Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Іс бар, күдікті жоқ: Бөкейхан ауылындағы мектеп төңірегінде не болып жатыр

Іс бар, күдікті жоқ: Бөкейхан ауылындағы мектеп төңірегінде не болып жатыр

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектеп / Яндекс.Карталар

Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп төңірегіндегі жағдай одан сайын күрделене түсті. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанымен, күдіктілер анықталмаған.

Ал ауыл тұрғындары қарсы шыққан бұрынғы директор бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«АЖ» Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылы тұрғындарының Фариза Оңғарсынова атындағы мектеп директорының қызметке қайта оралуына қарсы шыққаны туралы материал жариялаған еді. Онда мектептің бұрынғы директоры Шынар Исатаевадан да пікір алынған, бірақ қосымша сұрақтарға ол жауап бере алмады. Нақтырақ келтірсек, бастапқы сұрақтарға жауап беріп келіп, кейін көлікте келе жатқанын, жанында отбасы барын айтты.

Материал жарияланғаннан кейін Исатаева редакцияға ресми хат жолдап, өз пікірін жариялауды сұрады.

Исатаеваның мәлімдеуінше, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 және 3-бөліктері бойынша ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Сонымен қатар, ақша жинау фактісі бойынша да тергеу жүргізілмеген және оған қатысты ешқандай іс жоқ. Ол сондай-ақ өзінің күдікті деген мәртебесі жоқ екенін атап айтты.

Одан бөлек, директор 23 жылдық педагогикалық тәжірибесін, оқушылардың республикалық, облыстық және аудандық олимпиадалардағы жеңістерін мысал ретінде келтірді. Ол сот шешімдерін заңды тәртіппен талқылағанын, барлық келіспеушіліктер тек құқықтық алаңда шешілуі керектігін атап өтті.

18 наурызда ол қайта байланысқа шығып, құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу комитетінің департаментіне сұрау жолдағанын хабарлады. Алынған жауапта 2026 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша оның күдікті ретінде танылғаны жөнінде мәліметтердің жоқ екені көрсетілген.

Ал Құрманғазы ауданы прокуратурасы қылмыстық істің бар екенін растады.

Прокуратура деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 27 қазанда мектепте жүргізілген тексерістен кейін ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі — алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Алайда 2025 жылғы 15 желтоқсанда тергеу тоқтатылған.

Соған қарамастан, қадағалау органы бұл істің тоқтатылуы немесе жабылуы дегенді білдірмейтінін нақтылады. Қазіргі уақытта материалдар бойынша тексеріс жалғасуда, оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша күдікті жоқ. Сондай-ақ Исатаеваға қатысты қандай да бір процессуалдық мәртебе берілмегені және оның күдікті ретінде танылмағаны расталды.

Прокуратураның мәліметінше, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бөкейхан ауылының тұрғындары Исатаеваны мектеп директоры қызметіне қайта тағайындауға қарсы наразылық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Ауыл тұрғындарының бірі полиция қауіпсіздік шараларын күшейтіп, митинг өткізу туралы хабарламаға қол қойғандарға ескерту жасағанын айтты.

Нәтижесінде 13 наурызда акция өтпеді. Полиция департаментінде тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілгені айтылды.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 11:46

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 15:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары