Интернет жұмыс істемей ме? : операторлар Алматы тұрғындарының шағымдарына жауап берді
Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматы тұрғындары мобильді және үй интернетінің жұмысындағы ақауға шағымданып жатыр. Олардың айтуынша, байланыс үзіліп, интернетке қосылу қиындаған. Алайда Tengrinews.kz редакциясы пікір білдіруді сұраған байланыс операторлары ешқандай техникалық ақау тіркелмегенін мәлімдеді.
Тұрғындардың шағымы
1 қарашада кешке және 2 қарашада таңертең Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде интернет нашар екенін жазды.
"Интернетке не болған? Мобильді байланыс та, үйдегі интернет те жұмыс істемей тұр", - деп шағымданды желі қолданушылары.
Скриншоттар: Threads
Операторлар не дейді?Tengrinews.kz редакциясы байланыс операторларына сауал жолдады.
Kcell компаниясы байланыс немесе интернет жұмысына әсер ететіндей оқиға болмағанын хабарлады.
"Абоненттер жолдаған өтініштер әдеттегі тәртіппен қабылданып, қаралды. Өтініштер саны да қалыпты деңгейде болды", - деді компания өкілдері.
Tele2/Altel өкілдері де осыған ұқсас пікір білдірді. Оператордың баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда мобильді интернет жұмысында техникалық ақау тіркелмеген.
"Желі штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп жазылған ресми жауапта.
"Қазақтелеком" АҚ да кейінгі күндері Алматы және Алматы облысындағы компания желілерінде үй интернеті мен мобильді интернет жұмысына әсер ететін апат, зақым, техникалық ақау анықталмағанын мәлімдеді.
Компания мәліметінше, желілік инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал қолдау көрсету арналары арқылы түскен абоненттердің өтініші белгіленген тәртіппен қабылданып, өңделіп жатыр.
Beeline Қазақстан техникалық мамандар Алматының желілік инфрақұрылымына тексеріс жүргізгенін хабарлады. Тексеріс қорытындысы бойынша оператор тарапынан ешқандай техникалық ақаул немесе шектеу анықталған жоқ.
"Барлық сервис пен байланыс арналары штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп мәлімдеді компания өкілдері.
Сонымен қатар, компания байланыс мәселесіне тап болған абоненттерден нақты мекенжайы мен мәселенің егжей-тегжейін хабарлауды сұрады. Бұл мамандарға қосымша тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз: WhatsApp-та маңызды функция пайда болады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:161
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 12:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















