Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазір елде 5 миллион 817 мың жас өмір сүріп жатыр. Бұл – жалпы халықтың үштен бір бөлігі. Мұндай ауқымды демографиялық әлеует – кез келген мемлекет үшін әрі мүмкіндік, әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан бүгінгі жастар саясаты тек әлеуметтік қолдау шараларының жиынтығы емес, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуын айқындайтын страте­гия­лық бағытқа айналып отыр.

Жұмыспен қамтудағы нәтижелер

Байқасақ, кейінгі кездері жас буынға мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндік аясы кеңейді. Мәселен, 35-ке дейінгі отандастарымыздың бизнес, стартап бастамаларын қолдау нәти­жесінде жас кәсіпкерлердің саны үш жылда 12,1%-ға артты.

Ал кәсіби дағдыны меңгеруі­не, жұмысқа орналасуына жәр­дем­десетін «Joltap», «Jumystap», «Mansap Compass» және «Skills Enbek» бағдарламалары­ның тұрақты әрі жүйелі іске асырылуынан бес жылда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,8%-ға төмендеді. Көрсеткіштің бұлай азаюына бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің көптеп ұйымдастырылуы да түрткі болып отыр.

Есепке шақсақ, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында Жастар ресурстық орталықтары Жұмыспен қамту мекемелерімен бірлесе 205-тен аса жәрмеңке өткізген. Оның үстіне күні бүгінге дейін еңбек нарығына тарту, бейімдеу жөнінен 265 мың жеке кеңес беріліпті. Ерекше атап өтерлігі, консультациялардың елеулі бөлігі ауылдық жерлердегі және NEET санатындағы азамат­тарға бағытталған. Жалпы 220,6 мың жас қатысып, 63 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.

– Қазір елдегі 235 жастар ресурс­тық орталығы отандас­тары­мызды еңбекке баулу, жұ­мысқа орналастыру бағытын­дағы іс-шара­лар­ды белсенді ұйымдас­тыра­ды. Бізде соңғы рет 27 қарашада «Жастар сарайында» Ұлытау облысындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Еңбек мобильділігі орталығы және Жезқазған қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді. Оған 15 жұмыс беруші қатысып, әртүрлі саладан 45 бос жұмыс орнын ұсынды. Жастар «Mansap Compass» мамандарынан толыққанды кеңес алып, еңбек заңнамасына қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Жалпы, бұл формат екі қолға бір күрек таппай сенделгендерді ынталан­ды­рып, жұмыссыздықты төмендететін ең тиімді құралдарының бірі бо­лып қала береді, – деді Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Жастар ресурс­тық орталығының директоры Сәкен Қайратұлы.

Жауапты салаға бастар жол

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын іске асыруда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары негізгі рөл атқарады. Мұнда да жастар маусымдық жұмысқа тартылып, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Биыл бағдарлама 36 мың жасты қамтыды. Негізінен бұл жоспарлы көрсеткіштен 19,8% жоғары. Әрі қатысушылардың шамамен 40%-ы – ауыл жастары.

– Жобаның республикалық дең­гейдегі ашылу салтанаты мамыр айында Ақтөбе облысында, жабылу салтанаты Қарағанды облысында өткізілді. Ұйым Халықаралық экология және туризм бойын­ша жастар құрылтайына мүшелік етеді. Маусым барысында жастар­дың күшімен елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Саябақтар мен скверлер, әлеуметтік және мәдени нысан­дардың аумақтары тазарты­­лып, жасыл желекке күтім жасал­ды. Жасақтар негізінен экология­лық бағыттағы жұмыстарға, оның ішінде көшет отырғызу, су айдын­дарын тазалау және инфра­құ­рылым объектілерін ретке кел­тіруге жұмылдырылды. Олар­дың азаматтық белсенділігін арт­ты­руға бағытталған тәрбиелік және ақпараттық іс-шаралар да ұйым­дастырылды. Бастысы, маусымдық жұмыспен қамту студенттер мен жұмыссыз жастар үшін қосымша табыс көзіне айналды. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ық­пал етті, – деді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының басшысы Нұрасыл Жасұланұлы.

Әлеуметтік тұрақтылық факторы

Мемлекеттің жастарға арналған әлеуметтік қолдауында ерекше басымдық беретін бағыты – тұрғын үймен қамту мәселесі. Бүгінде 17 облыста 35-ке дейінгі маман­дарға арналған өңірлік ипотека­лық бағдарламалар бар. Одан бө­лек, кейінгі жылдары іске қосыл­ған «Отау», «Наурыз» және «Нау­рыз жұмыскер» бағдарламасы­мен 5 700-ге тарта жасқа баспана ба­қы­ты бұйырды.

– Құрылыс саласында ұйым­дастырушы болып еңбек етемін. Отбасым екі балам бар. Елорда­да жүргеніме 20 жылға жуықта­ды, міне, жақында ғана «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен 12 жылға 9% мөлшерлемемен үй алдым. Ай сайын ипотекаға 284 мың теңге төлеймін. Алғаш­қы 8 жыл 9%-бен, қалған 4 жыл 8%-бен. Басқа банкпен алсам, бұл сома екі есе көп болатын еді, – деді Қостанай облысының тумасы Жасұлан Мәтенов.

Айтпақшы, жастар саясатын іске асыру аясында жалпы сомасы 750 млн теңге болатын 6 жаңа гранттық жоба іске асырылды. Бұл бастамалар қазіргі қоғамның кеселіне айналған нашақорлық, лудомания және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Осы гранттық қолдау аясында енгізілген «Mergen» жүйесінің көмегімен 5 мың­­нан аса есірткі дүкені анықта­­лып, бұғатталды. Жарнама сайт­­тарын­дағы 120 мың хабарландыру тексерілді.

Өскелең ұрпақтың репродук­тивті денсаулығын қорғау да күн тәртібінен түскен емес. Есесі­не қоғамдық түйткіл ерте жүк­тілік мәселесі 43%, ал аборт 30% төмендеді.

Дарынды жастар – ел болашағы

Бастамашыл, дарынды, әлеу­меттік жауапкершілігі жоға­ры қазіргі жас буын – елдің ертеңін қалыптастыратын негізгі күш. Сондықтан жастардың көшбас­шылығы мен бастамасын қолдайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты мен «Дарын» мемлекеттік сый­лығын тағайындауға арналған конкурстар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

– Елімізде жастардың дамуына барлық жағдай жасалған. Қай салада болмасын, мемлекет тара­пынан нақты қолдау көрінеді: гранттар мен шәкіртақылар беріле­ді, кәсіби және тұлғалық өсуге мүмкіндік мол. Біз үшін ең бас­тысы – марапат күтпей, өз ісі­мізді адал атқарып, қоғамға пай­да тигізу, – деді биылғы «Дарын» сыйлығының «Қоғамдық қызмет» аталымы бойынша лауреаты Меруерт Өтегенова.

Осы жылы «Тәуелсіздік ұрпақ­тары» грантының былтыр­ғы 30 жеңімпазы бизнес, мәдениет, спорт, ақпараттық технология­­лар, волонтерлік және ғылым сала­­сындағы өз жобаларын жүзеге асырды. Әр жобаға мемлекет та­рапынан 3 млн теңгеден қара­жат бөлінді. Мәселен, Атырау қаласы­ның тұрғыны Әнел Маратова Даун синдромы бар балалардан құралған инклюзивті театр ашты, ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистрі Әнел Әубәкірова елдегі алғашқы этномюзикл құрды.

Саяси тұрғыда, 2022 жылы са­й­лау партиялық тізімдерінде және депутаттық мандаттарды бөлу бары­сында әйелдерге, жастар­ға және мүгедектігі бар азаматтар­ға арналған 30 пайыздық квота ен­гізілді. Жас басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға мүм­кіндік беретін Президенттік жастар кадрлық резервін ерекше атап өту керек. Өйткені қазіргі уақытта резервке алынған қатысушылардың 80%-ы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйым­дарында жемісті еңбек етіп жатыр. Биыл маусым айында басталған іріктеуге 31 мыңнан аса азамат өтінім білдіріп, оның 7 436-сы ғана үміткер қатысушы тізіміне ілікті. Одан 50 азамат қана қабылданды. Демек жастарда қызығу­шылық бар. Содан болар бүгінде өңірлер бұл тәжірибені белсенді түрде енгізді. Аймақтарда жастар кеңестері құрылып, жергі­лікті жастар кадр­лық резервтері жасақталды.

Түйін мен тағылым

Осындай мүмкіндіктерді тізбектей берсек өте көп, алайда әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек, бізде әлі де екшейтін тұстар баршылық. Мәселен, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ және Сингапур елдерінде жастар сая­саты тек қолдау жүйесі емес, ұлттық дамудың ұзақмерзімді стра­тегиясының өзегі ретінде қарастырылады. Бұл мемлекеттерде жас буынға қолдаумен қатар нақты талап қойылады, ал жа­уап­кершілік институционалдық деңгейде бекітілген.

Жапония мен АҚШ-та жастарға арналған мүмкіндіктер көбіне жүйелі орта мен институттар ар­қылы беріледі. Яғни мемлекет тіке­лей қамқорлықтан гөрі, азамат­тардың өз бетінше дамуына жағдай жасайды. АҚШ-та таңдау еркіндігі басым болса, Жапонияда тұрақты еңбек пен кәсіби өсудің дәстүрлі жолдары көп.

Сингапур мен Оңтүстік Кореяда Қазақстанмен салыстырғанда білім мен технологияға қойылатын талап әлдеқайда жоғары. Бұл елдерде жастарға берілген мүмкіндік нақты нәтиже мен нарық жағдайында жоғары өнімділік талап етіледі.

Бізде жастар саясаты көбіне мемлекеттік бағдарламалар ар­қылы жүзеге асатынын мойындау керек. Білім беру гранттары, жұмыспен қамту бағдарлама­лары, тұрғын үй бастамалары мен кәсіпкерлікті қолдау тетіктері жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталып отыр. Бұл – қолдаудың қолжетімділі­гін арттырғанмен, кей жағдайда жас­тардың бейқамдығына, қоғамда өз бетінше бастама көтеру үрді­сін әлсіретуге итермелеуі мүм­кін. Жалпы, 2023–2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар сая­саты тұжырымдамасының басты қағидасы – «жастар үшін емес, жастармен бірге» идеясы етін. Яғни жас буын енді мемлекеттің қамқорлық нысаны ғана емес, шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысатын серіктесі.

Осы тұрғыдан алғанда, ел үшін ендігі міндет – мемлекет дамуына тікелей жауапты серіктес ретінде ерте кезден дербестікке тәрбиелеп, жеке жауапкершілік жүгін артып, қалыптастыру. Демек 2026 жыл – барды бағалап, сол мүмкіндіктерді еселеуге ұмты­латын уақыт. 

Соңғы жаңалықтар

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Саясат • Бүгін, 09:20

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Саясат • Бүгін, 09:15

Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда

Саясат • Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:07

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Саясат • Бүгін, 09:05

Қаржыны тиімді басқару – даму кепілі

Қаржы • Бүгін, 09:00

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Экономика • Бүгін, 08:55

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Қоғам • Бүгін, 08:45

Жас параспортшы-боччистермен кездесті

Қоғам • Бүгін, 08:43

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40

Парламенттік реформа жайы талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:38

Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы

Digital • Бүгін, 08:35

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Саясат • Бүгін, 08:33

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see111

Ербол Хамитовқа, қысқы Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларына қанша сыйақы төленгені белгілі болды

29 Маусым 2026 20:49see111

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see110

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді

29 Маусым 2026 10:00see108

75 тің ісі : Прокурорлар Қамшыбек Ташиевке 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

29 Маусым 2026 18:42see108

NASA Жерге құлау қаупі бар Swift телескопын роботпен құтқармақ

29 Маусым 2026 11:02see107

Қазақстан AI экономиканы дамытатын Pax Silica халықаралық альянсына қосылды

29 Маусым 2026 11:02see107

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see107

3000 ересек қазақстандықты бір айға армияға әкетеді бұл кімдерге қатысты емес

29 Маусым 2026 12:56see107

Мәулен Әшімбаев Сенат депутаттарымен қоштасты

29 Маусым 2026 12:57see107

Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді

29 Маусым 2026 23:54see106

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see105

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

29 Маусым 2026 18:04see105

Әнші Жанар Айжанова екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын айтты (видео)

30 Маусым 2026 00:07see104

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see104

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынды

29 Маусым 2026 17:49see103

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see103

Оқуға түсіремін деп 32 талапкерді сан соқтырған күдікті Албанияда ұсталды

29 Маусым 2026 10:14see102

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see102

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары