Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Басым міндеттер айқындалды

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

Инвестицияның жаңа көкжиегі

Инвестицияның жаңа көкжиегі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сы ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа та­лап­тарға дер кезінде бейім­деу екеніне тоқ­талды.

– Сыртқы конъюнктураның қо­­­лайсыздығына қарамастан, Қа­зақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жал­пы өнім көлемі 300 миллиард дол­­лар­лық межеден асты. Инвестиция тар­ту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көш­­­­бас­шы­лы­ғын сақтауды көз­дейді. Тікелей шет­елдік ин­вес­ти­цияның жиынтық көлемі 150 мил­лиард доллардан асып, ай­мақ­қа құйылған барлық қар­жы­ның шамамен 70 пайызын құ­рады. Осы экономикалық та­быс­тар­ға негізінен саяси тұрақты­лық­­тың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи рефе­рен­­­­думның қорытындысы бойынша Қазақстан Республика­сы­ның жаңа Конституциясын қа­был­да­дық, бұл құжат қазірдің өзін­де ха­лық­тық Конституция ре­тінде та­ныл­ды. Негізгі заңның бү­гінгі оты­­­­рыс қарсаңында күші­не енуі сим­­волдық мәнге ие. Жаңар­тылған конс­­титуциялық нор­малар ин­вес­тор­лар құқығын ба­рынша жо­ғары деңгейде қор­ғайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент халықаралық бизнес үшін тартымды заманауи инс­­ти­туционалдық орта қалып­тас­қанына назар аударды. Сон­дай-ақ ин­вес­ти­циялық рәсі­м­дер­ді жеңілдету үшін «бір терезе» қа­ғидатына сай қыз­мет көрсете­тін Ұлттық цифрлық ин­вести­ция­лық платформа іске қо­сыл­ды.

– Инвестициялық штаб қыз­меті же­дел шешім қабылдауға және ин­вес­торларға мемлекет тара­пынан жан-жақты қолдау көрсетуге ба­ғыт­талған. Бизнеске инсти­туцио­нал­дық кепілдіктер­мен бірге ұзақ­мер­зім­ді нақты ын­таландыру тетіктерін ұсы­на­мыз. Бүгінде шетелдік кәсіп­кер­лер салықтық жеңілдіктер мен оңайлатылған көші-қон рәсімдері қа­растырылған Altyn Visa бағдар­ла­ма­сының артықшылығын пайдалана алады. Дегенмен біз мұ­нымен ға­на шектелмейміз. Алдымызда ауқым­ды жұмыс бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлем тех­но­логиялық жаңғырудың жаңа кезеңі­не қадам басқанын айтты. Пре­зидент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды.

– Мемлекеттің инвес­ти­ция­лық сая­сатында жасанды ин­теллект тех­нологияларына мән беру – аса маңызды басым­дық. Бұл қайта­лан­балы үдеріс­тер­ден ары­лып, «ақыл­ды сүзгі» қа­лып­тас­тыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы инвесторларға же­дел, нақ­ты әрі тиімді қызмет көр­сетіледі. ЮНКТАД болжамы бойын­ша, 2033 жылға қарай әлем­­дік жасанды интеллект эко­номи­ка­сының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды. Аталған көрсеткіштің ондаған жыл ішін­де шамамен 25 есе ұлғаюы жаһан­­­дық экономикадағы жасанды интеллектінің рөлі артып келе жатқанын байқатады. Еліміз осы бағытты белсенді қолға алуға ниет­ті. Былтыр халыққа арнаған Жол­дауымда Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру бойын­ша нақты міндет жүктедім. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін 2026 жыл Жасанды интеллект жә­не цифр­лық даму жылы болып жа­­риялан­ды. Болашақтың бағ­да­рын айқындай отырып, біз аза­маттардың цифрлық қауіпсіздігіне ден қоямыз. Қа­зақстан Консти­туция­сының жаңа редакциясы әр адамның дербес деректерін қор­ғауға кепілдік бере­ді. Инсти­ту­цио­налдық негізді ны­ғайту үшін Жасанды интеллект жә­не цифрлық даму министрлігі құрыл­ды. Соны­мен қатар Жасанды ин­тел­лектіні дамыту жөніндегі кеңес өз жұмы­сын бастады, – деді Пре­зидент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес мү­шелеріне заманауи циф­р­лық инф­рақұрылым қалып­тастыру бойын­­ша қарқынды жұмыс жүр­гізіліп жатқанын мә­лімдеді. Атап айтқанда, Қазақ­стан Орталық Азия ел­дері арасында алғаш рет озық тех­ноло­гиялар негізінде екі супер­ком­пьютерді сәтімен іске қосты.

– Инвестицияларға цифрлық дәуір талаптарына сай келетін за­ма­науи нормативтік-құқықтық база ке­піл болады. Жақында Парламент­те қабылданған Цифр­­­­лық кодекс, «Жасанды ин­тел­лект туралы» заң және Digital Qazaqstan стратегиясы ел дамуы­ның айқын технологиялық жол картасын түзеді. Бұл құжаттар ин­новацияға, инвестиция тар­туға және халықаралық ынты­мақ­­­тас­­тық­ты кеңейтуге де лайық­­ты жағ­дай жасайды. Бұдан бөлек, Қазақ­стан­ның цифрлық эконо­ми­­ка­сы­ның негізгі эле­мент­тері­нің бірі са­на­латын Де­рек­терді өңдеу орта­лық­­тарының алқабын құруға ниет­тіміз. Бірегей жоба жаһандық капитал мен әлемнің жетекші техноло­гия­лық компа­ния­ларының басын қо­сатын қуат­ты орталыққа айнал­мақ. Amazon, G42 және басқа да са­ла­лық көшбасшылар осы эко­жүйе­ге қатысу мүмкіндігін қа­рас­­тыра бастады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отырғанын мәлімдеді. Alem.ai халықаралық орталығында TUMO және Tomorrow School жаңа буын мектептері ашылды.

– Telegram және Presight секілді халықаралық серіктестермен бірге заманауи зертханалар құрылды. Жасанды интеллект Қазақстанның білім беру жүйесіне кеңінен енгізіліп жатыр. Мен жақында қол қойған Жарлыққа сәйкес, ЖИ орта білімді жаңғыртудың негізгі элементіне айналмақ. Әрине, бұл жоба педагогтерді алмастыра ал­май­ды, бірақ ұстаздардың мүм­кіндігін кеңейтеді. Жарлықта дер­бес оқыту тетігін құру, цифрлық ин­фрақұрылымды нығайту, норма­тивтік-құқықтық базаны жетілдіру және білім беру стандарттарын жаңғырту қарастырылған. Біз пилоттық жобаны іске қостық, бұл тәжірибе кейін ел көлеміне тара­тылады. Аталған бастама қала мен ауыл мектептерінің білім алшақ­тығын қысқартып, ЖИ дәуірінде әр балаға жоғары сапалы білім беруді көздейді. Жасанды интеллект мемлекеттік басқару тиімділігінің шешуші факторына айналуда. Қазақстан жаңғыру үдерісінде көш бастау үшін алдын ала қимылдап, тиісті институционалдық ортаны қалыптастырып жатыр. ЖИ сала­сын­дағы әлемге әйгілі сарапшы, Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес мүшесі доктор Ли Кай Фу жақында Астанадағы Alem.ai халықаралық орталығында мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды басшыларына оқу семинарын өткізді. Семинар жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда стратегиялық тұрғыдан пайдалану, ЖИ-ге бағдарланған операциялық модельдерді, ЖИ агенттерді қолдану және Қазақстан­дағы ұлттық технологиялық стекті дамыту мәселелерін қамтыды. Мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту жасанды интеллектіні жедел енгізуге ықпал етіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыра түседі. Бұдан бөлек, Қазақстанда өңіріміздегі алғашқы арнаулы жасанды интеллект университеті білім алушыларды қабылдайды. Бірегей жоғары оқу орны озық зерттеулердің, инновация мен жоғары білікті маман даярлаудың орталығына айналмақ. Білім мен технологияға қаржы құйып, дарын­дыларды қолдай отырып, жасанды интеллект ұлттық экожүйесінің берік негізін қалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы логистика жүйесіне Smart Cargo цифрлық платформасы енгізілгенін атап өтті. Біртұтас байланыс қағидатына сай қызмет ететін бағдарлама арқылы негізгі көлік дәліздері цифрлан­дырылады.

– Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрлық тұрғыдан трансформациялау айтарлықтай алға жылжыды. Көміртегін өндіру мен өңдеу нысандарының цифрлық көшірмесін құруға айрықша назар аударылып отыр. Сонымен қатар шикізат өндіруден бастап сатуға дейінгі барлық жеткізу тізбегін қамтитын мұнай мен мұнай өнім­дерін кешенді бақылау жүйесі енгізілуде. Жабдықтардың істен шығуын болжау, өндірістік үдеріс­тердің сенімділігін арттыру және кәсіпорындардың жұмысын оңтай­ландыру үшін жасанды интеллект негізіндегі шешімдер қолданылады. Сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы жасанды интел­лект саласындағы инновациялық шешімдерді сынақтан өткізуге арналған сенімді алаң қызметін атқарады. Орталық FinTech Lab реттеу алаңдары арқылы ағылшын құқығының артықшылықтарын және әлемдегі ең үздік деректерді қорғау жүйелерінің бірін ұсынады. Түптеп келгенде, АХҚО ашық биз­нес ережелерін, сенімді құқықтық қорғауды және деректер қауіп­сіздігін сақтаудың ең жоғары стан­дарттарын қамтамасыз етеді, – деді Президент.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық ынтымақ­тастықтың анағұрлым перспективті бағыттарына тоқталды. Президент аса маңызды материалдар сала­сында ашықтық пен технологиялық экожүйе қалыптастыруды басым міндет ретінде атады.

– Аса маңызды пайдалы қаз­балар жаңа индустриалдық дәуірдің негізгі стратегиялық ресурсы саналады. Жаһандық өзгерістерге жауап ретінде Қазақстан жетекші әлем­дік компаниялармен ынты­мақ­тастыққа өте қолайлы жағдай жасай отырып, өзінің нормативтік-құқықтық базасы мен саланы қада­ғалау тетіктерін үнемі жетілдіріп келеді. Біз Жер қойнауын пайда­ланудың бірыңғай платформасын іске қостық. Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттеме­лерін лицензиялауға және бақы­лауға қатысты 22 мемлекеттік қыз­метті автоматтандырды. Бұрын тек қағаз және магниттік формат­тарда ғана болған 4,7 миллионнан астам архивтік геология құжаттары мен материалдары бірыңғай ұлттық цифрлық қорға көшірілді. Бұдан бөлек, біз тарихи геологиялық деректерді заманауи, машина оқи алатын форматқа түрлендіруді жеделдету үшін жасанды интеллек­тіні қолдана бастадық. Астанада Си­рек кездесетін металдар бойын­ша өңірлік зерттеу орталығын ашу бастамасы аясында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылады, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-ло­гистика саласы еліміздің ұзақ­мерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді.

– Біз Қазақстанды Азия мен Еуропаны жалғайтын аймақтағы жетек­ші логистика торабына айналдыруды көздейміз. Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл Қазақстанның құрлықаралық тасымал тізбегіндегі ықпалы зор екенін көрсетеді. Қытай мен Еуропа арасындағы темір жолмен тасымалданатын жүк көлемінің 85 пайызға жуығы Қазақ­стан аумағымен өтеді. Мұның өзі әлемдік сауда мен өзара көлік бай­ланысында негізгі рөл атқаратыны­мызды растайды. Осы позицияны одан әрі орнықтыра түсу үшін көлік инфрақұрылымына, мыңдаған шақырым жаңа теміржол салуға, сондай-ақ Орта дәліз ретінде кеңінен танымал Транскаспий халықаралық көлік бағытын ары қарай дамытуға қомақты инвес­тиция құйып жатырмыз. Соңғы он бес жылда Қазақстан көлік-логис­тика инфрақұрылымына 35 мил­лиард доллардан астам қаржы жұм­сады. Біз заманауи логистика сапалы инфрақұрылымды ғана емес, озық цифрлық шешімдерді де талап ететінін жақсы түсінеміз. Сол себепті бүкіл экожүйені цифрлан­дыру шараларын қолға алдық, – деді Президент.

Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығының орнықты да­муын қамтамасыз ету – стратегия­лық міндеттің бірі. Бүгінде жасанды интеллект пен заманауи автомат­тан­дыру технологиялары жаңа аграр­лық революцияның өзегіне айналып келеді.

– Мұның бәрі егістік өнімін айтарлықтай арттырып, суды үнем­деп пайдалануға және қоршаған ортаға келетін зиянды елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің маңызды екенін жақсы түсінеміз. Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатары­нан 27 миллион тонна астық жи­нады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осы нәтижені сақтап қалу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын толық цифрландыруға кірістік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, жерсерік навигацияларын және автоматтан­дырылған метеоро­логиялық стан­ция­ларды жедел іске қоса бастадық. Мемлекеттік қолдаудың барлық шарасы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру ісі цифрлық форматқа кө­шірілуде. Бұл әкімшілік рәсімдерді едәуір қыс­қартады. Мал шаруа­шылығында да интеграцияланған цифрлық плат­форма іске қосылды. Соның арқа­сын­да қағаз жүзіндегі құжат айна­лымынан бас тартуға және де­­рек­­тердің дұрыстығын қамтама­сыз етуге мүмкіндік туады. Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» фор­матында жұмыс істей бастады. Яғни шаруашылықтар озық ци­фрлық технологияларды пайдалану мен деректерді талдау негізінде бас­қары­лады. Бұдан бөлек, өндіру­шіден тұтынушыға дейінгі жеткізу тізбегінің толық ашық­тығын қамтамасыз етіп, өнім қозға­лысын бақылайтын цифрлық жүйе енгі­зіліп жатыр, – деді Мемлекет бас­шысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайым­дауынша, Қазақстанның түпкі мақсаты – тек ауыл шаруа­шылығын дамытып қоймай, еліміз­ді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа ай­налдыру.

– Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосыл­ған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапа­ны бақылау жүйесі, құрал-жаб­дыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес­тікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар интеллектуалды логистика жүйелеріне, автомат­тандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш инфрақұрылымына және заманауи қаптама технология­ларына инвес­тиция салу агроөнер­кәсіп саласын­дағы бір-біріне то­лық­тай кірік­тірілген, яғни өн­діріс­тік-нарықтық цифрлық тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық инвестор­лар­ды, жетекші азық-түлік өндіруші­лерді, технологиялық компания­ларды және ЖИ шешім­дерін әзірлеушілерді осы ауқымды трансформацияға атсалысуға ша­қырамыз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңыз­ды міндет деп санайды.

– Бүгінде Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимге ие, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді. Дүние­жүзінен инвестиция тарту және Алатауды халықаралық іскерлік орталықтардың біріне айналдыру мақсатында нормативтік база жасақталды. Шаһарды Қазақстан­дағы толық цифрланған алғашқы орталық ретінде жобалап жатыр­мыз. Мұндағы аса маңызды инфра­құрылым, мемлекеттік қызметтер мен қала экономикасы үлкен дерекқор, озық технология және заманауи басқару моделі негізінде жұмыс істейтін біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіріледі. Digital by default қағидатына сәйкес, мемлекеттік басқарудың барлық үдерісі әуел бастан тек цифрлық форматта жасалады. Алатау қаласы әкімшілігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы тұрғындар мен инвесторлар мемлекеттік қыз­меттерге жүгініп, тиісті рұқсаттама құжаттарын рәсімдей алады, арнау­лы құқықтық режимнің артық­шылық­тарын пайдаланады. Бұдан бөлек, қаладағы цифрлық активтер саласында криптовалюта биржа­лары мен активтерді түгендеу қыз­мет­терін реттейтін озық норма­тивтік-құқықтық база жұмыс істей­ді. Біз халықаралық инвестор­ларды осы бірегей юрисдикцияның артықшылықтарын жоғары техно­логиялық және табысты жобаларды жүзеге асыратын сенімді алаң ре­тінде пайдалануға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, жасан­ды интеллектіні дамыту және цифр­лық дербестікті нығайту эко­номикамыздың, тіпті мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше мәнге ие.

– Кеңес пен мемлекеттік органдардың тұрақты диалогы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Тиімді шешімдер әзірлеп, қажетті реформалар жүргізу үшін барлық қатысушының тәжірибесі мен білімін, сарапшылық әлеуетін жұмылдырған жөн. Мемлекет пен бизнестің ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестігі цифрлық эко­номика мүмкіндіктерін толық пайдалануға және азаматтары­мыздың игілігі үшін өркендеген мемлекет құруға ықпал ететін не­гізгі фактор болатынына сенім­дімін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан эко­номика­сын дамытуға қосқан елеулі үлесі және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытын­дағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Шетелдік инвесторлар кеңесі­нің пленарлық отырысына қатыс­қан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 03:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Басым міндеттер айқындалды

02 Шілде 2026 10:49see117

BMW жаңа X5 ті бес нұсқада таныстырды

02 Шілде 2026 15:25see116

Кәсіпкерлерге заңсыз талап қойғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды

02 Шілде 2026 14:08see114

VEON алдағы үш жылда елімізге тағы 1 миллиард доллар инвестиция құюға ниетті

02 Шілде 2026 18:53see111

SCAT әуе компаниясы президентінің жылдық сыйақысы 335,9 млн теңгені құрады

02 Шілде 2026 15:22see111

3 июля в Казахстане начнётся приём заявлений в докторантуру

02 Шілде 2026 19:33see111

Таза Қазақстан экологиялық акциясы мәдениетті қалыптастырды Олжас Бектенов

03 Шілде 2026 22:05see110

Біз жылауық халыққа айналмауымыз керек : Ермұрат Бәпи тарихи жарақат туралы

02 Шілде 2026 12:03see110

Нөсерден кейін Алматы өзендеріндегі жағдай қандай? ТЖМ жауабы

02 Шілде 2026 09:18see110

Алматыда электрсамокат мінген блогер жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды

02 Шілде 2026 17:32see110

Несиесі бар қазақстандықтарға қандай құқығы бары ескертілді

02 Шілде 2026 13:43see109

Астанада көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

02 Шілде 2026 14:09see109

Алматыда көлік түтіні нормадан тыс ауаға тарауының 13 мыңнан астам жағдайы тіркелді

03 Шілде 2026 22:30see109

Қазақстанда ресейлік көліктерге жанармай құюға рұқсат берілді, бірақ қатаң шартпен

02 Шілде 2026 23:32see109

Астанада жаңа аллея пайда болды: 02 шілде 09:19 жаңалықтар

02 Шілде 2026 09:22see109

Жолаушы вагон мейрамханада жанжал шығарып, Алматыға жете алмады

02 Шілде 2026 14:44see108

Алматы облысында экс депутат агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген бюджет қаражатын жымқырып келген

03 Шілде 2026 21:21see108

Қазақстан ІІМ Түркия азаматына іздеу жариялады

02 Шілде 2026 16:08see108

Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

02 Шілде 2026 23:11see107

Жоғарғы Рада Украин ұлттық пантеонын құру туралы заң қабылдады

02 Шілде 2026 23:33see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары