ­қаралық спортты дамытуға мемлекет қана емес, ірі бизнес өкіл­дері де көңіл аударып отыр. Мәселен, «Texol» секілді ірі компаниялар өндірістік жобаларды іске қосумен ғана шектеліп қалмай, әлеу­меттік инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қосуды қолға алды. Компания «Texol Wellness Atyrau» спорттық-сауықтыру ке­ше­ні­нің құрылысына демеушілік танытып отыр.

«Өңірде ең ірі спорт-сауықтыру кешені­нің құрылысы басталды. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нақты көрі­нісі. Компания бұған дейін Атырау вагон құ­растыру зауыты жобасын сәтті жүзеге асыр­ды. Енді, міне, спорттың 12 түрімен айна­лысуға мүмкіндік беретін заманауи кешен салуға кірісті. Мұнда ересектер де, ба­лалар да жаттыға алады. Бұл – саламатты әрі белсенді қоғам құру жолындағы тағы бір қадам», дейді С.Шәпкенов.

«Texol group» директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазаваның айтуынша, заманауи спорт, демалыс орталығының жалпы ауданы – 18 мың шаршы метр. Үш қабатты кешенде теннис корттары, алты жолақты жүзу бассейні, фитнес, жаттығу залдары, өрмелеу қабырғасы мен демалыс аумағы қарастырылып отыр. Нысан бір мезгілде бір мың адамды қабылдай алады.

Жақында Қызылқоға ауданындағы Жам­был ауылдық округінде денешынық­тыру-сауықтыру кешені ашылды. Аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың мәліметінше, кешеннің құрылысы 2024 жылы бастал­­ған. Жаңа нысанның құрылысын «Атырау­­Құ­рылысСтандарт» ЖШС жүргізген.

«Президент тапсырмасына сәйкес спорт саласын дамыту бағытында ауданымызда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Бұрын Миялы мен Сағыз ауылдарында спорт кешені бар еді. Кейінгі жылдары Тасшағыл мен Жасқайрат ауылында жаңа нысандар ашылды. Жыл соңына дейін Қаракөл, Қоныстану, Қарабау ауылдарында спорт кешендері пайдалануға беріледі. Келесі жылы Жангелдин, Тайсойған ауылдарында спорт мектептерін ашу жоспарланып отыр»,  дейді Қ.Әзмұханов.

Заманауи нысанда спорт залы, жаттығу, күрес бөлмелері, киім ауыстыратын орындар мен жаттықтырушылар кабинеттері бар. Ауданның білім саласында 40 жылдан астам жұмыс істеген ардагер ұстаз Рахмет Ғалияхметовтің айтуынша, мұндай кешен жас буынды спортты серік етуге, саламатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.

«Біздің кезімізде мұндай кең залы бар спорт кешендері болмады. Бұл – мемлекеттің бұқаралық спортты дамытуға бет бұруының жемісі», дейді Р.Ғалияхметов.

Қазір осы аудандағы Мұқыр ауылында спорт кешені салынып жатыр. Нысанның аумағы 2351 шаршы метрді құрайды. Кешенде футбол, волейбол, баскетбол, күрес залдары қарастырылған. Сондай-ақ заманауи талапқа сай жабдықталған жаттығу залы, 87 шаршы метрлік асхана мен 20 орындық жатақхана да спортшылар игілігіне беріледі.

Облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықовтың дерегіне сүйенсек, осындай жаңа спорт кешені Махамбет ауданының Таңдай ауылында да ашылды. Бұл ауыл­да бұқаралық спортпен қамтылатын бала саны 400-ге жуықтайды. Кешен 150 адамға арналған. Екі жыл бұрын құрылысы басталған нысанның жалпы ауданы – 2077,12 шаршы метр. Кешен жобасын «Су құрылыс Жоба» ЖШС, құрылыс жұмысын «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС жүргізді. «Гранд Урбан» ЖШС техникалық қадағалауды іске асырды.

Жаңа кешенде ойын, жаттығу залдары, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыру бөлмелері, жуынуға арналған, медициналық кабинеттер бар. Енді мұнда футбол, волейбол, баскетбол, бокс, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, грек-рим күресінің секциялары жұмыс істейді.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес ал­дағы уақытта ұлттық спорт пен олимпиа­далық спорт түрлерін дамытуға басым­дық беріледі. Әсіресе ауылдағы балалар мен жасөспірімдер бос уақытын тиімді өткізіп, спортқа қадам басады», дейді Н.Сыдықов.

Оның айтуынша, Атыраудағы тағы бір маңызды спорт нысаны – оқу-жаттығу орталығының құрылысы қайта жанданды. Бұрын бұл нысанның құрылысы сот дау­ларына байланысты тоқтап қалған еді. Құ­рылыс жұмысын «VEK-Stroy-Com» ЖШС жүр­гізіп жатыр. Жобада үш заманауи спорт залы мен қажетті инфрақұрылым қарастырылған.

«Олимпиадалық спорт түрлеріне арналған база оқу-жаттығу орталығының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұл нысан олимпиадалық спорт түрлері бойынша облыстық құрама командалардың дайындық базасына айналады. Мұнда күніне 200-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттыға алады», деп мәлімдеді Н.Сыдықов.

Басқарма басшысының айтуынша, биыл үш ірі спорт нысаны – денешынықтыру-сауықтыру кешені, мұз айдыны мен «Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС сенімгерлік басқарудан мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл қадам спорт нысандарын тұрғындар игілігіне тиімді пайдалану мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ бірнеше заманауи нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде «Атырау Арена» спорт кешені, ұлттық спорт түрлеріне арналған, байдарка мен каноэ есу орталықтары, 12 мың орындық футбол стадионы секілді нысандар бар.

Сондай нысанның бірі – дарынды балаларға арналған спорт-интернаты. Осы мақсатта Атырау қаласынан бөлінген 4,2 гектарды құрайтын жер теліміне 400 орындық мектеп-интернат ғимаратын салу көзделіп отыр. Жобаға сәйкес құрылыс жұмысын 2027 жылы аяқтап, қолданысқа беру жоспарланған. Бұл нысан болашақ чемпиондарды даярлауға арналған заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

«Кешен өңірдегі спорттық білім жүйесін жаңа деңгейге көтереді. Спорттағы дарынды жастарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл алғаш рет 18 спорт мекемесіне жаңа автобус берілді. Мақсат – спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің жаттығуға, жарыс орындарына қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету. Жаңа автобустар облыстағы спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, жас спортшылардың уақтылы әрі қауіпсіз тасы­ма­лын қамтамасыз етеді», дейді басқарма бас­шысы.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:234
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары