Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Импортқа тәуелділікті азайту: Қазақстанда азық түлік саласын қолдау бойынша жұмыс тобы құрылды

Импортқа тәуелділікті азайту: Қазақстанда азық түлік саласын қолдау бойынша жұмыс тобы құрылды

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жұмыс тобының басым міндеттерінің қатарына нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу, халықаралық бәсекелестікті күшейту және ішкі қолдау шараларын енгізу жағдайында теңгерімді шешімдер әзірлеу, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді отандық сауда кәсіпорындары арқылы өткізу барысында туындап отырған жүйелі мәселелерді жою кіреді.

Жұмыс тобына Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әшімбетов жетекшілік етеді. Қазіргі уақытта бұл топ азық-түлік саласындағы салалық одақтар ұсынған ұсыныстарды талдап, пысықтау жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Аталған жұмыстар заңнаманы, нормативтік-құқықтық актілерді және өзге де реттеуші құжаттарды жетілдіруге мүмкіндік береді.

— Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында қазақстандық азық-түлік нарығында импорттың шамадан тыс басым болуын сынға алды. Сонымен қатар ол депутаттарды отандық өндірушілерді қорғайтын заңдарды әзірлеу ісіне белсендірек кірісуге шақырды. Ел басшылығы отандық өндірісті дамыту және азық-түлік импортына тәуелділікті азайту міндетін қойып отыр. Осыған байланысты біз салалық одақтар мен тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен ішкі азық-түлік нарығын қорғау және қазақстандық өндірушілерді қолдауға бағытталған шараларды әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды бастадық. Салалық одақтар елімізде өнім импортының артуы, отандық тауарлардың сауда желілерінен ығыстырылуы, сондай-ақ шекарадағы бақылаудың әлсіздігі мәселелерін көптен бері көтеріп келеді. Соның салдарынан нарыққа сапасы төмен, белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімдер келіп жатыр. Осы түйткілді мәселелердің шешімін біз жаңа жұмыс тобы аясында мемлекеттік органдармен бірлесе талқылауды жалғастырып келеміз. Ішкі азық-түлік нарығын қорғау үшін және отандық өндірушілерге нақты қолдау көрсету мақсатында стратегиялық шешімдер қабылдайтын уақыт жетті, — деді Нұржан Әшімбетов.

Бұл ретте көңіл аударарлық бірқатар мәселе анықталды. Мәселен, қазіргі таңда ірі сауда желілері үшін импорттық тауарды сату тиімдірек болып отыр. Оған бірнеше себеп бар. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында отандық өнімге басымдық беретін ішкі заңнамалық тетіктермен қатар, өндіріс пен өнімді өткізуге жұмсалатын шығындарды өтеу мен азайтуға бағытталған экономикалық және салықтық қолдау шаралары қарастырылған. Мысалы, Ресей үкіметі өз өндірушілерінің өнімін сату орындарына дейін тасымалдау шығындарын өтейді. Осы себептердің барлығы импорттық өнімнің бастапқы өзіндік құнының қазақстандық өнімге қарағанда төмен болуына әкеліп отыр.

Жұмыс тобы талқылап отырған тағы бір мәселе — қазақстандық азық-түлік өндірушілерінің дамуына кедергі келтіріп отырған ретробонус жүйесі. Қолданыстағы «Сауда қызметін реттеу туралы» заңда сауда желілерінің азық-түлік тауарлары бойынша алатын «сыйақысы» 5% шектелетіні көрсетілген.

Алайда іс жүзінде заңнамадағы олқылықтардың салдарынан сауда желілері өндірушілерден рұқсат етілген 5% ғана емес, сонымен қатар түрлі жалған әрі қажетсіз қосымша қызметтер үшін 40% дейін төлемді көздейтін тиімсіз келісімшарттарды мәжбүрлеп ұсынуды жалғастырып келеді. Бұл қызметтер үшін ақы тауардың босату бағасынан ұсталады, нәтижесінде өндірушілер сауда желілері арқылы сатылған өнімнен елеулі қаржылық табыстан қағылып отыр.

Салалық одақтар атап өткендей, әрбір өңірде өз сауда монополиясы қалыптасқан. Бір-екі ірі сауда желісі ғана жұмыс істейді, ал олардың басқа бәсекелесі жоқ. Мұндай жағдай жергілікті жеткізушілердің жағдайын одан әрі қиындатады, себебі олар өнімін өткізуге баламалы арналарды пайдалана алмайды. Өйткенң сауда желілері жергілікті өндірушілерге өз шарттарын қоятын мүмкіндікке ие болады.

— Ел басшылығы экономиканы дамыту бойынша үлкен мақсаттар қойып отыр. Алайда іс жүзінде отандық өндірушілер үшін кешенді қиындықтар туындап отыр. Сауда желілері үшін импорттық тауарларды сату тиімдірек, себебі олардан жоғары пайда түседі. Бұл отандық өндірушілер үшін қолайсыз жағдай туғызады, әсіресе Қазақстан ЕАЭО мен ДСҰ арасында халықаралық міндеттемелермен байланысқандықтан, отандық азық-түлік өндірушілерін қорғау мүмкіндіктері шектелген. Біз отандық өндірушілерге сауда сөрелерінің кемінде 60%-ын заңнамалық түрде бекітуді ұсынамыз немесе ЕАЭО серіктестерінің енгізген шектеулеріне айна-қатесіз жауап шараларын қолдану қажет. Мысалы, ашық деректерге сәйкес, Беларусь Республикасының Сауда министрлігінің бұйрығымен Белорусь сауда кәсіпорындары өз өндірушілері үшін сөрелердің 85%-ын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай шаралар тиімді екенін көрсеткен — белорусь сүт өнімдері дамып, ішкі нарықты толтырып қана қоймай, Ресейге, Қазақстанға және басқа елдерге экспортқа белсенді шығуға мүмкіндік алды, — деді Қазақстан сүт одағының басшысы Владимир Кожевников.

Сонымен қатар, Қазақстан шекарасы арқылы кейбір азық-түлік өнімдері әлі де күмәнді жолдармен және қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, заңнамалық нормаларды бұзатын жолдармен тасымалданып отыр. Салалық одақтардың бағалауынша, осындай бақылаусыз импорт кейбір өнім топтарында еліміздің нарығының 40%-ын құрайды.

— Соңғы уақытта Ресей кеденінде «сұр» импорт мәселесі қайта өршіп отыр. Тексеру барысында азық-түліктердің толық құжатсыз кесіп өтілгені және осыған байланысты азық-түлік жүк көліктерінің жаппай кідірісі анықталды. Сол сияқты, Ресейден Қазақстанға қарай кері бағытта да жеткізудің заң бұзушылық жағдайлары байқалады. Алайда Қазақстандық ведомстволар тарапынан тиісті бақылау шаралары жоқ. Нәтижесінде екіжақты саудада теңсіз жағдай туындайды: ресейлік тарап тез әрекет етіп, тексеруді күшейтсе, Қазақстан шекарасы әлі де осы тұста қалып отыр. Біз заңнамалық ұсыныстарымызға мемлекет тарапынан қолдау күтудеміз. Тек бірлескен күш-жігер арқылы отандық өндірісті дамытуға бағытталған тиімді және ойластырылған мемлекеттік қолдау жүйесін құруға болады, — деп атап өтті Салалық одақтар альянсы.

Айта кетейік, Иранмен еркін сауда жүргізуге мүмкіндік беретін келісім-шарт арқасында біздің экспорт көлемі шамамен 40 пайызға артқаны жайлы жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 03:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары