Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

Келешегі күмәнді сода зауыты

Келешегі күмәнді сода зауыты

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Павлодарда кальцийленген сода зауыты салынады дегелі жергілікті жұрттан маза қашқан. Технологиясы сонау 1861 жылғы «Сольве әдісіне» бейімделген жоба жүзеге асса, Ертіс таязданып, қауіпті қалдықтар арта түседі, деп есептейді экологтер.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Ертіске төнген қауіп

Зауыттың алғашқы жобасында көп­теген кемшілік кездесіп, қоғамдық тыңдауларда ол ашық айтылған еді. 2019–2020 жылдары өткен қоғамдық тыңдауларда талқыланғандай, ең әуелі мұнда бір тонна өнім дайындағанда кемінде екі тонна жойылмайтын қалдық шығады. Яғни болашақ кәсіпорын «жасыл» экономиканың ережелеріне бағын­байды. Екіншіден, оған өндірістік және технологиялық мақсатта жыл сайын көп мөлшерде тұщы су жұмсалады. Тіпті ол Павлодар қаласында орналасқан барлық өндіріс орындарының қажеттілігінен екі есе көп. Жоба жүзеге асар болса, Ертіс өзеніндегі су деңгейі едәуір төмендеп, экожүйедегі өсімдік пен жануарлардың қатары сирейді. Ал пайдаланылған су Былқылдақ көліне жіберіліп, ондағы лас суды одан сайын молайта түседі.

Алайда «Мемлекеттік сараптама» РМК Шығыс өңірлік филиалының 2019 жылғы оң қорытындысын желеу еткен «Павлодар-Сода» ЖШС мен облыс билігі бұл жобаны іске асыруға әлі де құлшынып отыр.

Сода зауытын салуға жергілікті билік­тің ынтығып отыруының екінші сыры – 2019–2020 жылдары «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жанында болашақ кәсіпорын үшін 1,6 млрд теңгеге инфрақұрылымдық коммуникациялар салынып үлгерген. Қыруар қаражатқа жасалған инфрақұрылымдар қаңтарылған күйі әлі тұр. Мұның өзі бұл жобаның асығыстықпен ұсынылып, әлі де шикі болып тұрғанын аңғартса керек.

Қоғам белсендісі, облыс орталығындағы экологиялық мәселелердің шешілуіне атсалысып жүрген Юрий Павленко жылына 200 мың тонна кальциленген сода шығаратын зауыттың жобасы қоғамдық тыңдаулардан қалай өтіп кеткеніне таңғалатынын айтады. Себебі ондағы көптеген мәселе әу бастан-ақ Павлодар жұртшылығының көңілінен шықпаған. Ал жергілікті экологтер «Сольве технологиясы» өте ескірген тәсіл екенін айтудай-ақ айтып келген.

– Егер болашақ зауыт «Сольве технологиясын» таңдап, шынымен сонымен жұмыс істейтін болса, онда трансшекаралық әрі халықаралық маңызға ие Ертіс өзеніне үлкен қауіп төнеді. Себебі бір тонна сода алу үшін көп көлемде су қажет болады. Мұның салдарынан өзен бір жылда-ақ таязданып, оның төменгі тұсында отырған елді мекендерде су деңгейі күрт төмендеуі ғажап емес. Ертістің экожүйесіне миллиардтаған шығын кел­тіріліп, жаз айларында су үстімен үлкен кемелер мен баржалардың жүзуіне тыйым салынуы мүмкін. Ал отандық өзен флоттарында тасылатын жүктің 90 пайызы Ертіс бассейніне тиесілі, – дейді қоғам белсендісі.

Өндірістен ағып шығатын қалдық су жоба бойынша Былқылдақ су жинағышына барып құйылады деп жаздық жоғарыда. Ол көлде тонналаған сынап қалдығы жиналғаны мәлім. Ертең Былқылдақ арнасына сыймай тасып, жер үстіндегі су көздеріне, Ертіс өзеніне барып құйылса, нағыз апат сонда болады. Былқылдақ мәселесіне нүкте қоюды Мемлекет басшы­сының өзі көтеріп отырған уақытта оның зардабын одан әрі арттыру кімге тиімді?

Юрий Павленко қоғам өкілдері кейінгі жылдары аймақтың экологиясына шектен тыс жүктеме түсіретін зауыттардың үсті-үстіне салынып жатқанына да алаңдайтынын жеткізді. Екібастұзда металлургия саласында үш бірдей зауыт, облыс орталығында алкилат және алтын өндірістері ұйымдастырылып жатыр. Мұның барлығы онсыз да түтін мен шаң-тозаңнан көз ашпай отырған өңір жұртының өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп. Қазірдің өзінде жыл сайын зауыт-фабрикалардан шығатын зиянды қалдықтардың көлемі әр облыс халқына шаққанда бір тоннадан келеді. 

Елдің пікірі ескеріле ме?

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға мүдделі «Павлодар-Сода» ЖШС «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының қатысу­шысы емес. Жобаны іргелес аумақта жүзеге асыру көзделген.

– Экономикалық аймаққа көршілес аумақта келешек сода зауыты үшін бюджет есебінен жалпы құны 1,6 млрд теңгеге инфрақұрылымдық коммуникациялар жүргізілгені рас. Қазір ТЭН-нің қолданылу мерзімінің аяқталуы мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, жабдықтар сатып алу бойынша құнын қайта қарау қажеттілігіне байланысты түзету енгізіліп жатыр. Одан соң мемлекеттік сараптаманың қорытын­дысын алу, сондай-ақ жобаны әзірлеу, сода зауытының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу қажет, – дейді ол.

Сода зауытының аталған желілерге 2026 жылдың соңына дейін қосылуға мүмкіндігі бар. Егер ол сол уақытқа дейін іске аспаса, инфрақұрылымдар толығымен өзге кәсіпорындарға (жобаларға) беріледі.

Ал өңірлік экология департаментінің мамандары әлгіндей өндірістер ел экономикасы үшін стратегиялық мәнге ие болса, барлық экологиялық аспектілер мен халық қауіпсіздігі ескерілсе, онда келешегі зор жоба болуы мүмкін деп есептейді.

– «Мемлекеттік сараптама» РМК Шығыс филиалының сараптамасында болашақ сода зауытының жылдық техникалық тұщы су тұтынуы нормасы –1 209 600 текше метр деп көрсетілген. Ертіс өзенінің орташа жылдық ағыны шамамен – 95 шаршы километр. Демек жоспарланған су өзендегі жалпы орташа жылдық ағынның 0,1%-нан азырақ көлемді құрайды. Бұл аса көп көлем емес. Алайда Ертіс – трансшекаралық су нысаны болғандықтан, суды алу көлем­дері шектелуге тиіс және ғылыми негізделуі қажет, – деп ой түйеді экология депар­таментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков.

Экологиялық кодекстің 95-бабы талаптарына сүйенсек, мемлекеттік экологиялық сараптама жариялылығы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша шешім қа­былдау қоғамдық тыңдаулар өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Мүдделі қоғамға мем­лекеттік экологиялық сараптама кезеңінде өз пікірін білдіруге мүмкін­дік беріледі. Қоғам өкілдері мемле­кеттік эко­логиялық сараптаманың қорытын­дысын ел заңнамасына сәйкес даулауға құқылы.

– Жоба қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімінен өтіп, экологиялық рұқсат алуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілмей жоба жүзеге асырылмайды. Бұған дейінгі қоғамдық тыңдауларда Ертіс өзенінің суын көп пайдалану және «Сольве әдісін» қолданған кезде көп мөлшерде жойылмайтын қалдықтардың пайда болуы туралы бірқатар сыни ескертпелер болған. Олардың барлығы алдағы түзетулерде ескеріледі деген сенімдеміз, – дейді департамент басшысы. 

Өңір экологиясына жүктеме артады

Павлодар облысы – техникалық-өн­дірістік тұрғыдан еліміз бойынша ең жүктемесі мол өнеркәсіптік өңірдің бірі. Орта және шағын кәсіп­орындарды қоспағанда, облыс аумағын­да республикалық деңгейдегі ірі 50 кәсіпорынның қатарына кіретін 10 өнеркәсіптік зауыт орналасқан.

«Өкінішке қарай, шығарындыларды көлемі экономикалық өсімге тікелей тәуелді. Қиындықтар бар. Нарықтың қосымша электр мен жылу энергия­сына, өнімге қажеттілігін тудыратын өндірістер мен инвестициялық жобалардың іске қосылуы эмиссия көлеміне әсер етеді. Кейінгі жылдары өндірістік даму қарқыны әсерінен эмиссияларды қысқарту тежеліп келді. Себебі мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Дей тұрғанмен, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде эмиссиялардың өсуі 15-20% және одан да жоғары шекті деңгейден аспай ұсталып келеді», дейді Экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбеков.

Таразылайтын тағы бір мәселе – кальцийленген сода зауытының отандық нарыққа қажеттілігін тыңғылықты зерделеу. «Павлодар-Сода» өкілдері болашақта алынатын өнім «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның қажеттілігіне жұмсалады деп отыр. Алайда алдағы уақытта Жамбыл облысында 500 мың тонна сода шығаратын жаңа зауыт ашылады деп жоспарланған. Деректерге сүйенсек, еліміз бір жылда шамамен 400 мың тоннадай кальциленген сода тұтынады. Оның жартысына жуығы, яғни 192,8 мың тоннасы павлодарлық алюминий зауытына тиесілі. Жамбылдық зауыт келешекте ішкі сұранысты өтеп қана қоймай, өз өнімін ТМД мен Қытай елдеріне экспорттауға бел буып отыр. Ендеше, Павлодарда 200 мың тонналық кәсіпорынды ашудың қандай қажеттілігі бар?

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Астанада бір жылда теміржол аумағында 77 адам зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 14:55

Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды

Әлем • Бүгін, 14:54

Елімізде тарифтік жүк айналымы 10%-ға артты

Президент • Бүгін, 14:50

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аймақтар • Бүгін, 14:41

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады

Аймақтар • Бүгін, 14:32

«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды

Бизнес • Бүгін, 14:25

Талғат Ғазизов «Kazakh Tourism» төрағасы болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 13:28

Қазақстан КТК ахуалына байланысты мұнай тасымалдау маршрутын өзгертетін болды

Экономика • Бүгін, 13:00

Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды

Оқиға • Бүгін, 12:55

Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді

Экономика • Бүгін, 12:48

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:30

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азаматқа сот үкімі шықты

Заң • Бүгін, 12:23

Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады

Өшпес даңқ • Бүгін, 12:20

«Қайрат» Лондонда «Арсеналмен» кездеседі: Билет бағасы қанша тұрады?

Футбол • Бүгін, 12:13

Қазақтың көкпары VI Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ресми бағдарламасына енгізілді

Спорт • Бүгін, 12:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 15:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

LRT ға екі аптада 1 миллион жолаушы мінген

31 Мамыр 2026 13:16see113

Тоқаев қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

31 Мамыр 2026 10:39see112

ПСЖ Чемпиондар лигасын қатарынан екінші жыл жеңіп алды

31 Мамыр 2026 13:03see111

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті робот иттер күзетеді

31 Мамыр 2026 16:50see110

Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр Тоқаев

01 Маусым 2026 09:24see110

Халықаралық автожолдың Жамбыл облысындағы екі учаскесінде жылдамдық шегі өзгерді

31 Мамыр 2026 20:13see109

Абитуриенттерді смарт көзілдірік үшін ҰБТ дан шеттетті

01 Маусым 2026 15:28see108

Украиналық дрон ЗАЭС тің ғимаратына соғылды

31 Мамыр 2026 12:20see108

Трамп жаңа мәлімдеме жасады: Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

31 Мамыр 2026 11:28see107

БЖЗҚ да 45 миллиард теңгені ұмытып кеткен ақшаны кім ала алады?

01 Маусым 2026 11:51see107

Израиль Бейрутқа жасалатын соққыларды күшейткісі келеді және АҚШ тың шешімін күтіп отыр БАҚ

01 Маусым 2026 08:44see106

Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады

01 Маусым 2026 18:00see105

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

31 Мамыр 2026 21:04see105

Түркістанда қарбыз пісіп, алғашқы партия экспортқа шығарылды

01 Маусым 2026 09:34see104

40 градус ыстық: жаздың алғашқы күнінде қай өңірлерде ескерту жасалды

31 Мамыр 2026 16:00see104

Президент үндеуі: Қуғын сүргін құрбандарын ұмытпау ұрпақ алдындағы жауапкершілік

31 Мамыр 2026 10:45see103

Қазақстанның ақылы жолдарында мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасаудың 2 000 ға жуық жағдайы анықталды

01 Маусым 2026 13:11see102

Астанада ЕАЭО аясында аккредиттеу жүйесін дамыту мәселесі талқыланды

01 Маусым 2026 11:53see102

Зеленский Еуроодақпен несие бойынша келісім туралы заң жобасына қол қойды

30 Мамыр 2026 23:25see102

Алматы облысында 29 жастағы ер адамның денесі табылды әріптестері күдікке ілінді

31 Мамыр 2026 19:33see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары