Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Пайымы биік преамбула

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

Таза қала конкурсы басталды

Жастар келешегі сенімде

Жастар келешегі сенімде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әлемдік тәжірибеде жастардың сайлауға қатысуына қатысты жас шектері айтарлық­тай ерекшеленеді. Алайда кейінгі жылдар­дағы негізгі үрдіс – дауыс беру жасын біртін­деп төмендету және сайлауға қатысу құқығы мен сайлану құқығы арасындағы алшақтықты қысқарту. Әлем елдерінің шамамен 90%-ы дауыс беру үшін ең төменгі жасты 18 жас деп белгілеген. Алайда пас­сивті сайлау құқығына, яғни парламентке сайлану құқығына қатысты талаптар әлде­қайда қатаң. Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 22 елінде (оның ішінде Германия, Франция және Ұлыбританияда) төменгі палатаға сайлану құқығы белсенді сайлау құқығымен бір мезгілде 18 жастан бастап беріледі. Әлемде депутаттыққа кандидаттар үшін ең көп таралған жас шегі – 21–25 жас. Қазақ­станда, АҚШ-та, Үндістанда және Италияда парламентке 25 жастан бастап қана сайлануға болады. Ал парламенттердің жоғарғы палаталарына (сенаттарға) және президенттік лауазымдарға кандидаттар үшін дәстүрлі түрде 30-дан 45 жасқа дейінгі қатаң жас шектеулері қолданылады. Бұл талаптар белгілі бір деңгейде жас айырма­шылықтарына қатысты талаптарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Заңнамалық тұрғыдан дауыс беру құқығына ие болғанына қарамастан, әлемдегі 30 жасқа дейінгі жастар парламент депутаттарының жалпы санының шамамен 2,8%-ын ғана құрайды. Осы мәселені шешу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Not Too Young to Run («Сайлауға түсуге тым жас емессің») атты жаһандық науқанды ілгерілетіп, мемлекеттерді белсенді әрі бастамашыл жастардың саяси үдеріске қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды төмендетуге шақыруда.

Қазіргі зерттеулер жастардың саяси мінез-құлқында дәстүрлі дауыс беру нысандарының жаңа саяси қатысу тетік­теріне біртіндеп орын беріп келе жат­қанын көрсетеді. Халықаралық инсти­туттар парламенттік сайлаулардағы 18–29 жас аралығындағы сайлаушылардың элек­торалдық белсенділігіне қатысты бір­неше негізгі жаһандық үрдісті атап көрсетеді. Олардың қатарында партиялық лоялдықтың төмендеуі бар. Атап айтқанда, жас сайлаушылар белгілі бір саяси партия­мен өзін сирек сәйкестендіреді байла­ныстырады және дауыс беру туралы шешімді көбіне сайлау қарсаңында қабылдайды.

Келесі үрдіс – тақырыптық дауыс беру. Бұл жағдайда жастар партиялардың сайлауалды бағдарламаларын тұтастай қолдаудан гөрі, климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық, әлеуметтік әділеттілік және басқа да өзекті мәселелер төңірегінде топтасады.

Үшінші үрдіс – институционалдық ал­шақтық. Әлемдегі 20–44 жас аралығын­дағы азаматтар сайлаушылардың 57%-ын құрағанымен, парламенттердегі орындардың небәрі 26%-ын иеленеді. Мұндай сәйкес­сіздік жастардың сайлау учаскелеріне барып, электоралдық процеске қатысуға деген ынтасын төмендетеді.

Соңғы маңызды үрдіс – саяси қатысу нысан­дарының өзгеруі. Дәстүрлі сайлаулар­дағы жастардың сайлауға қатысу деңгейінің төмендеуі олардың бейресми азаматтық белсенділігінің артуымен қатар жүруде. Оның ішінде онлайн-белсенділік, пети­цияларға қол қою, еріктілік қызмет және басқа да азаматтық бастамалар кеңінен таралуда.

18–25 жас аралығындағы сайлаушы­лардың әлем бойынша орташа сайлауға қатысу деңгейі 40–50% аралығында бол­ғанымен, жекелеген мемлекеттер жастар арасындағы электоралдық апатияны еңсеруде айтарлықтай нәтижелер көрсетіп отыр. Жастардың сайлауға қатысуының ең жоғары көрсеткіштері міндетті дауыс беру жүйесі енгізілген, сайлау жасы төмен­детілген (16 жастан бастап) және мемле­кеттік инсти­туттарға деген қоғамдық сенім деңгейі жоғары елдерде байқалады. Жас­тардың сайлауға қатысу деңгейі бойынша Бельгия, Аустралия, Аустрия, Швеция, Дания, Норвегия және Мальта алдыңғы қатарда.

Бельгия мен Аустралияда міндетті дауыс беру заңнамалық тұрғыдан бекітілген. Дауыс беруге дәлелді себепсіз келмеген жағдайда айыппұл қарастырылғандықтан, жастар электоралдық процестерге аға буын өкілдерімен қатар белсенді қатысады.

Аустрия Еуропалық Одақ аумағында сайлау жасын алғашқылардың бірі болып 16 жасқа дейін төмендетті. Зерттеулер көрсеткендей, 16–17 жастағы аустриялық жастар 18–20 жастағы азаматтарға қарағанда сайлауға белсендірек қатысады. Мұның бір себебі – олардың өміріндегі алғашқы сайлау науқаны мектептегі білім алу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Ал мектептерде азаматтық білім беру мәдениетінің жоғары деңгейде қалыптасуы жастардың саяси сауаттылығы мен азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

Солтүстік Еуропа елдері ерікті дауыс беру жүйесі жағдайындағы жастардың сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бұл жетістікке жастардың бейресми саяси қатысу инфрақұрылымының жақсы дамуы ықпал етеді. Оған мектеп парламенттері, саяси партиялардың жастар қанаттары және жастарға бағытталған басқа да қоғамдық-саяси институттар жатады.

Мальта жас азаматтарды электоралдық процеске тартуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді. Бұған цифрлық платфор­малардың сайлауалды науқандарға тиімді интеграциялануы ықпал етуде. Жалпы алғанда, электрондық дауыс беруді енгізу, сондай-ақ TikTok және Instagram сияқты әлеуметтік желілердегі белсенді ақпараттық-саяси науқандарды жүргізу жастарды сайлау процесіне тартудың тиімді құралдары екенін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми деректеріне сәйкес, 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 12 605 788-і сайлаушылар тізіміне енгізілген. Сайлаушылар саны ең көп өңірлер: Алматы қаласы – 1 329 221 адам; Түркістан облысы – 1 204 659 адам; Алматы облысы – 1 042 987 адам; Астана қаласы – 1 014 817 адам.

Сайлаушылар саны ең аз өңірлер: Ұлытау облысы – 138 362 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 365 161 адам; Абай облысы – 402 408 адам.

2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша 18–35 жас аралығындағы жас­тардың үлесі Қазақстандағы жалпы электораттың шамамен 30%-ын құрайды. Абсолюттік көрсеткішпен бұл шамамен 3,78 миллион азаматқа тең. Аталған жас тобы алдағы 2026 жылғы 23 тамызда өте­тін Құрылтай депутаттарының сайлау­ында саны жағынан ең ірі әрі элек­торал­дық тұрғыдан маңызды топтар­дың бірі болып табылады.

Оңтүстік (Түркістан облысы) және батыс (Батыс Қазақстан облысы) өңір­лерінде дауыс берушілер арасындағы жастардың үлесі дәстүрлі түрде респуб­ли­калық орташа көрсеткіштен жоғары және бұл фактор сайлаушылардың жалпы қатысу деңгейіне айтарлықтай ықпал етеді. Ағымдағы сайлау циклінде кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқы­ғына ие болған жастардың саны 137 мың адамнан асады.

Сайлауға қатысуға жіберілген 7 саяси партияның барлығы әйелдерге, мүгедектігі бар адамдарға және жастарға арналған 30%-дық квота бойынша заңнама талап­тарын орындады. Партиялық тізімдер бойынша 145 мандатқа 35 жасқа толмаған 74 кандидат тіркелді.

Республика бойынша жастарға құқықтық ақпарат беру және олардың электоралдық мәдениетін арттыру мақса­тында 248 жас сайлаушылар клубынан тұратын желі жұмыс істейді.

Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер жастардың азаматтық сана-сезімі мен электоралдық белсенділігінің тұрақты түрде артып келе жатқанын көр­сетеді. Елдің жетекші зерттеу инсти­тутта-ры – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ), Қазақстан­дық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ), Еуразиялық интеграция институты және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жас азаматтардың саяси ұстанымдарына тұрақты мониторинг жүргізіп келеді.

Зерттеу нәтижелері жастардың сайлауға қатысуға деген әлеуетті дайындығының жоғары деңгейін, әлеуметтік оптимизмнің артуын, азаматтық борышты сайлауға қатысудың негізгі уәждерінің бірі ретінде қабылдауды және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына деген сұранысты көрсетеді.

Мониторингтік сауалнамалар жастар­дың негізгі электоралдық науқандарға қатысуға дайындығы өңірге және саяси іс-шараның ауқымына қарай 69,4%-дан 82,2%-ға дейінгі деңгейде екенін көрсетеді. Сауалнамаға қатысқан жастардың шамамен 91,4%-ы Мемлекет басшысына сенім білдіреді, ал 89,3%-ы мемлекеттің даму бағыты дұрыс деп есептейді. Бұл көрсет­кіштер жастардың электоралдық белсен­ділігіне тікелей ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады.

Респонденттердің 71%-дан астамы азаматтық борышын орындауды, ал 69,6%-ы жүргізіліп жатқан саяси реформа­лардың маңыздылығын сайлау учаскелеріне барудың негізгі себептері ретінде атаған.

Жас азаматтардың 79%-ға дейіні мем­лекеттік институттардың халықтың сұра­ныстарына жауап беру деңгейі жақсарған деп санайды. Бұл өз кезегінде олардың өз дауысының маңыздылығына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

Әрбір жаңа сайлау науқанымен қазақ­стандық жастар дауыс беруге барған сайын белсендірек қатысып келеді. Еура­зиялық интеграция институтының деректеріне сәйкес, респонденттердің мәліметі бойын­ша, 2023 жылғы парламенттік сайлауға жастардың 53,4%-ы, 2024 жылғы респуб­ликалық референдумға 63,4%-ы, ал 2026 жылғы республикалық референдумға 75,3%-ы қатысқан.

Респонденттер сайлауға қатысудың негізгі себептері ретінде азаматтық борышын өтеуді – 71%, сондай-ақ жүргі­зіліп жатқан саяси реформалардың маңыз­­дылығын 69,6% атаған. Сонымен қатар дауыс беруді ажырамас демокра­тиялық құқық ретінде қабылдау – 31,4%, ал сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін жасқа толу 18% көрсеткішті құраған. Көрсеткіш­тердің жиынтық мәні 100%-дан жоғары, өйткені респонденттер жауап­тың бірнеше нұсқасын таңдауға мүмкіндік алған.

«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне деген сенім деңгейі тұрақты түрде жоғары болып, 85,7%-ды құрайды.

Президентке деген ең жоғары сенім 18–29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелген. Осы жас тобындағы респон­денттердің 90,1%-ы Президентке сенім білдіретінін («иә» және «скорее иә» жауаптарының жиынтығы) көрсеткен. Бұл – сауалнамаға қатысушылардың барлық жас санаттары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Дәл осы факторлар 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына жас азаматтардың қатысуының негізгі уәждеріне айналуы мүмкін.

Зарема ШАУКЕНОВА,

академик, әлеуметтану ғылымдарының

докторы, профессор

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:44
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Тамыз 2026 04:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see126

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see123

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see122

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see122

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see122

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see117

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

18 Тамыз 2026 16:45see116

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see116

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

18 Тамыз 2026 14:23see114

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

18 Тамыз 2026 10:19see114

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see114

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

18 Тамыз 2026 14:08see112

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see112

FT: АҚШ Украина бойынша жаңа келіссөз жүргізушілерден үміт күтеді

18 Тамыз 2026 21:56see110

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

18 Тамыз 2026 09:18see109

АҚШ ХҚС президенті мен прокурорына қарсы санкциялар енгізді

19 Тамыз 2026 08:42see109

Қазақстанда киберқауіпсіздік инциденттеріне ден қоюдың жаңа жоспары бекітілді

19 Тамыз 2026 17:00see108

Ресей мен Украина әскери тұтқын алмасты

19 Тамыз 2026 22:32see108

Recovery scam қалай жұмыс істейді?

18 Тамыз 2026 11:42see108

Таза қала конкурсы басталды

20 Тамыз 2026 03:28see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары