Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Келешегі мол кеніштер

Келешегі мол кеніштер

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сондықтан көмір кеніштерін халықтың келешегін қорғайтын индустрия бөлшегі ретінде бағаласа болғандай. Мәселен, Қазақстанның ішкі электр және жылу генерациясының 68-70 пайызы осы саланың иелегінде. Өндіріс те, экспорт та тұрақты, тіпті Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр Нидерланды, Малайзия секілді елдер қазақ көмірін сатып алуды арттырды. Көмірдің ел тіршілігіндегі маңызы жойылмайды, себебі Мемлекет басшысы бұған дейін «таза көмір» идеясын ұсынды, соның негізінде Үкімет 2030 жылға дейінгі «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын әзірледі. Осыны ескеріп, саланың әлеуетін жан-жақты талдауды жөн санадық.

Өндірістің өркендеген шағы

Кейінгі 10 жылдан астам уа­қыт бойы Қазақстан жыл­дық көмір өндіру көлемін 102-118 млн тонна аралығында ұстап отыр. Демек, өндірісті қалыпты деп бағалауға болады. Өндіріс 2010-2012 жылдары қатты жандан­ды, жаһандық дағдарыстың беті қайтып, Ресей мен Украина тара­пы­ның сұранысы артты, ақыры елі­міз жылдық өндірісі 120 млн тон­наға таяды. 2013-2016 жылдары Ресейде газдың үлесі артып, кей электр стансалары көмірден бас тартқанда Қазақстан өндірісті 102-105 млн тоннаға төмендетті. Дегенмен 2017-2022 жылдары өз нарығымыздың сұранысы артып, Азия мен Еуропа энергияға тапшы бола бастаған соң қайта 118 млн тон­надан асырдық. Ал кейінгі 3 жыл бойы жылдық өндіріс 105-112 млн тонна арасында тұр. 

Жалпы, елдегі көмір өндірісі не­гізгі 4 кен орнына тиесілі: Екі­бас­тұз көмір бассейні (жалпы өн­дірістің 55-60 пайызын алады), Қа­рағанды көмір бассейні (10-12%), Шұбаркөл кен орны (10-12%) және Қаражыра кен орны (7-8 пайыз). Майкүбенің де дең­гейі Қаражырамен шамалас. Осы­ның ішінде ең сапалысы әрі күлі азы – Шұбаркөл, жылуы да жо­ғары.

Еліміздегі жалпы өндірістің 80%-дан астам үлесі «Богатырь Кө­мір», ERG, Qarmet және «Қара­жыра» сияқты саусақпен санарлық ірі өнеркәсіптік топтардың қо­лын­да тұрғанын айта кетейік. Де­генмен осы көмір өндіруші кә­сіпорындар республикалық және жергілікті бюджеттерді то­лықтыратын ірі донорлар саналады, елдегі ең үлкен 100 салық тө­леуші компанияның қатарына ен­ген. Жыл сайын жүздеген млрд тең­ге қазынаға құяды. Себепсіз емес, олар пайдалы қазбаларды өн­­діруге салынатын салықты, кор­­поративтік табыс салығын, қо­сылған құн салығын және ішкі һәм сыртқа нарықтан тапқан пайдасынан ақы төлейді.

Экспорттың елеулі тұсы

Кейінгі жылдары жаһанда геосаяи ахуалдар ушықты, түр­лі шектеулер енді, басқа жолдар ашылды. Соның әсерінен елі­­міздің көмір экспорты да қайта құрылымдалды. Сауда министр­лігінің дерегінше, жыл сайын өндірілетін көмірдің 25-35 мил-лион тоннасы сыртқы нарықтарға ба­ғытталып келеді. Алайда баға құ­былмалы болғаннан кейін табыс та түрленіп тұрады. 2022 жылы Еуропада энергетикалық дағдарыс болды. Сол уақытта «қара алтын­ның» бір тоннасының бағасы 300-400 долларға жеткен еді. Қазақстан сол жылы 946 млн долларға (39 млн тонна) көмір экспорттаған. Бұны саладағы ең табысты кезеңге балаймыз.

Қалай алғанда да, Қазақстан кө­мірін негізігі сатып алушы ел – Ресей. Жыл сайынғы экспорт­тың 20-30 пайызын алады. Әсі­ре­се Екібастұз көмірінің тұтыну­шы­сы, оны Урал өңі­рін­дегі Троицк және Рефтинский МАЭС-теріне жет­кізеді. Бұдан кейін Еуропалық Одақ елдері – Польша, Латвия, Эстония, Германия, Түркия. 2022 жылы ЕО Ресей кө­міріне эмбарго салды, осы кез­де Қазақстан кәрі құрлыққа премиум сападағы Шұбаркөл мен Қара­жыраны жет­кізуді бастады. Бұл бағытқа кететін көлем экс­порттың 45-50 пайызын алады. 

Әйтсе де, мәселе жоқ емес, 2025 жылдың басында ЕО-ның 16-пакет санкциялары аясында Ресей порттары арқылы транзитке шектеу қойылды. Еуропаға экспорт уақытша тоқырады. Абырой болғанда, Қазақстанның Сауда министрлігі мен Сыртқы істер ми­нистрлігі жұмыла жүріп, ЕО-ның 18-пакеті аясында тек қазақ­стандық шығу тегі бар көмірге Усть-Луга сияқты Ресей порттары ар­қылы транзитке мүмкіндік а­л­ды. 

Келесі бағыт –  Орталық Азия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжік­стан елдері. Өзбектер Қазақстан көмірін алуды арттырды, қазір жал­пы экспорттың 5 пайызын ием­денген. Сол сияқты Қырғыз­стан да Орталық Азиядағы негізгі тұрақты серіктес. Қытай және Азия-Тынық мұхиты өңірі, Үн­ді­стан мен Малайзияны да ұмыт қал­дыруға болмайды. Бірақ жолды тағы баға деген түсінік бөгейді. Мы­салы, жырақтағы Еуропа не­ме­се Үндістанға 100 млн доллар­дың көмірін экспорттадық делік. Соның шамамен 60 млн доллары те­міржол мен логистиканың шы­ғынына кетеді. Бір ғана көңілге ме­дет болатыны, елімізде өндіру­дің өзіндік құны төмен.

Экономиканың тиімді тетігі

Көмір өнеркәсібі еліміздің бү­тін индустриялық және энерге­ти­ка­лық жүйесінің іргетасы болып отыр­ғанын айттық. Сондықтан эко­номикалық әсері орасан, жалпы ішкі өнімдегі үлесі мол. Мысалы, көмірдің жалпы ішкі өнімдегі тіке­лей үлесі шамамен 1,5-2 пайыз­­ды құрайды. Бірақ жанама әсері барын ескеріп, көмірге тәуел­­ді салаларды – электр және жылу энергиясын өндіру, металлургия, теміржол тасымалы қос­қан­да, сектордың ықпалы 10 пайыз­ға артады. Өнеркәсіпте кө­мір мұнай-газ бен металл кендерін өндіруден кейінгі 3-ші орында тұр.

Экономикалық тиімдігі бұ­нымен бітпейді. Халықты жұмыспен қамтуда да көмірдің маңызды рөл атқарып тұр. Мы­салы, елдегі көмір өндіру, байы­ту және оған қызмет көрсету саласында тікелей 30-35 мың адам еңбек етеді. Алайда жанама жұ­мыс­пен қамтуын қоссаңыз, көр­сеткіш 3-4 есе артады. Өйткені мұнда теміржолшылар, энергетика мамандары, сервистік-жөндеу мекемелерінің қызметкерлері бар. Оның үстіне бұл салада жалақы деңгейі де жоғары. Көмір өндірі­сін­дегі орташа айлық жалақы ел­дегі орташа көрсеткіштен 1,5 есе­дей көп. Ұлттық статистика бю­росының дерегінше, 2025 жыл­дың үшінші тоқсанында көмір өндіру саласындағы орташа жала­қы 683 400 теңге болған. Яғни сала халықтың сатып алу қабілетін көтеріп отыр. 

Бұған қоса, көмірдің арзан ге­нерация болып отырғанын, елдегі ор­­талықтандырылған жылу элек­тр стансалары қазандықтарын «жа­ғатынын» ескерсек, әзірге ба­ламасы жоқ байлық санауға не­гіз бар. Әйтсе де, көмірге келгенде сарапшылар пікірі екіге жарылады. Дәстүрлі ұстанымдағылар көмірді жалғыз энергетикалық кепіл санайды. Жаңартылатын энергия көздеріне лезде көше салу қиын әрі шығыны мол, сондықтан көмір өнеркәсібін тоқыратпау ке­регін алға тартады. Ал жасыл эко­но­миканы жақтаушылар «кө­мір­тек тұзағы» барын жиі ескертеді. Бұған қоса, ЕО-ның CBAM са­лығы, халықаралық банктердің көмір жобаларына қаржы бермеуі секілді мәселелер жол тосады. Сон­дықтан екінші тарап көмір өнеркәсібін субсидиялауды азайтып, қаржыны біртіндеп жасыл тех­нологияларға бағыттау қажетін ай­тып келеді. Дегенмен екі жақ­тың да өз шындығы барын ескерген абзал. 

«Таза көмірдің» тартуы бар

Есеп-қисапқа жүгінуді аяқ­тап, енді көмірге қатысты мемлекет ұстанып отырған сая­сат­тың өзіне келейік. Энергетика ми­нистрлігі бұған дейін елдегі кө­мір қоры 300 жылға жететінін мә­лімдеді. Яғни көмірдің ел өмі­рін­дегі рөлі әлі әлсірей қоймайды. Сондықтан көмірдің келешегіне қатысты жоспар құрған жөн.

Еліміз бұл қадамды жасап та үлгерді. Президент осыған дейін «таза көмір» технологиясын ұсын­ғанын білеміз. Соның негізінде Үкімет 2030 жылға дейінгі «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы әзірледі. Энергетика ми­нистрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі 30%-ға өсіп, шамамен 150 млрд кВт-са­ғатты құрауы мүмкін. Қазір елде өн­дірілетін электр энергиясының қуаты – 123 млрд киловатт-сағат. Сон­дықтан Президент V Ұлттық құрылтай отырысында көмір генерациясын дамытудың ұлттық жоспарын дайындауды тапсырған еді.

Президент тапсырмасынан кейін 2026-2030 жылдарға арнал­ған көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба бекітілгенін айттық. Жобаның бастапқы құны 8 трлн теңгеден асады деп бағала­нып отыр. Оның аясында 2030 жылға дейін 7,8 ГВт жаңа энергия көздерін іске қосу жоспарланған, оның ішінде 8 жаңа электр стансасын салу және жұмыс істеп тұрған 11 стансаны жаңғырту бас­та­масы бар.

Рас, жер беті түтінге тұншық­қан заманда Қазақстанның кө­мір­ден энергия алуға ұмтылуы ақылға сый­майтын нәрседей көрінетін шы­ғар. Алайда атүсті олай ойлауға бол­майды. Оңтайлы жол – «таза кө­мір» технологиясы. Бұл жүйе жылу электр орталықтарынан шы­ғатын түтін газдарын көпсаты­лы тазартудан өткізеді. Қарапайым тілмен айтсақ, стансада көмір барынша тиімді әрі экологиялық талапқа сай жағылуы шарт, кейін мұржа арқылы сыртқа шығатын зиян­ды заттар сүзіп алынады. Де­генмен қазір энергетика саласында қолданылып жүрген «таза кө­мір» ұғымы жалпылама сипатта. Оның нақты үлгісі немесе бел­гі­ленген талабы жоқ. Дамыған елдер көмірді жағу технологиясы мен сүзгінің өзіндік моделін әзір­леп, көмір қолданылатын ЖЭС-терде пайдаланып жүр.

Ал біздегі жағдай мүлде бас­қаша. Көп ЖЭО-ның салын­ғаны­на жарты ғасырға жуықтады әрі инфрақұрылым модернизацияны кө­термеуі мүмкін. Сондықтан «та­за көмірге» қатысты бар үміт жаңа ны­сандарға жүктелген. Ескілері күр­делі жөндеуден өткізіледі. Ха­лықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басқарма төраға­сы­ның орынбасары Бауыржан Абе­новтің айтуынша, «таза көмір» тех­нологиясы негізі 6 кезеңнен тұрады.

– «Таза көмір» техноло­гия­ла­ры­ның негізгі мақсаты – көмірмен жұ­мыс істейтін электр станса­ла­ры­ның пайдалы әсер коэф­фи­циен­тін 35 пайыздан арттыру жә­не маркерлік ластағыш заттар шы­ғарындыларын азайту. Осы мақсатта қолданылатын технологияны бірнеше сатыға бөлуге болады: көмір өндіру, алдын ала дайын­дау және байыту, жоғары тиім­ді жағу, газдандыру, түтін газ­дарын терең тазарту, көміртекті ұс­тау, пайдалану және сақтау, өн­діріс қалдықтарын кәдеге жарату, – деп қысқа түсіндірді маман.

Сонымен, Үкімет ұсынған 2026-2030 жылдарға ар­нал­ған көмір генерациясын да­мытудың ұлттық жобасында «таза кө­мір» басты бағыт ретінде қарас­тырылып отыр. Жаңа жылу электр стансалары «таза көмір» технологиясы негізінде жасалатыны түсі­нікті, оған қоса қолданыстағы стан­цияларды жаңарту кезінде тың технологияны енгізу көздел­ген. Бұған көмір өндіруші компаниялар да атсалысады екен. Бұның бәрі алдағы 4 жылдың еншісіндегі дүние. Тек Қазақстан осы жоспарды сәтті жүзеге асыра алса, келешекте энергетикалық қауіпсіздік мәселесі толығымен шешілген са­на­лар еді. 

Мадияр ТӨЛЕУ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 08:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see121

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see116

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары