Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жанды дауысқа бетбұрыс

Жанды дауысқа бетбұрыс

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұдан кейін концерттерде фонограмма қолдануға ресми түрде тыйым салынды. Жақында Президент қол қойған жаңа заң мәдениет саласына тың серпін беріп, сахнадағы шынайылықты басты құндылық ретінде алға шығарды. Осы маңызды өзгеріске эстраданың жарық жұлдыздары қалай қарайды? Жаңа талап өнер иелеріне қалай әсер етеді? Фонограммаға тыйым салу музыкадағы нағыз үздіктерді іріктеуге жол аша ма? Біз сауалдарымызды әншілерге қойып көрдік.

Әнші деңгейін айқындайтын бір ғана өлшем бар

Мархаба СӘБИ: 

– Фонограммаға қарсы заң өте дұрыс, керек заң деп ойлаймын. Бірақ ол заңның қадағалануына келгенде түрлі сұрақ туын­дайды. Өйткені кейбір концерттерде заңға қарамай фонограмманы кеңінен қолданып жүрген әншілер де, ұйымдастырушылар да әлі көп. Әр концерттің жанды дауыста өтуін қадағалайтын арнайы мамандар болуы керек, әйтпесе жанды дауыс деп көрсетіп, фонограм­мамен алдау жалғаса беретін сияқты. Оның үстіне, ондай мамандар қойылғанымен, «бар­мақ басты, көз қысты» дегендей «келісіммен» көз жұма салу деген дүниелер болуы да мүмкін. Фонограмма деген ұғымның да түр-түрі көп. Мысалы, дабл – ағылшынша double деген тәсіл бар. Дауыс студияда алдын ала жазы­лады, ал әнші ән айту барысында сол жазылған дауыстың үстіне қосылып орын­дайды. Енді оны фонограммаға жатқызу керек пе, жоқ па, сол жағы түсініксіз. Әсіресе, жастар жағы даблды көп қолданады. Тағы бір кең тараған тәсіл бар. Ол – әннің көп бөлі­гінде, әсіресе қиын жерлерінде фонограмма қолданады, ал оңай  кейбір жерін ғана жанды дауыста орындайды. Оны халық жанды дауыс деп ойлайды. Меніңше, ол алдаудың басқа бір деңгейі. Айта берсе, осындай әдіс-айла көп. Үнемі жанды дауыста орындайтын әнші ретінде айтарым, әншілерге ерінбей еңбектеніп, кәсіби деңгейде жанды дауыста орындап үйрену керек. «Аппаратура нашар, акустика нашар», «тамағым ауырып тұр» деген сылтауларды қоятын уақыт келді. Жанды дауыста орындау оңай емес, бірақ өнер шынайы болу үшін, сахнада шынайы ән айта алатындар жүруі үшін фонограмманы тоқтату керек деп есептеймін. 

Әннің де, әншінің де стилі, бағыты болатыны сияқты, жанрдың да түр-түрі көп. Сан алуан болғанынан ешқандай зиян жоқ, шығармашылықта шектеу болмауы керек деп есептеймін. Тек қазір белең алып тұрғандай, ұрлап жырланған әндер болмаса болды. Ең бастысы, жанды дауыс қадағалануы керек. Ән жанды дауыста орындалған кезде шынайы деңгейің білінеді. Халық сол кезде ғана әншінің деңгейін көріп, кімді тыңдайтынын немесе тыңдамайтынын өзі шешеді. Сонда ғана табиғи, әділ сұрыптау болатын сияқты.

Сахна талабына техника кедергі

Әлімжан КЕҢЕС: 

– Әрине, бұл бастама құптарлық. Алайда Мәдениет министрлігінің өзі бұл заңды барлық жерде бірдей қолдану мүмкін емесін айтып отыр. Бүгінде әншілер концерт қоятын алаңдардың, әсіресе ауыл-аймақтар мен қалалардағы мәдениет үйлерінің техникалық мүмкіндігі біркелкі емес. Көп жағдайда ап­па­рат­­тар заманауи талапқа сай келмейді, түпнұсқа дыбыс жүйелері орнатылмаған. Өңірлерді аралап концерт беретін өнерпаздар мұны жиі се­зінеді: өз аппаратурамызды алып барған күн­нің өзінде, минусовкамен ән айтуға талпынсақ та, микрофон мен дыбыс құрыл­ғыларының үйлеспеуінен дауыс толық шықпай жатады.

Негізінен, фонограммасыз, жанды дауыста ән айту – қолдауға тұрарлық бағыт. Бұл елдегі музыка мәдениетінің өскенін көрсетеді, сахнаға шынымен дайын, кәсіби әншілердің іріктелуіне жол ашады. Өнерпаз өзін дамы­тады, вокалмен айналысады, даусын шың­дайды. Бұрынғыдай немқұрайдылыққа жол берілмей, талап күшейеді. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – жақсы үрдіс. Бірақ мұның бәрі мемлекет тарапынан техникалық базамен толық қамтамасыз етілгенде ғана жүзеге асады.

Сонымен бірге «мен мүлде фонограмма қолданбаймын» деп кесіп айту қиын. Әсіресе, той-жиындарда аппаратура әлсіз болғандықтан, жанды дауыста айту мүмкін болмай, амалсыз фонограммаға жүгінетін сәттер бар. Оның үстіне, шығармашылық адамы әрдайым бір қалыпта жүрмейді: кейде денсаулық сыр береді, кейде көңіл күй болмайды, шабыт та әрқашан тұрақты емес. Бірақ көпшіліктің алдында халықтың көңілін көтеруге жауапты болған соң ән айтуға тура келеді. Көбіне фонограмма қолданудың басты себебі де – техникалық сәйкессіздік.

Соңғы кезде айтылып жүрген «сахнаның иесі бар, киесі бар» деген пікірге келсек, сахнаның киесі – оның үстінде тұрған адамда. Әнші сахнаға қандай мәдениетпен шығады, қандай ән айтады, халыққа қандай ой, қандай сезім сыйлайды – киелілік те, мән де сонда. Сахнаны қасиетті ететін – өнерпаздың жауапкершілігі, сөзі мен жүрек тазалығы.

Эстрада әншісі үшін дауыс, сахна мәдениеті мен ішкі шынайылық бір-бірімен үйлесуі шарт. Ең бастысы – жүректегі адалдық. Шынайылық болған жерде ән де әсерлі шығады, тыңдарманмен байланыс орнайды, халыққа деген сүйіспеншілік сезіледі. Өз репертуарыңа жанашырлықпен қараған сәтте ғана еңбектің де өтеуі болады. Сонда өнер адамы өз маңдай терінің шынайы жемісін көре алады.

Ән фонограммасыз да өмір сүреді

Абай БЕГЕЙ: 

– Мен бұл заңды дұрыс деп санаймын. Өйткені фонограммамен ән айтуды  көрер­меннің үмітін ақтамау деп санаймын. Халық билет алып, жанды дауысты тыңдау үшін келеді. Бұл өзгеріс ең алдымен жауап­кершілікті күшейтеді. Әнші сахнаға шығамын десе, вокалын дамытады, жанды дауыста айтуға дайын­далады. Концерт мәдениеті өседі, көрер­меннің сенімі артады. Сондықтан мен бұл заңды өнерге жасалған қысым емес, кері­сінше, нағыз өнерді қолдау деп қабылдаймын. Әнші болу – әдемі бейнебаян түсіріп, сахнада ән айту емес, ең алдымен кәсіби деңгей мен жанды дауыс. Сонымен қатар бұл өзгеріс көрермен талғамын да өсіреді. Халық шынайы орындауды естіп үйренсе, сапасыз дүниеге сұраныс азаяды. Сондықтан бұл заң эстрадаға шектеу емес, керісінше, оның дамуына серпін береді деп ойлаймын. Жалпы, ән шынайы болса, оны фонограммасыз, жанды дауыспен айтсаң, тыңдарманның жүрегіне жетеді. Өйткені көрермен ең алдымен эмоцияны, сезімді іздейді. Жанды дауыс арқылы әннің жаны ашылады, орындаушы мен тыңдарман арасында байланыс орнайды. Сондықтан шынайы өнерге фонограмма кедергі емес. Керісінше, жанды дауыста айтылған ән ғана халықтың есінде қалады. 

С.БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see126

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see123

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see122

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see121

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see120

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see119

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see118

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see117

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see117

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see117

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see117

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see117

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see116

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see115

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see115

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see115

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see114

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары