Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Кемел әулетінің кемеңгері

Кемел әулетінің кемеңгері

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Толағай тауы етегіндегі ел ішінде берекесі мен бірлігі жарасқан Кемел әулеті жарастықты ғұмыр кешіп жатыр. Арғы аталары Кемел – атадан қалған жалғыз тұяқ. Сол жалғыздан бүгінде бір ауыл ел тарады. Тегінде тектілік, қанында қайсарлық бар Тыныштық ананың алтын құрсағынан өрбіген ұлағатты ұрпағы аналарын алақандарына салып отыр.

Ералиев ауылының жасы үлкен анасы амандық болса, биыл тоқсан алтыға толады. Ең­бекпен есейіп, бейнетпен берекесі арт­қан ел анасы – Кемел әулетінің кемең­ге­рін­дей.

Тағдыр оны текті әулетке келін қылды. Жолдасы Кемел Қаратаев – аты аңызға айналған Ерубай бидің немересі. Алайда «би-болыстың тұқымы» деген жаламен қуғын көріп, Оңтүстікке ауған көштің құрамында болды. Шымкенттегі Ащысай полиметалл комбинатында еңбек еткен Кемел Қаратайұлы сол жерде Тыныштық Жұмабекқызымен табысып, шаңырақ көтереді.

Сөйтіп, 1948 жылы елге – Арқаға оралып, ұжымшар жұ­мысына араласты. Кел­ген жылы-ақ жеке отармен қой бағуға шықты. Сол сәт­тен бастап Тыныш­тық ана ерінің сенімді серігіне айналды. Қой соңында жүріп, ұр­пақ өсіріп, шаңырақтың шы­рағын жақты. Тыныштық ана зей­нетке шыққанша ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосты. Ұзақ жылғы еңбегі мем­лекет тарапынан бағаланып, бір­неше марапат пен төсбелгіге ие болды.

Заманның зобалаңы Кемел атаны бір әулеттің жалғыз тұяғы етіп қалдырған еді. Тағдыр үзі­ліп кете жаздаған тек­тінің тұқы­мына Тыныштық ананы жо­лық­тырды. Алтын құрсақты ана он алты баланы өмірге әкелді. Бүгінде сол ұл-қыздарынан 45 немере, 118 шөбере, 1 шөпшек тарап, бір әулет тамырын тереңге жайып отыр. Бір кезде үзілуге шақ тұрған Кемел әулеті бүгінде алып бәйтеректей бой түзеді. Сол бәйтеректің тамырында – Тыныштық ананың ақ сүті, маңдай тері мен аналық мейірімі бар.

Ол балаларымен қоса, бауырында өскен немерелеріне де енші үлестіріп, жеке отау етіп шығарды. Ғасыр ана – әлі де күйлі-қуатты. Әулеттің той-қуанышы, басқа да шаруалары адуынды ананың ақылынсыз шешілмейді.

Бүгінде тоқсан бесінші белесінен асса да, немере-шөбе­ре­лерінің атынан жаңыл­майтын көрінеді. Немере-шөберелерін «Кемелімнің ұрпақтары ғой», деп айналып-толғанып отырады. Жақында ғасыр ана шөпшегінің де қолынан су ішіп, мейірімі қанды.

Ақ жаулықты ананың ақ батасы – ұрпағына қуат, шаңырағына шуақ. Тоқ­сан алтыға келсе де, санасы сергек, сөзі сал­мақты. Әр келген қонақты жылы қарсы алып, өткен күндердің тағы­лы­мы­нан сыр шер­теді.

Жастайынан бейнет көрген әке мен ана балаларын оқытып-тоқытты. Әз ана­ның балалары, немере-шөберелері мек­тепте сабақ береді. Бір жа­ғынан берекелі әулетті Ұстаздар ұста­ха­насы деуге де келеді. Келіндері де шәкірт жүрегіне нұр құйып жүр.

Ғасыр ананың үлкен ұлы Оразбай Кемелов ұзақ жыл ауыл мектебін абыроймен басқарып, қазір зейнет көріп отыр. Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, өңірге белгілі ардагер ұстаз бүгінде ауылдың қадірлі ақса­­қа­лы­на айналды.

Мұнымен қоса, балалары да, неме­ре­лері де ата кәсіпке адалдық танытып, бір-бір шаруа­шылықты дөңгелетіп отыр. Өндіріс саласында өнімді еңбек етіп жүрген бала-шағасы да бар. Жақсының жалғасы болған олар ауылға иігілік сыйлар іске келгенде аянып қалмайды.

Ардақты ананың ең үлкен немересі Қайырбек Оразбайұлы ауылға деген жанашырлығымен, іскерлігімен соңындағы бауырларына үлгі. Осыдан үш-төрт жыл бұрын ауыл жұрты үйі апатты деп танылған анаға асарлатып үй салып берді. Соның басы-қасында Қайыр­бектей ел ағасы жүріп, ауылдағы ағайын­ның алғысын алды.

Тағы бір Медет есімді неме­ресі – Арқаға белгілі атбегі. Баптаған небір жүй­­ріктері талай аламанда топ жарып келді. Әрине, көрегенді ұл асыл ана­сы­ның ақ батасын алмай, аламанға бәйге қос­пайды.

Алып ананың бауырында өскен Қуаныш Жеңісұлы да әжесінің тәлім-тәр­бие­сін бо­йына сіңіріп, жасынан еңбекпен шыңдалды. Содан да болар, қатарының алды. Бүгінгі күні құрылыс шаруасына ширақ Қуаныш алақандай ауылдан фирма ашып, жастарға жұмыс беріп отыр. Ауылда бой көтеріп жатқан үй, қора, ны­сандар – Қуаныш құрған бри­гаданың еңбегі.

Бір қызығы, әулет шаңырақ­тары ауыл­дан алысқа ұзамайды. Ералиев елді мекенінің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып отырған Кемел әулеті осылайша ғасыр аналарының ақ тілеуімен ғибратты ғұмыр кешіп жатыр. Осыған қарап, өне­гелі ұрпағын құндақтап өсірген Ты­ныш­тық ананы ұлтты сақтаған ұлы ана­лардың жалғасындай десек, біз­дің артық айт­пағанымыз шығар.

Ұлытау облысы,

Жаңаарқа ауданы,

Ералиев ауылы

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары